NU-ға трансфер: Болашағыңа нық қадам жаса!

Өз әлеуетіңді толық ашқың келе ме? Nazarbayev University басқа жоғары оқу орындарынан ауысуға өтінімдер қабылдауды бастады. Бұл — білім деңгейін халықаралық стандартқа көтеріп, зерттеу ортасына қосылудың бірегей мүмкіндігі.

NU-ға ауысудың тиімді тұстары қандай?

  • Әлемдік деңгейдегі мамандардан дәріс алу.
  • Ең заманауи зертханалар мен ресурстар.
  • Еліміздің ең озық жастарымен бір толқында болу.

Қабылдау шарттары:

  • Кімдерге арналған: Отандық немесе шетелдік ЖОО-да кемінде бір семестр оқыған студенттер.
  • Оқу негізі: Тек ақылы негізде.

Талаптар:

  • CGPA: 2.0-ден жоғары (Мектеп шешімімен жеке қарастырылуы мүмкін).
  • Ағылшын тілі: IELTS 6.0 (Writing 6.0) немесе TOEFL.
  • Маңызды ақпарат: Егер алдыңғы оқу орныңда ағылшын тілінде оқысаң, IELTS/TOEFL тапсыру міндетті емес!

Толық ақпарат

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53