Қабылдау

Пайдалы ақпарат және байланыстар

Пайдалы ақпарат

Іріктеу процесі
  • Студенттерді оқуға қабылдау офисі талапкерлердің өтінімдерін қарастырып, оларды таңдалған санат бойынша ең төменгі қабылдау талаптарына сәйкестігін тексереді. Егер талапкер «NUET талапкерлері» санаты бойынша өтінім беріп, белгіленген талаптарға сай келсе, оған NUET тестін тапсыруға шақыру жіберіледі.
  • Іріктеу процесінің алдыңғы кезеңнен өте алмаған талапкерлер келесі кезеңге қатыса алмайды.
  • Талапкерлердің рейтингісі таңдалған санат (NUET, SAT/ACT, IB, A-level және т.б.) бойынша жинаған нәтиже мен IELTS немесе TOEFL нәтижелері негізінде қалыптастырылады.
  • NUFYP және бакалавриат бағдарламаларына бөлінген орындар санына байланысты оқуға қабылдау тапапатарына сай келіп, ең жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлер білім гранты негізінде оқуға шақыру хатын алады.

Оқуға шақыру хаты талапкердің Жеке кабинетінде қол жетімді.

  • Құралған рейтинг негізінде білім грантын ала алмаған талапкерлер күту тізіміне енгізіледі. Конкурстық іріктеу барысында білім гранттары босаған жағдайда рейтингтегі орындарына сәйкес күту тізіміндегі талапкерлерге грант негізінде оқуға шақырту жіберіледі. Сондай-ақ, күту тізіміндегі талапкерлерге оқу бағдарамаларының сыйымдылығына байланысты ақылы негізде оқу ұсынылуы мүмкін.

 

Маңызды: Іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өту талапкердің Назарбаев Университетіне оқуға  қабылдануына кепілдік бермейді.

Оқуға қабылдау келесі реттілік бойынша жүзеге асырылады:

1.Талапкерлерді оқуға қабылдауға ұсыну.

Оқуға қабылдауға ұсынылған талапкерлерге “Recommended for admission” өтінім статусы беріледі. Талапкерлер Жеке кабинетте “Admission results” бөліміне кіріп, оқуға шақыру хатын және соңғы мерзімдері мен талаптары көрсетілген Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулықты таба алады.

2.Талапкерлердің оқуға келісуі.

Талапкерлер оқуға қабылдауға келісім нысанына және кепілдік жарнасын төлеу нысанына Жеке кабинетте қол қоюы және 100 000 теңге көлеміндегі кепілдік жарнаны төлеуі қажет.

Кепілдік жарна келесі шарттар орындалғаннан кейін қабылданған студентке қайтарылады:

  • Назарбаев Университетінде оқыту қызметтерін көрсету шартына екіжақты қол қою;
  • Бағдарлау аптасына қатысу;
  • Екінші семестрге өту.

3.Оқуға қабылдануға құжаттарды ұсыну және келісім-шартқа қол қою.

Талапкерлер оқуға шақыру хатын мұқият оқып, онда көрсетілген барлық талаптар мен мерзімдерді қатаң сақтауы қажет. Барлық құжаттар электронды және қағаз түрінде НУ-дың тиісті бөлімдеріне белгіленген мерзімде тапсырылуы тиіс. Сонымен қатар, талапкерлер Назарбаев Университетінде оқыту қызметтерін көрсету шартына екіжақты қол қояды.

4.Бағдарлау аптасына қатысу.

Оқудың басталуына дейін барлық оқуға шақыру хатын қабылдаған талапкерлер Бағдарлау аптасына қатысады. Бағдарлау аптасына қатысу НУ-ға қабылданудың міндетті шарты болып табылады.

5.Оқуға қабылдау.

Жоғарыда көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін талапкерлер Университетке қабылданады. 

Университетке қабылдану үшін Студенттерді оқуға қабылдау офисіне тапсыратын қажетті құжаттар пакеті Құжаттарды тапсыру нұсқаулығында көрсетіледі.

Егер қосымшасы бар аттестаттың/дипломның түпнұсқасы қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде болмаса, онда оған қоса, осы құжаттың ағылшын тілінде нотариалды куәләндырылған аудармасының сканерлеген нұсқасын ұсыну қажет. Қабылдауға қажетті құжаттар пакетін уақытында тапсырмаған талапкерлер университетке қабылдану  мүмкіндігінен айырылады.

Университет шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ талапкерлерден қосымша құжаттарды сұрауға құқылы.

Университетке тапсырылған құжаттар қайтарылмайды. Тек қана қосымшасы бар жалпы орта білім (аттестат және қосымша) немесе техникалық және кәсіптік білім туралы (диплом және қосымша) құжаттың ресми түпнұсқасы оқуды бітіргеннен кейін немесе Университеттен шығарылған жағдайда Регистратор Офисі арқылы қайтарылады.

  • NUET материалдары осында осында қолжетімді.
    NU Entrance Test емтиханындағы тәртіп ережелері электрондық поштаға жіберіледі.
  • Назарбаев Университетіне түсуге дайындалуға көмектесу үшін осы сайтта курстарға, вебинарларға, сұхбаттарға, кітаптар мен дәрістерге көптеген пайдалы сілтемелер жинақталған. Cондай-ақ мұнда стандартталған тесттерге дайындалу үшін қажетті ақпарат (тест атауы, тестке дайындық, тесттер кестесі, тесттерге тіркелу және нәтижелеріне сілтемелер) бойынша ақпаратты таба аласыз.
  • NUFYP және бакалавриат бағдарламаларына онлайн өтінім беру үлгісі бар бейне нұсқауды мына сілтемеден табуға болады.
    IELTS/TOEFL нәтижелерін жүктеу бойынша нұсқаулық бейнені мына сілтемеден таба аласыз.
  • Оқуға түсу Қағидалар мен Рәсімдерді осы жерде таба аласыз.
  • NUFYP және бакалавриат бағдарламаларының айырмашылығы туралы ақпаратты алу үшін мына сілтемені басыңыз.
  • Назарбаев Университетінде Оқыту қызметтерін көрсету талаптарымен танысу үшін мына сілтемені басыңыз.
  • Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды мына сілтеме арқылы таба аласыз.
Транскриптті растау

Оқуға түсуге ұсынылған үміткерлер жоғары білім туралы дипломның қорытынды транскриптін (дипломға қосымша) келесі нұсқалардың бірін қолдана отырып растау керек:

  1. Алдыңғы оқу орны Студенттерді оқуға қабылдау офисіне транскрипттің ресми қағаз көшірмесін тікелей пошта арқылы жібереді.
  2. Алдыңғы оқу орны транскрипттің ресми электрондық көшірмесін корпоративтік электрондық поштасынан Студенттерді оқуға қабылдау офисінің электрондық поштасына* тікелей жібереді;
  3. Ресми қорытынды транскрипт Студенттерді оқуға қабылдау офисіне құжаттарды верификациялаудың ресми цифрлық сервистері арқылы (мысалы: WES, Parchment, Scholaro, etc.) электрондық поштаға* тікелей жіберіледі.
  4. Назарбаев Университетінің түлектеріне транскрипттерді растаудың қажеті жоқ.

*Электрондық пошта өтінім нысанының жоғарғы оң жақ бұрышында көрсетілген.

Оқуға қабылдау келесі реттілік бойынша жүзеге асырылады:

Үміткерлерді оқуға қабылдауға ұсыну. НУ Қабылдау комиссиясы оқуға қабылдауға ұсынған үміткерлерге «Recommended for admission to program» немесе «Recommended for conditional admission» статустары тағайындалады. Жеке кабинетіндегі «Admission results» бөліміне өтіп, өтінімнің статусын басу арқылы үміткер оқуға шақыру хатын және оқуға қабылдануға келісім нысанын таба алады.

Оқуға қабылдануға келісім. Үміткерлер Жеке кабинетте орналасқан оқуға қабылдануға келісім нысанын және Кепілдік жарнаны төлеуге келісім нысанын толтыруға тиіс. Содан кейін НУ бағдарламасына қабылдануға келіскен жағдайда, 100 000 теңге мөлшерінде қайтарылатын Кепілдік жарнаны төлеу қажет. Кепілдік жарна Жеке кабинетте қолжетімді төлем опциялары арқылы онлайн режимінде төленеді. Кепілдік жарнасын төлеудің басқа әдістерін қолдану қабылданбайды. Кепілдік жарна келесі шарттар орындалғаннан кейін қабылданған студентке қайтарылады:

1) Назарбаев Университетінде оқыту бойынша қызметтерді көрсету шартына екіжақты қол қою;

2) Бағдарлау аптасына қатысу;

3) Екінші семестрге өту.

Келісім-шартқа қол қою. Оқуға ұсынылған үміткерлер НУ Мектебімен немесе ақылы негіздегі оқуға түскен жағдайда Бурсарс департаментімен келісімге қол қояды. Ақпаратты үміткерлерге Мектеп немесе Бурсарс департаменті жібереді.

Бағдарлау аптасына қатысу. Оқудың басталуына дейін барлық оқуға шақырылған үміткерлер міндетті Бағдарлау аптасына қатысады.

Оқуға қабылдау. Оқуға қабылдау НУ Провостының шешімімен рәсімделеді.

Назарбаев Университетіне түсушілерге пайдалы болатын қосымша ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз:

  • Назарбаев Университетіне оқуға түсуге дайындалуға көмектесу үшін осы сайтта курстар, вебинарлар, сұхбаттар, кітаптар мен дәрістерге көптеген пайдалы сілтемелер жинақталған. Cондай-ақ мұнда стандартталған тесттерге дайындалу үшін қажетті ақпарат (тест атауы, тестке дайындық, тесттер кестесі, тесттерге тіркелу және нәтижелеріне сілтемелер) бойынша ақпаратты таба аласыз.
  • Нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз
  • Онлайн өтінім беру жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз
  • Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз
  • Магистратура бағдарламаларына онлайн өтінім беру үлгісі бар бейне нұсқауды мына сілтемеден табуға болады.
    IELTS/TOEFL нәтижелерін жүктеу бойынша нұсқаулық бейнені мына сілтемеден таба аласыз.
  • Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды мына сілтеме арқылы таба аласыз.
  • Назарбаев Университетінде Оқыту қызметтерін көрсету талаптарымен танысу үшін мына сілтемені басыңыз.
  • Ресми электронды тест нәтижелері Тест әкімшісінен Назарбаев Университеттің атына кодтар (Institutional Code) арқылы жіберіледі:
    * IELTS (IELTS Online тестінен басқа) тапсыру үшін код: NU, Admissions Department
    * TOEFL iBT (TOEFL Home Edition тестінен басқа) тапсыру үшін код: 6762
    * GRE тапсыру үшін код: 6496
    * GMAT тапсыру үшін код: H6m-R7-93.
Транскриптті растау
Оқуға түсуге ұсынылған үміткерлер келесі нұсқалардың бірін пайдалана отырып, магистратура немесе медицина докторы (немесе баламасы) дипломына қорытынды транскрипттердің/қосымшалардың дұрыстығын тексеруі (түпнұсқалығын растауы) тиіс:
  1. Алдыңғы оқу орнының Студенттерді оқуға қабылдау офисіне тікелей жіберілетін ресми қағаз көшірмесі.
  2. Транскрипттің ресми электрондық көшірмесі phd_admissions@nu.edu.kz мекенжайына алдыңғы оқу орнының корпоративтік электрондық поштасынан тікелей жібереді.
  3. Ресми цифрлық құжат верификация қызметімен расталған (мысалы: WES, Parchment, Scholaro және т.б.) қорытынды транскрипт.
  4. Назарбаев Университетінің магистратура түлектерінен транскриптті растау талап етілмейді.

Оқуға қабылдау келесі реттілік бойынша жүзеге асырылады:

Үміткерлерді оқуға қабылдауға ұсыну. НУ Қабылдау комиссиясы оқуға қабылдауға ұсынған үміткерлерге «Recommended for admission to program» немесе «Recommended for conditional admission» статустары тағайындалады. Жеке кабинетіндегі «Admission results» бөліміне өтіп, өтінімнің статусын басу арқылы үміткер оқуға шақыру хатын және оқуға қабылдануға келісім нысанын таба алады.

Оқуға қабылдануға келісім. Үміткерлер Жеке кабинетте орналасқан оқуға қабылдануға келісім нысанын және Кепілдік жарнаны төлеуге келісім нысанын толтыруға тиіс. Содан кейін НУ бағдарламасына қабылдануға келіскен жағдайда, 100 000 теңге мөлшерінде қайтарылатын Кепілдік жарнаны төлеу қажет. Кепілдік жарна Жеке кабинетте қолжетімді төлем опциялары арқылы онлайн режимінде төленеді. Кепілдік жарнасын төлеудің басқа әдістерін қолдану қабылданбайды. Кепілдік жарна келесі шарттар орындалғаннан кейін қабылданған студентке қайтарылады:

1) Назарбаев Университетінде оқыту бойынша қызметтерді көрсету шартына екіжақты қол қою;
2) Бағдарлау аптасына қатысу;
3) Екінші семестрге өту.

Келісім-шартқа қол қою. Оқуға ұсынылған үміткерлер НУ Мектебімен немесе ақылы негіздегі оқуға түскен жағдайда Бурсарс департаментімен келісімге қол қояды. Ақпаратты үміткерлерге Мектеп немесе Бурсарс департаменті жібереді.

Бағдарлау аптасына қатысу. Оқудың басталуына дейін барлық оқуға шақырылған үміткерлер міндетті Бағдарлау аптасына қатысады.

Оқуға қабылдау. Оқуға қабылдау НУ Провостының шешімімен рәсімделеді.

Назарбаев Университетіне түсушілерге пайдалы болатын қосымша ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз:

  • Назарбаев Университетіне оқуға түсуге дайындалуға көмектесу үшін осы сайтта курстар, вебинарлар, сұхбаттар, кітаптар мен дәрістерге көптеген пайдалы сілтемелер жинақталған. Cондай-ақ мұнда стандартталған тесттерге дайындалу үшін қажетті ақпарат (тест атауы, тестке дайындық, тесттер кестесі, тесттерге тіркелу және нәтижелеріне сілтемелер) бойынша ақпаратты таба аласыз.
  • Онлайн өтінім беру жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз
  • Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз
  • Докторантура бағдарламаларына онлайн өтінім беру үлгісі бар нұсқаулық бейнені мына сілтемеден табуға болады.
    IELTS/TOEFL нәтижелерін жүктеу бойынша нұсқаулық бейнені мына сілтемеден таба аласыз.
    Докторантура бағдарламаларына оқуға шақыру хатты қабылдаудың үлгісі бар нұсқаулық бейнені мына сілтемеден табуға болады.
  • Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды мына сілтеме арқылы таба аласыз.
  • Назарбаев Университетінде Оқыту қызметтерін көрсету талаптарымен танысу үшін мына сілтемені басыңыз.
  • Ресми электронды тест нәтижелері Тест әкімшісінен Назарбаев Университеттің атына кодтар (Institutional Code) арқылы жіберіледі:
    * IELTS (IELTS Online тестінен басқа) тапсыру үшін код: NU, Admissions Department
    * TOEFL iBT (TOEFL Home Edition тестінен басқа) тапсыру үшін код: 6762
    * GRE тапсыру үшін код: 6496
    * GMAT тапсыру үшін код: H6m-R7-93.
Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53