NU ғалымдары Ш. Уәлиханов және Д. Қонаев атындағы мемлекеттік сыйлықтарға ие болды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы «Ғылым саласындағы сыйлықақыларды және мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау туралы» бұйрығына сәйкес, Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің қауымдастырылған профессоры Дина Шәріпова және Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры Жанат Қаппасов ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды.

Дина Шәріпова гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеу — «Қазақстан мен Қырғызстан мысалында Орталық Азиядағы әл-ауқаттың өзгеруі» атты еңбегі үшін Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты атанды. Ал Жанат Қаппасов жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмыс — «Қоршаған ортамен интеллектуалды физикалық өзара әрекеттесуге арналған оқиғалық тактильді робот терісі» зерттеуі үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы сыйлыққа ие болды.

Сонымен қатар дарыны жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия иегерлері атанды: Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің (SEDS) қауымдастырылған профессоры Алмагүл Ментбаева, SEDS постдокторанты Азамат Ешмұхаметов, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің постдокторанты Берікбол Дукеев, NU жанындағы National Laboratory Astana ғалымдары Шолпан Аскарова, Олзат Тоқтарбайұлы, Әлия Мұқанова және Мүнзия Әбутәліп енді.

Ғалымдарымызды марапаттарымен құттықтап, Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз және жаңа серпінді зерттеулер мен ірі ғылыми жетістіктер тілейміз!

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53