Galym-Galam: Эмиль Байрамов, NU SMG ассистент профессоры

Бізге өз біліміңіз бен кәсіби тәжірибеңіз туралы айтып бере аласыз ба?Мен жаратылыстану ғылымы докторы дәрежемді (Геокеңістіктік технологиялар, Жерді қашықтықтан зондтау және қадағалау технологиялары мамандығы) Германиядағы Дрезден технологиялық университетінде, географиялық ақпараттық жүйелер магистрі дәрежемді, екінші география магистрі дәрежемді және география бакалавры дәрежемді Швецияның Лунд университетінде алдым. Мен сондай-ақ Ұлыбритания Корольдік географиялық қоғамының (ГАЖ) дипломды географымын және Канада геоматика институтының қашықтықтан зондтау бағдарламасы бойынша сертификатталған маманмын.

Бізге өз біліміңіз бен кәсіби тәжірибеңіз туралы айтып бере аласыз ба?

Мен жаратылыстану ғылымы докторы дәрежемді (Геокеңістіктік технологиялар, Жерді қашықтықтан зондтау және қадағалау технологиялары мамандығы) Германиядағы Дрезден технологиялық университетінде, географиялық ақпараттық жүйелер магистрі дәрежемді, екінші география магистрі дәрежемді және география бакалавры дәрежемді Швецияның Лунд университетінде алдым. Мен сондай-ақ Ұлыбритания Корольдік географиялық қоғамының (ГАЖ) дипломды географымын және Канада геоматика институтының қашықтықтан зондтау бағдарламасы бойынша сертификатталған маманмын. Хамфри жыл сайынғы стипендиясының иегері бола отырып, мен геокеңістіктік технологиялар мен қашықтықтан зондтау технологиялары саласындағы көшбасшылық, кәсіби және академиялық даму бағдарламасы бойынша Массачусетс технологиялық институтында (MIT) бір жыл оқыдым. Фулбрайт бағдарламасы бойынша шақырылған аспирант ретінде мен Америка университетінде оқыдым, сондай-ақ Дрезден технологиялық университеті мен Берлин техникалық университетінің аспиранты болдым. 2019 жылы Назарбаев Университетіне келгенге дейін мен Әзірбайжан-Грузия-Түркия өңіріндегі BP Мұнай-газ компаниясында геокеңістіктік ақпарат жөніндегі аға маман ретінде жұмыс істедім. 10 жылдан астам уақыт бойы мен әртүрлі халықаралық ұйымдар мен мекемелерге арналған жобаларда геокеңістіктік технологиялар, ТМД елдеріндегі жерді қашықтықтан зондтау және қадағалау технологиялары бойынша халықаралық консультант болып жұмыс істедім.

Бізге өзіңіздің қазіргі зерттеу жобаңыз туралы айтып бере аласыз ба?

Менің зерттеуімнің негізгі мақсаты Каспий теңізі өңірінің теңіздегі және жағалаудағы мұнай-газ және тау-кен өндіру өнеркәсібін қауіпсіз пайдалану кезінде тәуекелдер мен шығындарды азайту, оңтайландыру үшін қолданылатын геокеңістіктік, жерді қашықтықтан зондтау және қадағалау технологияларын ілгерілету болып табылады. Менің командам мұнай және газ кен орындарының беткі қабаттарының, сондай-ақ геоқауіптілік тәуекелдерін басқару үшін құбырлармен пайдалы қазбаларды өндіру учаскелерінің жылжу карталарын құрастыруға мамандандырылған. Жерді қашықтықтан зондтау және бақылау үшін біз машиналық және терең оқыту қағидаларын қолданамыз. Біздің зерттеуіміз Каспий теңізі өңірінің аса маңызды энергетикалық инфрақұрылымының пайдалану қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етудегі қазіргі салалық проблемалар мен сыни тұрғыдағы қажеттіліктерге бағытталған қызметті қамтиды.

Сіздің негізгі зерттеу нәтижелеріңіз қандай?

Біз Каспий теңізі өңіріндегі топырақтың деформациялану процерістерінің жалғасуына байланысты көптеген ғылыми қадағалаулар мен қорытындыларды жасадық. Анықталған мұнай төгілімдерін және табиғи фильтрация дақтарын зерттей отырып, сондай-ақ Каспий теңізіндегі болуы мүмкін мұнай төгілімдерін модельдей отырып, біз теңіз және жағалау платформалары мен ұңғымаларының тәуекелдерін басқару қағидаттарын оңтайландыра аламыз. Бұдан басқа, бұл барлау мәліметтерін талдауға және бұрғылау жұмыстарын жоспарлауға айтарлықтай үлес қосуға мүмкіндік береді. Теңіз және жағалау мұнай-газ өнеркәсібіндегі тәуекелдерді оңтайлы басқару үшін машиналық оқыту негізінде жерді қашықтықтан зондтау және қадағалау, сондай-ақ мұз түзілімдерін зерттеуге бағытталған бұл қарқынды зерттеу жұмыстары жалғасуда.

Неге сіз NU-ға қосылғыңыз келді?

Назарбаев Университеті – бүкіл әлемдегі беделді және құрметті университеттердің бірі. Мен мұнда жұмыс істегенімді мақтан тұтамын. Теңіз және жағалау мұнай-газ өнеркәсібіндегі 23 жылдан астам тәжірибем маған жаһандық геокеңістік, жерді қашықтықтан зондтау және қадағалау саласындағы практикалық біліміме деген сенімділігімді арттырды. Мен үшін жан-жақты ғылыми және кәсіби тәжірибем мен білімімді академиялық және ғылыми қоғамдастыққа тарата бастайтын және зерттеу дағдыларымды әртүрлі салалық мәселелерді шешу үшін қолдана бастайтын уақыт келгенін сезіндім.

Сіз болашақта қандай жұмысты жоспарлап отырсыз?

Мен тәуекелдер мен шығындарды төмендетуде, сондай-ақ операциялық тиімділік пен қауіпсіздікті арттыруда саланың өзекті сыни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Каспий теңізі өңірінің қазіргі және алдағы мұнай-газ проблемаларына назар аудара отырып, біздің зерттеу қызметіміздің практикалық құндылығына бағыт-бағдар алуды жалғастыратын боламын. Мен теңіз және жағалау мұнай-газ өнеркәсібінің барлық мәселелерін шешуге және жобалық тобымның ғылыми-зерттеу бағыттарын әртараптандыруға арналған пәнаралық тәсіл бойынша жұмысымды жалғастырамын.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53