
Юрий Пя мен Жұмабай Бәкенов ҚР ҰҒА академиктері болып сайланды
ҚР ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі №457 бұйрығымен бекітілген сайлау ережелеріне сай Академиктердің жалпы жиналысының шешімі бойынша сегіз ғалымға академик мәртебесі берілді. Олардың ішінде NU жанындағы «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы Юрий Владимирович Пя және NU-дың Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің профессоры, техникалық ғылымдар докторы Жұмабай Бекболатұлы Бәкенов бар.








