26 қыркүйекте әнші, композитор, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Nazarbayev University-ге қонақ болып келді.
Оны университет басшылығы мен студенттер қарсы алды.
Димаштың сапары Сенат холлынан басталды. Бұл жерде 2013 жылы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин студенттерге дәріс оқып, бүгінде 150-ден астам ел мен 30-ға жуық халықаралық ұйымды біріктіріп отырған «Бір белдеу – бір жол» бастамасын жариялаған еді. Бұл таңдаудың өзіндік мәні бар, себебі Қытай Димаштың шығармашылығында ерекше орын алады және ол елмен әнші — жақсы байланыста.
Кейін университет президенті Вакар Ахмад, атқарушы вице-президент Аслан Сәрінжіпов және вице-президент Әсел Увалиева қонаққа кампустың бас жоспарын таныстырып, NU-дың 15 жылдағы дамуы, әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерімен, соның ішінде Қытай ЖОО-ларымен серіктестігі және шетелдік студенттерді тарту жоспары туралы айтып берді.
Өз кезегінде Әсел Увалиева университетте студенттердің тек академиялық жетістіктеріне ғана емес, шығармашылық әлеуетін дамытуға да көңіл бөлінетінін атап өтті. Ол NU Choir, NU Orchestra, Kiye Qazaq Dance Club, K-pop Cover Dance Club YBS сынды түрлі студенттік клубтарды мысалға келтірді.
Сапар соңында Димаш Құдайберген университеттің Тілек кітабына қолтаңба қалдырып, басшылықпен естелік суретке түсті.
«Баршаңызға сәттілік тілеймін! Сүйіспеншілікпен және ізгі ниетпен – Димаш Құдайберген», — деп жазды ол.







