NU түлектері ҚР Президенттік жастар кадр резервіне іріктелді

NU өзінің 8 түлегі мен студентінің 2023 жылғы Президенттік жастар кадр резервіне енгізілгенін мақтанышпен хабарлайды. Кадрлық резерв Президенттің мемлекеттік басқару жүйесіне дарынды жастарды тарту және әртүрлі салалардағы жаңа менеджерлер командасын құру жөніндегі бастамасы болып саналады.

NU өзінің 8 түлегі мен студентінің 2023 жылғы Президенттік жастар кадр резервіне енгізілгенін мақтанышпен хабарлайды. Кадрлық резерв Президенттің мемлекеттік басқару жүйесіне дарынды жастарды тарту және әртүрлі салалардағы жаңа менеджерлер командасын құру жөніндегі бастамасы болып саналады.

Көп кезеңнен тұратын байқауға қатысу үшін 6 мыңнан астам жас қазақстандық өтінім жолдаған. Жоғары сұраныс жоғары бәсекелестікті тудырды: бір орын үшін 128 адам бақ сынады. Ұлттық комиссия мүшелерімен кездесу кезеңіне тек 100 үздік үміткер өтті. Осы соңғы кезеңнің қорытындысы бойынша резервке әртүрлі салалардан бәсекеге қабілетті 50 жас маман іріктелді. Олардың 8-і NU-да бакалавр немесе магистратураны аяқтады, екеуі қазір докторантурада білім алуда:

Құсманов Әділ, математика ғылымдарының бакалавры (2017 ж.), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығының Басқарма төрағасының орынбасары.

Нұржанов Аслан, саясаттану және халықаралық қатынастар бакалавры (2016 ж.). Қазіргі уақытта Eurasian center for people management орталығында жоба менеджері болып жұмыс істейді.

Сайланбаев Әлібек, қазіргі NU-дың Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің түлегі (2017 ж.), математика ғылымдарының бакалавры. Қазір Wand (The Power of AI Creation) компаниясының Машиналық оқыту инженері.

Ерубаев Жәнібек, NU робототехника және мехатроника бакалавры (2017 ж.), NU Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі (2019 ж.). Қазір ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау ұлттық орталығының Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі жедел орталығының директоры.

Темербаева Айжан, Білім беру көшбасшылығы саласындағы магистратура бағдарламасының түлегі (2015 ж.). Қазіргі уақытта NU Жоғары білім мектебінде докторантурада оқиды.

Шалқаров Нұрсұлтан, мемлекеттік басқару магистрі (2020 ж.), қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ B2O келісім-шарттар мен сату департаментінің директоры болып жұмыс істейді.

Қанат Байкенов, Жоғары білім беру мектебінің Білім беру көшбасшылығы саласындағы магистратура бағдарламасының түлегі (2020 ж.). NU Жоғары білім беру мектебінің докторанты.

Әшірбеков Мейрамбек, NU Жоғары бизнес мектебінің магистратура бағдарламасының студенті.

Резервке мүше болу жас мамандарға мемлекеттік басқару саласында әртүрлі деңгейлерде маңызды үлес қосуға бірегей мүмкіндік беріп, түлектерді маңызды лауазымдарға дайындауда білімнің әлеуетті әсерін көрсетеді. Іріктеуден өткен мамандар алдағы 3 жыл ішінде «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, «Б» корпусының басшылық лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.

Біздің түлектеріміздің Жастар кадр резервіне түсуі NU-дың жоғары білікті кадрларды даярлау және Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларын тиімді дамыту үшін толыққанды инновациялық кластерді құру мақсаттарына тікелей сәйкес келеді.

13 жыл ішінде NU еңбек нарығының әртүрлі салаларына 8 мыңнан астам маманды оқытып, олардың бойына меритократия, академиялық адалдық және ашықтық сияқты альма-матердің негізгі құндылықтарын сіңірді.

2022 жылға арналған студенттердің жұмыспен қамтылу жағдайының талдауы бойынша, жұмысқа орналасқан түлектердің 90%-дан астамы Қазақстанда жұмыс істейтінін Назарбаев университеті мақтан етеді. Университет берік білімі, жоғары кәсіби қасиеттері бар, сонымен қатар жауапкершілікті өз мойнына алудан және Қазақстанның дамуы үшін тиімді шешімдер қабылдаудан қорықпайтын трансформация көшбасшыларын дайындауды жалғастырады.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53