Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігінің сарапшысы NU-да дәріс берді

Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігінің (JICA) Дамуына ресми көмек көрсету (ДРК) жөніндегі сарапшысы, Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) адам қауіпсіздігі және жаһандық денсаулық жөніндегі бұрынғы вице-президенті, доктор Такао Тода қонақтық дәрісін 2023 жылдың 28 ақпанында Назарбаев Университетінде оқыды. Дәріс барлық қызығушылық танытқандар үшін KazAID халықаралық даму агенттігінің қолдауымен өткізілді.

Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігінің (JICA) Дамуына ресми көмек көрсету (ДРК) жөніндегі сарапшысы, Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) адам қауіпсіздігі және жаһандық денсаулық жөніндегі бұрынғы вице-президенті, доктор Такао Тода қонақтық дәрісін 2023 жылдың 28 ақпанында Назарбаев Университетінде оқыды. Дәріс барлық қызығушылық танытқандар үшін KazAID халықаралық даму агенттігінің қолдауымен өткізілді. Тода мырза қазіргі әлемдегі ДРК рөлі және оның қоғамдық дамуына әсері туралы айтты. Ол қазіргі әлемдегі жаһандық ынтымақтастықтың эволюциясы, Жапонияның ДРК тарихы мен ерекшеліктері, ортақ болашағымыз үшін Қазақстан рөлінің маңызы туралы да сөз етті.

Доктор Тода өзінің мамандық мансабын JICA-да 1984 жылы бастады, содан бері 37 жыл бойы ол әлемнің барлық дерлік дамушы елдерінде Жапонияның ДРК-ны стратегиялық жүзеге асырумен айналысады. Доктор Такао Тода Киото университетінде заң бакалавры дәрежесін, Лондон университетінде қоршаған ортаны басқару бойынша магистратура, Токио университетінде халықаралық ынтымақтастық магистрі және Нагоя университетінде PhD дәрежесін алды. Осы мансап барысында ол 110-нан астам елде болды және дамушы елдердің үкіметтерімен, басқа «донор» елдермен, жеке сектордағы көпжақты субъектілермен, азаматтық қоғам, бұқаралық ақпарат құралдары, академиялық орта және бизнес өкілдерімен сантүрлі іскерлік ынтымақтастықта болған.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53