Шара NU Әлеуметтік даму қоры (SDFNU) мен NU Кәсіпкерлікті зерттеу орталығымен (NURCE) ұйымдастырылды..
Конференция Орталық Азиядағы табысты әлеуметтік кәсіпкерлік жобаларын, әлеуметтік мәселелерді шешудің инновациялық тәсілдерін, әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдаудағы мемлекет пен ғылыми орталықтардың рөлін талқылады. Сондай-ақ конференция барысында NURCE мен SDFNU Қазақстан және Орталық Азия университеттерімен бірлесіп жасаған әлеуметтік даму саласындағы жұмысының қорытындыларын атап өтті. Ғалымдар, оқытушылар, студенттер мен тәжірибелі практиктер осы бағыттағы өз ғылыми жұмыстарымен таныстырды. Үздік жұмыстар Scopus базасындағы журналдарында тегін жарияланады.
Шара спикерлері болып ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек (онлайн), сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы, Бард колледжінің өкілдері өз пікірлерімен бөлісті. Панельдік сессияларда Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстаннан қатысушылары бас қосты.
«Университет шындықты көрсетуі және қоғамға ашық болуы керек. Академиялық және студенттік қауымдастық қоғамға оң әсер етіп, қызмет етуі керек. Бұл идея министрліктің стратегиясының да бір бөлігі. Біз университеттерімізді ғылыми және әлеуметтік жобаларға белсендірек қатысуға итермелеп жатырмыз. NU-дың бұл бағыттағы тәжірибесі өте маңызды», — деді министр С.Нұрбек.
Панельдік сессияларда Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстаннан қатысушылары бас қосты.
“Конференция — әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы зерттеушілер мен практиктерге білім интеграция, инновацияларды дамыту және тұрақты өзгерістер жасауға көмектесетін шара. Биыл біз Орталық Азия университеттерінің өкілдерін тәжірибе алмасуға және бүкіл өңірге әсерін күшейтуге шақырдық. Біздің бағдарламамызды білім беру мен әлеуметтік кәсіпкерліктің табысты интеграциясының үлгісі деп санаймын», — деп атап өтті NU «Әлеуметтік Даму Қоры» корпоративтік қорының Басқарма Төрағасы Нюсупов Саят.
Аталған NU қорының көмегімен 2020 жылдан бері 55-тен астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, бенефициарларының қатарына 50 мыңнан астам адам, оның ішінде ауыл тұрғындары, балалар және халықтың әлеуметтік осал санаттарының өкілдері қосылды. Әлеуметтік стартаптардың бірі — Ozim Platform қоғамдық қоры. Қор мүшелері ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған мобильді қосымшасын жасады.
«Біз NU-дың әлеуметтік жобалар байқауында жеңіске жетіп, жобаны 2021 жылы жүзеге асыра алдық. Бұған дейін өңірлер ерекше қажеттіліктері бар балалар туралы сенімді ақпарат көздеріне қол жеткізе алмаған. Біз ерекше қажеттіліктері бар балалар ата-аналарының өтініштерін талдап, зерттеп, арнайы мобильді қосымша жасадық. Оны ата-аналар да, мамандар да, мұғалімдер де пайдалана алады. Ozim платформасы ЮНИСЕФ бастамасымен халықаралық мәртебеге ие», — деп атап өтті ҚҚ құрылтайшысы Әсем Тәжиева.
Конференция барысында Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің базасында құрылған NURCE ғылыми-зерттеу орталығының өкілдері әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарының нәтижелері туралы айтты. Орталық директоры, профессор Шумайла Юсуфзай бірнеше еңбектерді ерекше атап өтті. Олардың ішінде Қырғызстандағы қоғамдық туризмді басқаратын әйел кәсіпкерлердің өмірін терең зерттеген «Together we have it all: Қырғызстанның қауымдастыққа негізделген туризм секторындағы кәсіпкер әйелдер» монографиясы мен 50 қазақ бизнесвуман туралы баяндайтын «Ұлы Дала ізашарлары: Қазақстанның іскер әйелдерінің шабынттандырар сұхбаттары» кітабы.
«Бұл мүмкіндіктер, қиындықтар мен табыстар туралы әңгімелер тек шабыт беріп қана қоймай, сонымен қатар Орталық Азияда неғұрлым инклюзивті экономикалық экожүйені құруға қызмет етеді. Өзінің бай мәдени мұрасы мен серпінді әлеуметтік-экономикалық ландшафтына ие аймақ әлі де пайдаланылмаған әлеуетке толы. Кәсіпкерлер кейде нарықтарға қол жеткізу және технология мүмкіндіктерін пайдалануда қиындықтарға тап болады. Дегенмен бұл қиындықтар инновацияларға мүмкіндік бере алады. Сондықтан біз барлығын осындай конференцияларға жинаймыз», — деді Юсуфзай Шумайла.
Ғалымдар, оқытушылар, студенттер мен тәжірибелі практиктер осы бағыттағы өз ғылыми жұмыстарымен таныстырды. Үздік жұмыстар Scopus базасындағы журналдарында тегін жарияланады.







