17 тамызда Назарбаев Университетінде Қазақстанның жоғары оқу орындарының басшыларына арналған Academic Leadership Institute (Академиялық көшбасшылық институті) бағдарламасының 6-модулі басталды. Жобаны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен НУ Жоғары білім мектебі әзірлеген.
Сессияны құттықтау сөзбен НУ Президентінің міндетінің атқарушысы доктор Илесанми Адесида ашты. Ол түрлі саладағы болашақ мамандардың әлеуетін іске асыруға тұғырнама беретін, қоғам мен елдің дамуы үшін реформаларды ілгерілетудегі университет басшыларының айрықша рөлін атап өтті.
Бағдарлама қатысушылар алдында сөз сөйлеген Ғылым және жоғары білім министрлігінің Аппарат басшысы Болат Төкежанов Academic Leadership Institute қарастыратын аспектілердің әрқайсысының маңыздылығын атап өтті. Олардың ішінде тұрақтылық, басқару, ұйымдық өзгерістер және таланттарды басқару. «Осы бағыттар құзыретті арттыру, білім беру ұйымдарында елеулі өзгерістерді бастауға қабілетті көшбасшыларды қалыптастыруға көмектеседі», — деп сенім білдірді Б.Төкежанов.
Academic Leadership Institute бағдарламасы 9 модульден тұрады. Олардың әрқайсысы университет құндылықтары мен қоғам үшін маңызы, көшбасшылық, университетті қайта құрылымдау, студенттердің мәселелерін шешу және академиялық бағдарламалардың сапасын қамтамасыз ету сияқты университеттегі нақты трансформация процестерін қамтиды. Курс аясында тыңдаушылар министрліктер өкілдерінің, ҚР Парламенті депутаттарының, жоғары білім саласындағы қазақстандық және халықаралық сарапшылардың дәрістерін тыңдап, топтарға бөлініп жұмыс жасап, практикалық мәселелерді шешіп тәжірибе алмасып жатыр.
«Мұндай бағдарламалар білім беру менеджерлерінің бір-бірімен байланыс құруға көмектеседі. Мысалы, инновацияны ілгерілету кезінде командаға өзгерісті қабылдау қиынға соғады. Ал мұндай платформалар басқа университеттердің тәжірибесін білуге, прецедент бар екенін білуге пайдалы. Еліміздің ректор мен проректорлар жақсы академиялық білімге ие болғанымен, кей кезде басқару қабілеттері жеткіліксіз. Бұл біздің кінәміз емес, бұл барлық жерде қалыптасқан нәрсе. Соңдықтан осындай бағдарламалар, осы дағдыларды дамытуға көмектеседі», — деді бағдарламаға қатысушы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің стратегиялық даму жөніндегі проректоры Айтмағамбетов Думан.
6-шы «Ұйымдық өзгерістер» модулінің модераторлары Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің деканы Джозеф Конингс және декан орынбасары Венкант Субраманиян болды. 17-18 тамызда қатысушылар өзгерістерді басқарудың негізгі аспектілерін, соның ішінде көшбасшылық стратегия, маркетинг, брендинг, PR және цифрлық маркетинг туралы дәріс тыңдап, жұмыс жасады. Модульдің екінші күні жоспарлау, бюджеттеу, болжау, активтер мен тәуекелдерді басқару сияқты ұйымдық өзгерістердің қаржылық аспектілеріне арналды.
“Бағдарламаның маған бір үлкен ұнайтын тұсы бірнеше модульдан тұратындығы. Толық 9 модульға созылғаннан кейін жиілік бар, бір логикалық байланыс бар, соңдықтан мәліметті шың мәнде меңгеруге уақыт бар. Оның үстінде, біз барымыз қызметтерде жұмыста болғаннан кейін тұтас бір айға кетіп қалмайсын жұмысынды тастап. Ал бағдарлама жарты жылға созылғанда келіп қатысуына болады. Екінші тұсы — мықты нетворкинг — әріптестермен талқылау, тәжірибе алмасу. Екіншіден, спикерлер жақсы таңдалған. Әр тақырыбты саланың маманы талқылады.” — деп Бағдарламаның қатысушысы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыс жөніндегі проректоры Ербол Сарымұрзин пікір білдірді.
19 тамызда бағдарламаның 7-ші «Дарындылықты басқару» модулі серіктестік аясында Еуразия ұлттық университетінде өтеді. Модуль бағдарламасы қатысушыларға шетел университеттерінде таланттарды басқару жүйесін енгізудің озық тәжірибесін үйренуге мүмкіндік береді, сондай-ақ халықаралық білім беру ортасында дарынды басқарудың тиімділігін арттырады. Қазіргі Қазақстандағы негізгі кадр тәжірибесі ретінде таланттарды басқару тақырыбына ерекше назар аударылады.
Academic Leadership Institute бағдарламасының 8-модулі аясында Ұлыбританияның үздік университеттеріне — University of Bath, Cardiff University, University of Reading — сапар жоспарланған. Іс-сапар қатысушыларға көшбасшылардың біліктілігін арттыру және академиялық ортада менеджментті жетілдіру бойынша үздік британдық тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Бағдарламаның қорытындысы бойынша қатысушылар өз жобаларын қорғап, сертификаттар алып, ең бастысы университеттердің жұмысын жақсарту үшін білім мен тәжірибе алады.







