Біз сіздерге университеттің кез келген қонағына арналған кампус гид қызметін бастағанымызды хабарлауға өте қуаныштымыз! Егер сіз өзіңіздің танысыңызға, достарыңызға, жанұяңызға керемет атриумды, зертханаларымызды, кітапханамызды тамашалағыңыз келсе, барлық өтініштеріңізді nu_tours@nu.edu.kz электронды поштасына жіберуіңізді немесе +7707 871 11 69 нөмірі арқылы кампус гид қызметінің жетекшісіне хабарласуыңызды сұраймыз.







