
Үкімет басшысы Олжас Бектенов NU ғылыми әзірлемелерімен танысты
NU-де Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері және Назарбаев Қоры Жоғары Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Кеңес мүшелері NU-дың жоғары функционалды зертханаларымен және ғалымдардың жаңа әзірлемелерімен, атап айтқанда Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтымен, импульстік үдеткіш зертханасымен, заманауи наноматериалдармен, геномдық және дербестендірілген медицинамен танысты.








