University Medical Center-дегі Білім күні

2023 жылдың 1 қыркүйегінде UMC Ана мен бала орталығында оқушылар үшін жаңа оқу жылы атап өтілді. Осы шара аясында UMC Ана мен бала орталығына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ресми сапармен келді.

2023 жылдың 1 қыркүйегінде UMC Ана мен бала орталығында оқушылар үшін жаңа оқу жылы атап өтілді. Осы шара аясында UMC Ана мен бала орталығына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ресми сапармен келді. Мектеп оқушыларын оқу жылының басталуымен құттықтауға сонымен қатар ҚР Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Дудник Вячеслав, Назарбаев Университетінің президентінің м.а. Илесанми Адесида және Медицина жөніндегі вице-президенті – Назарбаев университетінің медицина мектебінің деканы Массимо Пинньятелли келді.

Клиника пациенттеріне айтылған құттықтауында ол «Бүгін үш миллион бала мектепке барды. Дертпен күресіп жүріп, жігері бар, оқуға құштар осындай балалар барын мақтан етемін, барлықтарың да оқу озаты болатындарыңа, өз мектептеріңе қайта оралатындарыңа сенімдімін. Сендермен алдағы уақытта кездескен кезде, әрқайсысың жеңімпаз екендеріңді білетін боламын. Барлық салада да жеңімпазсыңдар!» деді.

Қазіргі уақытта Орталықта көптеген балалар стационарлық ем қабылдап жатыр, солардың арасында онкогематологиялық ауруға шалдыққан науқастар, диализдік ем қабылдайтын және ағза трансплантациясынан кейінгі балалар бар. Қазақстанда онкологиялық ауруларға шалдыққан 4400 бала есепте тұр. Олардың көпшілігі ауыр деңгейдегі лейкозбен ауырады. Біздің елімізде жоғары дозалы химиялық терапия, таргетті иммундық терапия, сүйектер мен буындарды эндопротездеу, сүйек кемігін аутотрансплантациялау сияқты онкологиялық ауруларды емдеудің жаңа әдістері зерттеліп, тәжірибеде қолданылып келеді. 2012 жылдың сәуірінен бастап UMC-де алғаш рет сүйек кемігін аллогендік трансплантациялау басталды.

UMC Басқару төрағасы Юрий Пя құттықтау сөзінде бүгінде адамзат атаулы қол жеткізген әр технология мен білімді клиникаға енгізуге уәде берді. «Дәл қазір осы жерде тұрған балалар болашақта армандарына жетсін. Біреулеріңіз бұл жерде профессор, доктор немесе клиниканың басқа да бір маманы ретінде де келетін күнге жеткенде, бүгінгі күнді күліп еске алатын болайық» — деп дем берді қазақстандық атақты хирург.

Балалар клиникада ұзақ уақыт бойы емделуіне байланысты, UMC Ана мен бала орталығында негізгі пәндер бойынша мектеп жасындағы балаларға арналған сабақтар өткізілетін арнайы оқу сыныбы бар. Орташа есеппен жылына 146 бала Орталық қабырғаларында білім алады. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бағдарламасына сәйкес, оқушылардың алған бағалары мектептерге жіберіледі және тоқсанды/сыныпты бітіріп, білім алғаны туралы сәйкес құжат ала алады.

Назарбаев Университетінің 2018-2030 жылдарға арналған стратегиясына сәйкес — UMC Назарбаев Университетінің (NU Medicine) біріктірілген академиялық денсаулық сақтау жүйесінің негізгі элементі болып табылады, ол клиникалық, білім беру және зерттеу қызметін біріктіру арқылы Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын ілгерілетуге бағытталған. Осыған байланысты UMC-дің Академиялық медициналық орталық ретінде дамуына ықпал ететін іс-шаралар жүргізілуде. Клиника Біріккен Комиссияның халықаралық стандарттары бойынша аккредиттелген.

Білім күніне орай Орталық кітапханасына мектеп оқулықтары мен кітаптар сыйға тартылды. Сапар соңында балаларға арналған мерекелік жиын өтіп, онда кішкентай бүлдіршіндерге жаңа оқу жылына сәттілік пен мықты денсаулық тіледі!

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53