Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова NU министр Медицина мектебі мен «University Medical Center» корпоративтік қоры Қазақстанның басқа медициналық университеттері мен клиникаларына үлгі ретінде танылады деп айтты.
«Отандық денсаулық сақтаудың прогрессивті дамуы тек кең ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу арқылы, медицина қызметкерлерінің — зерттеушілердің, оқытушылар мен практик мамандардың тұрақты кәсіби өсуімен ғана мүмкін. Сондықтан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі NU Медицина мектебі және Университетік медицина орталығымен бірлесіп денсаулық сақтау мамандарының жаңа буынын дайындап жатыр және де саланың клиникалық бағыттарын жетілдіру жұмыстарын жұргізуде. Біздің ынтымақтастығымыз Қазақстанның денсаулық сақтау саласының игілігі үшін жемісін беретініне сенімдімін!» – деді министр.
Салтанатты рәсім барысында 9 академиялық бағдарламаның түлуктері ғылыми дәрежелерге ие болды. Олар «Медицина ғылымдарының докторы», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Молекулярлық медицина», «Фармакология және токсикология», «Спорттық медицина және реабилитация магистрі», «Биомедициналық ғылымдар докторы», « Медицина ғылымдары», сондай-ақ «Мейірбике ісі» бағдарламалары және мейірбике ісі саласындағы бакалавр дәрежесі.
«Бұл салтанатты шара біздің түлектеріміздің адалдығы мен табандылығының айғағы. Біз олардың жетістіктерін мақтан тұтамыз және олардың өз салаларында жетістікке жететініне сенімдіміз», — деді NU Вице-президенті және Медицина мектебінің деканы, доктор Массимо Пиньятелли өз құттықтау сөзінде.
Бір қызығы, биыл биомедициналық ғылымдар докторы бағдарламасының алғашқы және жалғыз түлегі студент Камила Разиева болды. Мектепте бакалавриаттан резидентураға дейін барлығы 22 білім беру бағдарламасы ашылғын. Медицина мектебін қазіргі бітірушілерді қосқанда 630-дан астам адам бітірді. Мектептің маңызды жетістіктердің бірі Еуразиялық жоғары білім мен денсаулық сақтауды аккредиттеу және сапасын қамтамасыз ету орталығының (ECAQA) төрт жылдық медицина докторы бағдарламасының толық аккредитациясы болды. Бұл орталық жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастығының мүшесі және Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясының мойындауына ие болды.







