Белгілі биомедицина ғалымы профессор Хак Нг Nazarbayev University-дің вице-президенті және Медицина мектебінің деканы қызметіне тағайындалады.
Профессор Нг National University of Singapore-де бакалавриат дәрежесін алып (NUS), ал University of Edinburgh-да доктор атанды, кейін Harvard Medical School-да постдокторантурадан өтті. Академиялық мансабын NUS университетінде ассистент-профессор ретінде бастап, кейін Сингапурдың жетекші ұлттық ғылыми-зерттеу агенттігі – Agency for Science, Technology and Research-та (A*STAR) ұзақ уақыт жұмыс істеді. Бұл агенттік ғылым мен инновацияларды дамыту арқылы экономикалық даму мен әл-ауқатты жақсартуға жауап береді. A*STAR-дағы қызметін профессор Нг Genome Institute of Singapore-де топ жетекшісі ретінде бастап, ғылыми қызмет және кадрларды дамыту бойынша бас директор орынбасары лауазымына дейін көтерілді. Сондай-ақ ол NUS және Nanyang Technological University университеттерінде адъюнкт-профессор ретінде тіркелген.
Профессор Нг — халықаралық деңгейде мойындалған ғылыми көшбасшы және жоғары деңгейдегі зерттеулермен айналысады. Google Scholar деректері бойынша оның еңбектеріне 48 мыңнан астам рет сілтеме жасалған, ал өзі ірі ұлттық зерттеу бағдарламаларының жүзеге асырылуына жетекшілік еткен.
NU президенті профессор Вакар Ахмад жаңа тағайындау туралы: «Біз университет үшін, әсіресе NU медицина мектебі үшін үлкен амбициялар қойдық. Бұған әлемдік деңгейдегі медициналық мектеп, халықаралық деңгейде танылған оқу ауруханалары, сондай-ақ талантты студенттер, оқытушылар, клиницистер мен қызметкерлер жатады. Профессор Нг қажетті біліктілікке ие әрі өзінің ішкі ынтасы арқылы профессор Массимо Пиньятелли бастап кеткен жолды жалғастырып, NU медицинасын зерттеу, білім беру және интеграцияланған клиникалық тәжірибе салаларында халықаралық деңгейге шығара алады», — деді.
Өз кезегінде профессор Нг: «Мен үшін NU басшылығына қосылу — үлкен мәртебе. Мен оқытушылардың адалдығынан, студенттердің ерекше қабілеттерінен және клиницистердің мықты жауапкершілігінен жақсы әсер алдым. Олар бірге әлемдік деңгейдегі академиялық медициналық орталықтың негізін қалыптастырады. Тығыз ынтымақтастыққа негізделген сапа мен инновация мәдениетін дамыта отырып, біз NU жетістіктерін одан әрі нығайтып, білім, зерттеу және пациенттерге қызмет көрсетуді өңірлік деңгейінде және одан тыс жерде трансформациялаймыз», — деді.
Айта кетейік, биыл сәуір айынан бастап профессор Хак Нг Медицина мектебінің жетекшісі лауазымында он жылдан астам уақыт жұмыс істеген және оның құрылуына бастамашы болған профессор Массимо Пиньятеллиді алмастырады.
Университет қауымы жаңа вице-президент және Медицина мектебінің деканы профессор Хак Нг-ті құттықтап, жаңа қызметінде үлкен жетістіктер тілейді!









