Баспасөз мәлімдемесі

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының (бұдан әрі – Назарбаев Университеті, Университет) қауымдастығы соңғы уақытта шындыққа сәйкес келмейтін, Университеттің беделіне нұқсан келтіретін және оның жеке қызметкерлерінің ар-намысы мен абыройын түсіретін жалған ақпарат тарату жағдайларының көбейгенін байқады. “Facebook” әлеуметтік желісіндегі “Krivosheev.

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының (бұдан әрі – Назарбаев Университеті, Университет) қауымдастығы соңғы уақытта шындыққа сәйкес келмейтін, Университеттің беделіне нұқсан келтіретін және оның жеке қызметкерлерінің ар-намысы мен абыройын түсіретін жалған ақпарат тарату жағдайларының көбейгенін байқады.

“Facebook” әлеуметтік желісіндегі “Krivosheev.Live” және “Denis Krivosheyev” аккаунттарында және “Krivosheev.Live” “Telegram” арнасында, “TikTok” әлеуметтік желісіндегі “Qazaqos”, “Democrator” никтары арқылы тараған Назарбаев Университетінің қызметкерлері арасындағы кәсіби қарым-қатынастан тыс байланыстары туралы, шетелдік жылжымайтын мүлік сатып алу және иелену туралы, сонымен қатар, Университетті жосықсыз басқару жөніндегі ақпаратты теріске шығарады. Бұл мәлімдемелерді объективті дәлелдермен жоққа шығару қиын емес.

Назарбаев Университеті жалған ақпараттың таралуына қарсы күрес шараларын қолға алып жатқанын хабарлайды. Назарбаев Университетінің басшылығы аталған істерге құқықтық баға беру үшін Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жүгінді.

Осыған байланысты, БАҚ өкілдері мен блогерлерді адамдардың жеке өміріне құрметпен қарауға, Университет қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қорлаудан бас тартуға шақырамыз.

Жоғарыда аталған басылымдарда аталмыш қызметкердің мінез-құлқына қатысты сынға келетін болсақ, Университетте кәсіби этиканы бұзу туралы шағымдарға әрекет етудің тиімді жүйесі бар. Қызметкердің мінез-құлқына байланысты жазбаша шағымдар әзірге Университеттің адами капиталды дамыту департаментіне түскен жоқ.

Назарбаев Университеті алдағы уақытта да өзінің беделін қасақана жалған ақпараттан қорғауға дайын екенін хабарлайды. Университет жалған және жала жабуды қамтитын ақпаратты тарататын ұйымдар мен жеке тұлғалардың кез келген әрекеттерін сот арқылы даулауға мүдделі. Сондықтан БАҚ өкілдері мен жеке тұлғаларды тексерілмеген, арандатушылық ақпаратты жариялаудан және таратудан бас тартуға шақырамыз.

Университет басшылығы БАҚ өкілдерімен сындарлы диалогқа ашық және солай болып қала береді. Басшылық кәсіби журналистерге алғысын білдіріп, Назарбаев Университетінің қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға дайын.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53