Назарбаев Университеті гендерлік сексуалды объектілеуді айыптайды

Бүгін таңертең университет басшылығына студент қыздардың сыртқы келбетін бағалауға шақырып, олардың келісімінсіз фотосуреттерін жариялаған студент жасаған веб-сайттың пайда боғаны белгілі болды. Студенттік істер департаментінің Тәртіпті сақтау және студенттердің мүдделерін қорғау бөлімі мен Студенттік үкімет бірлесіп веб-сайтқа кіруге тыйым салу үшін оны өшіру бойынша шұғыл шаралар қабылдады.

Бүгін таңертең университет басшылығына студент қыздардың сыртқы келбетін бағалауға шақырып, олардың келісімінсіз фотосуреттерін жариялаған студент жасаған веб-сайттың пайда боғаны белгілі болды. Студенттік істер департаментінің Тәртіпті сақтау және студенттердің мүдделерін қорғау бөлімі мен Студенттік үкімет бірлесіп веб-сайтқа кіруге тыйым салу үшін оны өшіру бойынша шұғыл шаралар қабылдады. Сонымен қатар Студенттік істер департаменті тергеуді бастады, оның барысында жауапты тұлғаға қатысты тәртіптік іс қозғалады.

Бұл оқиға бізді IT қауіпсіздігінің бұзылуы туралы ескерткенін атап өткен жөн. Біз сервер қауіпсіздігіндегі кез келген осал тұстарды жою және студенттер деректерінің қауіпсіздігін жақсарту үшін белсенді шаралар қабылдаймыз.

Университет сондай-ақ Студенттік істер департаментіне осы айыпты веб-сайттың бар екенін ескерткен студенттерге шынайы алғысын білдіреді.

Біз Назарбаев Университеті қауымдастығының әрбір мүшесіне адамдарға олардың туа біткен қадір-қасиетінен айырылған тауар ретінде қарау олардың психикалық әл-ауқаты үшін ауыр және ұзақ мерзімді салдары болуы мүмкін екенін еске саламыз. Сонымен қатар, тұлғалардың тікелей келісімінсіз жеке деректерін, оның ішінде аты-жөндерін және фотосуреттерін жариялау «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапкершілікке тартылатын құқық бұзушылық болып табылатынын түсіну қажет.

Назарбаев Университеті гендерлік қысымшылықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік саясатын ұстануда. Әкімшілік NU қоғамдастығында мұндай оқиғалардың алдын алу үшін кешенді шаралар қабылдауда. Университеттің этикалық кодексі мен басқа да қосымша ережелер студенттердің, оқытушылардың және қызметкерлердің өзара сыйластық, әділдік және адалдық таныта отырып, өздерін барынша этикалық адалдықпен ұстауын нақты талап етеді. Көрсетілген принциптерді бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу студенттерге, студенттер ұйымдарына, оқытушылар мен қызметкерлерге тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғады.

Университет әкімшілігі қоғамдастықтың әрбір мүшесін пассивті куәгер болудан аулақ болуға шақырады. Оның орнына сізді куә болған кез келген этикалық емес әрекеттер туралы ашық хабарлауға шақырамыз. Бірігіп, сыйластық мәдениетін ілгерілете отырып, біз Назарбаев Университетінде барлығына қауіпсіз және инклюзивті орта құруды жалғастырамыз.

Ізгі ниетпен,

Университет әкімшілігі

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53