1 – қадам. Жеке кабинет ашу
https://admissions.nu.edu.kz/ порталында «Тіркелу» батырмасын басып, тіркелу терезесінде қажетті ақпаратты ағылшын тілінде енгізіңіз. «Академиялық дәреже» бөлімінде «Бакалавриат» бағдарламасын таңдау кажет.
Тіркелуді аяқтағаннан кейін Сіздің электрондық поштаңызға жіберілген авторизация сілтемесі арқылы тіркелуді растаңыз.
Жеке кабинетіңізде өтінім беру нұсқаулығымен міндетті түрде танысыңыз.
Іріктеу конкурсына келесі санаттарға жататын талапкерлер қатыса алады:
1. Орта білім беру ұйымдарының соңғы сынып оқушылары және техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі ұйымдардың соңғы курс студенттері;
2. Жоғарғы оқу орындарының білім алушылары;
3. Орта, орта білімнен кейінгі және жоғары білімі бар адамдар.
2 – қадам. Өтінім нысанын толтыру
Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде Foundation and Undergraduate Programs сілтемесін ашыңыз. Foundation and Undergraduate Application Form өтінім беру нысанын онлайн түрде толтырыңыз және оған қоса онлайн нысанға сәйкес дербес деректерді өңдеуге келісіміңізді беріңіз. Өтінім беру нысаның барлық сұрақтарына жауап бергеннен кейін жеке ақпаратты тексеріп, «Upload» батырмасын басыңыз.
3 – қадам. Қажетті құжаттарды тапсыру
Өтінім беру нысанын толтырғаннан кейін Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде мына құжаттарды жүктеу қажет:
1. Оқу орнынан берілетін анықтаманың (фотомен бірге) сканерленген көшірмесі (Жеке кабинетте 3 тілде ұсынылған үлгілердің біреуін таңдаңыз) немесе бар болған жағдайда қосымшасы бар аттестат/дипломның сканерленген көшірмесі.
2. Жеке куәліктің және/немесе паспорттың сканерленген көшірмесі. Egov немесе басқа порталдан/електрондық сервистерден алынған көшірме қарастырылмайды. Маңызды: қабылдау емтиханын тапсыру үшін талапкерде Жеке кабинетке жүктелген паспорттың немесе жеке куәліктің түпнұсқасы міндетті түрде болу керек;
Жеке кабинеттің «Profile» бөліміне құжаттарға арналған 3*4 форматындағы фотоны жүктеңіз.
Қажетті құжаттардың форматы Жеке кабинетте орналасқан.
4 – қадам. Тіркелу жарнасын төлеу және өтінім беру
Өтінім беру процесін аяқтау үшін Жеке кабинетіңіздегі «My Application Forms» бөліміндегі «PAY AND SUBMIT APPLICATION» түймесін басыңыз. Тіркелу жарнасы Жеке кабинетте қолжетімді төлем опциялары арқылы онлайн режимінде төленеді. Тіркелу жарнасын төлеудің басқа әдістерін қолдану қабылданбайды.
Тіркелу жарнасы 10 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші ресми бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде тіркелу жарнасы 3 есеге артады (30 000 тенге). Өтінім берудің нәтижесіне немесе төлем қателеріне қарамастан, тіркелу жарнасы қайтарылмайды.
Банк картасы болмаған жағдайда, талапкер басқа адамның картасын пайдалана алады.
Тіркелу аяқталғаннан кейін өтінім беру нысанына өзгерістер енгізу және жүктелген құжаттарды ауыстыру мүмкін емес.
Студенттерді оқуға қабылдау департаментінің қызметкерлері Сіздің өтініміңіз бен құжаттарыңызды тексереді және қажет болған жағдайда, Сізге электрондық поштаңызға қандай құжаттарды және қай күнге дейін түзету керектігін хабарлайды. Толық емес және қате толтырылған (түзетілмеген) өтінімдер конкурста қарастырылмайды.
5 - қадам. IELTS/ TOEFL сертификатын ұсыну (тіркеу жарнасы төлеп, өтінім бергеннен кейін ғана)
Талапкерлер IELTS/TOEFL сертификаттарын тапсыру үшін келесі талаптарды орындау қажет:
1. IELTS/TOEFL жарамды сертификаттың ресми электрондық нұсқасы Тест әкімшісі арқылы тікелей Назарбаев Университетіне жіберілуі қажет;
2. Сертификаттың сканерленген көшірмесін жүктеу және оның бірегей нөмірін Жеке кабинеттің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне енгізу қажет. Конкурсқа қатысу үшін сертификаттың кез-келген санын тапсыруға болады, алайда Жеке кабинетке тек соңғы болып жүктелген сертификат қана қарастырылады.
IELTS/TOEFL сертификаттары суперскорингсіз қарастырылады.
Тест әкімшісі немесе Тест орталығы арқылы тест нәтижелерін тапсыру үшін кодтар туралы маңызды ақпаратқа назар аударыңыз:
IELTS үшін код: NU, Admissions Office
TOEFL iBT үшін код: 6762
Талапкердің Жеке кабинетінде IELTS/TOEFL сертификатын тапсыру бойынша толық Нұсқаулықты оқыңыз.
Тілдік тесттер нәтижелерінің ең төменгі талаптарымен «Қабылдау емтихандары мен талаптары» бөлімінде танысуға болады.
Тест орталығында емес, қашықтықтан тапсыруды ұсынатын тест нәтижелері, атап айтқанда, IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition және TOEFL PDT нәтижелері конкурста қарастырылмайды;
Тапсырылатын сертификаттар тиісті оқу жылының басы, яғни 2026 жылдың 1 тамызына дейін жарамды болу керек.
IELTS/TOEFL сертификаттарын ұсынудың соңғы мерзімі «Маңызды күндер» бөлімінде көрсетілген.
IELTS/TOEFL сертификаттарының Назарбаев Университетінің электрондық базасына енгізу Университет құзыретіне кірмейді. Сіз Тест орталығына өзіңіз хабарласып, кажетті сертификаттың жіберілгендігіне көз жеткізуіңіз қажет. Бұл әрекет кем дегенде 7-10 жұмыс күнін алатынын ескертеміз. Егер сертификат Студенттерді оқуға қабылдау департаменті белгілеген мерзімінен кеш келсе, нәтижелер конкурста қарастырылмайды.
Келесі қадамдар
Кейбір жағдайларда Университет хабарламалары спам жәшігінде болуы мүмкін екендігін есте сақтаңыз.
Барлық бағдарламалар тізімі
Бағдарламаңызды табыңыз
NU-де сіз армандарыңызға қол жеткізіп, дағдыларыңызды дамытып, әлемдік деңгейдегі жоғары сапалы академиялық бағдарламаларымыз арқылы мақсаттарыңызды жүзеге асыра аласыз.

Қабылдау талаптары
NU Foundation бағдарламасына түсуге арналған талаптар
Назарбаев Университетінің университет алдындағы дайындық бағдарламасы – бұл Дайындық мектебінің бір жылдық күндізгі бағдарламасы.
| Категория | IELTS/TOEFL | Ең төменгі өту талаптар | Қосымша |
|---|---|---|---|
| NUET талапкерлері | IELTS - 5.5 (жазу және оқылым - 5.5 , тыңдалым және сөйлеу - 5.0) | Конкурсқа қатысу үшін 120 жалпы балл және 50,50 әр пән бойынша өту балл (Математика, Сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу дағдылары). Ең төменгі балл алған талапкерлер NUFYP бағдарламасының конкурсына қарастырылуы мүмкін. |
|
| SAT/ACT талапкерлері | Digital SAT Reasoning Test – 1140 немесе ACT – 24 | ТЕК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҮМІТКЕРЛЕР ҮШІН SAT/ACT тесттердің сертификаттары талапкер оқуға тапсырып жатқан тиісті академиялық жылдың 1-тамызына дейін қолданылу мерзімі аяқталмаған болса ғана жарамды болып есептелінеді. Конкурстық іріктеу шеңберінде SAT/ACT сертификаттардың қолданылу мерзімі екі жыл болып есептеледі. 2025 жылдың желтоқсан айынан кейін тапсырылған SAT/ACT нәтижелері қабылданбайды. *SAT/ACT нәтижелері superscoring-сіз қарастырылады. **Конкурста тек Digital SAT тесті қарастырылады. |
Бакалавриат бағдарламасына түсуге арналған талаптар
| Категория | IELTS/TOEFL | Ең төменгі өту талаптар | Қосымша |
|---|---|---|---|
| NUET талапкерлері | IELTS - 6.0 (жазылым -6.0, оқылым, тындалым, айтылым- 5.5) | Конкурсқа қатысу үшін 120 жалпы балл және 50,50 әр пән бойынша өту балл (Математика, Сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу дағдылары). Ең төменгі балл алған талапкерлер NUFYP бағдарламасының конкурсына қарастырылуы мүмкін. |
|
| SAT/ACT талапкерлері | Digital SAT Reasoning Test – 1240 немесе ACT – 26 | SAT/ACT тесттердің сертификаттары талапкер оқуға тапсырып жатқан тиісті академиялық жылдың 1-тамызына дейін қолданылу мерзімі аяқталмаған болса ғана жарамды болып есептелінеді. Конкурстық іріктеу шеңберінде SAT/ACT сертификаттардың қолданылу мерзімі екі жыл болып есептеледі. 2025 жылдың желтоқсан айынан кейін тапсырылған SAT/ACT нәтижелері қабылданбайды. *SAT/ACT нәтижелері superscoring-сіз қарастырылады. **Конкурста тек Digital SAT тесті қарастырылады. | |
| IВ Diploma иегерлері* | IВ Diploma нәтижесі: жалпы балл 30 және 4, 4, 5 балл жоғары деңгейдегі 3 пән бойынша | *Осы санатта өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін IВ Diploma бойынша қорытынды нәтижелерін алған IВ Diploma иегерлері ғана конкурсқа қатыса алады (Конкурстық іріктеу шеңберінде IB диплом қолданылу мерзімі екі жыл болып есептеледі). Конкурста 2024 және 2025 жылдардағы дипломдар есептеледі **IB Diploma иегерлері келесі санаттардың бірі бойынша конкурсқа қатыса алады: "SAT/ACT талапкерлері", “NUET талапкерлері” немесе “Халықаралық және/немесе республикалық олимпиада жүлдегерлері” (аталған санаттарға қойылатын талаптарды сайттан қараңыз). | |
| A-level/NIS Grade 12 Certificate иегерлері* | A-level/NIS 12 Grade Certificate нәтижелері: Үш пәннен кем дегенде ABB (талапкер таңдауымен) | *Осы санатта, өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін A-level/NIS Grade 12 Certificate қорытынды нәтижелерін алған, A-level/NIS Grade 12 Certificate иегерлері ғана конкурсқа қатыса алады (Конкурстық іріктеу шеңберінде A-level дипломдары және NIS Grade 12 Certificate-тардың қолданылу мерзімі екі жыл болып есептеледі). Конкурста 2024 және 2025 жылдардағы сертификаттарды есептеледі. **A-level/NIS Grade 12 Certificate иегерлері келесі санаттардың бірі бойынша конкурсқа қатыса алады:"SAT/ACT талапкерлері", “NUET талапкерлері” немесе “Халықаралық және/немесе республикалық олимпиада жүлдегерлері” (аталған санаттарға қойылатын талаптарды сайттан қараңыз). | |
| Халықаралық және/немесе республикалық олимпиада жүлдегерлері | Міндетті, минималды балл жоқ | Халықаралық пәндік олимпиада: Cоңғы үш жылда алтын, күміс немесе қола (I, II, III орын) медальдары Республикалық пән олимпиадасы: Ағымдағы жылғы алтын, күміс (I, II орын) медальдары | Халықаралық пәндік олимпиадалар
|
Қосымша талаптар
- Ұсыналатын сертификаттар тиісті оқу жылының басы, яғни 2026 жылғы 1 тамызға дейін жарамды болу керек.
- IELTS/TOEFL сертификаттарын ұсынудың соңғы мерзімі “Маңызды күндер” бөлімінде көрсетілген.
- IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition және TOEFL PDT тестілерінің нәтижелері конкурста қарастырылмайды.
- IELTS/TOEFL тесттері Тест Орталығында тікелей қатысу арқылы (қашықтықтан емес) тапсырылуы қажет.
- IELTS/TOEFL сертификаты суперскорингсіз қарастырылады.
- Ең төменгі талаптарға сәйкес және белгіленген мерзімге дейін IELTS/TOEFLнәтижелерін ұсынатын талапкерлер ғана NUET емтиханына (төменде қараңыз) қатыса алады.
- Белгіленген мерзімге дейін ең төменгі талаптарға сәйкес келетін IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсынған және NUET емтиханына жіберілетін талапкерлер кейінірек тілдік тест нәтижелерін жақсарту мақсатында қосымша IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсына алады. Нәтижелерді ұсынудың соңғы мерзімі «Маңызды күндер» бөлімінде жарияланады.
- Қабылдау емтихандарының тапсырмаларын, олардың ережелері мен ұзақтығын Тест әкімшілері өзгертуі мүмкін.
- Тестіге бір апта қалғанда талапкердің электрондық поштасына емтиханның өтетін орны немесе формат туралы ақпарат, уақыты, қажетті құжаттар мен емтихан ережелері туралы ақпарат жіберіледі.
- Емтихан нәтижесі талапкердің Жеке кабинетінде сақталады және қосымша жеке электрондық поштасына жіберіледі. Егер тестілеуден өту ережелері немесе шарттары бұзылған болса, талапкердің нәтижелері жойылады. Бұл жағдайда, талапкер конкурстан шығарылады.
2026 қабылдау үшін өзгеруі мүмкін
Маңызды мерзімдер
NUFYP және бакалавриат бағдармалар
Онлайн өтінімдерді беру соңғы мерзімдері:
NUET талапкерлері (NUFYP және бакалавриат бағдарламалары, халықаралық талапкерлерді қоса): 27 қыркүйек — 2025 жылғы 20 қараша (14:00, Астана уақыты)
Халықаралық талапкерлер (тек бакалавриат бағдарламалары және NUFYP бағдарламасына SAT/ACT): 27 қыркүйек — 2026 жылғы 10 ақпан (14:00, Астана уақыты)
Басқа санаттар (тек бакалавриат бағдарламалары) (SAT/ACT талапкерлері, IB диплом иегерлері, A-level/NIS 12-сынып сертификаты иегерлері, пәндік олимпиадалар жеңімпаздары): 27 қыркүйек — 2026 жылғы 28 қаңтар (14:00, Астана уақыты)
IELTS/TOEFL тест нәтижелерді тапсыру соңғы мерзімі:
NUET талапкерлері (NUFYP және бакалавриат бағдарламалары, халықаралық талапкерлерді қоса): IELTS/TOEFL: 2025 жылғы 12 желтоқсан (23:59, Астана уақыты)
Халықаралық талапкерлер (тек бакалавриат бағдарламалары және NUFYP бағдарламасына SAT/ACT): IELTS/TOEFL: 2026 жылғы 12 ақпан (23:59, Астана уақыты); SAT/ACT: 2026 жылғы12 ақпан (23:59, Астана уақыты)
Басқа санаттар (тек бакалавриат бағдарламалары) (SAT/ACT талапкерлері, IB диплом иегерлері, A-level/NIS 12-сынып сертификаты иегерлері, пәндік олимпиадалар жеңімпаздары): IELTS/TOEFL: 2026 жылғы 12 ақпан (23:59, Астана уақыты); SAT/ACT: 2026 жылғы 12 ақпан (23:59, Астана уақыты).
2026 жылдың 1 ақпаны: Астана, Қостанай, Ақтау, Көкшетау, Өскемен;
2026 жылдың 8 ақпаны: Астана, Шымкент, Қызылорда, Түркістан;
2026 жылдың 15 ақпаны: Алматы, Талдықорған, Атырау, Петропавл, Орал
2026 жылдың 22 ақпаны: Қарағанды, Павлодар, Тараз, Семей, Ақтөбе;
Сабира Байдилдина
Center for Preparatory Studies • Университет алдындағы дайындық және Бакалавриат бағдарламалары



Разида Кенес
School of Mining and Geosciences • Бакалавр. Мұнай және газ ісі, 2023



Хабарландырулар
Жиі қойылатын сұрақтар
NUFYP нені білдіреді?
NUFYP (Nazarbayev University Foundation Year Program) – Назарбаев Университет Дайындық мектебінің интенсивті 1 жылдық бағдарламасы. . Бағдарлама Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламасына дайындау үшін тұлғалық дамуға, оқу дағдыларын дамытуға, математика мен академиялық ағылшын тілін меңгеруге бағытталған. Осы бағдарлама бойынша білім алу мемлекеттік гранты аясында немесе басқа да гранттар есебінен және ақылы негізде болуы мүмкін. Бітірушілер Университет алдындағы дайындық бағдарламасын аяқтау нәтижесінде Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламаларына қабылданады.
NUFYP бағдарламасына 10 сынып оқушысы оқуға түсе ала ма?
Жоқ, оқуға түсе алмайды. NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсына тек орта білім беру/орта білімнен кейінгі ұйымдардың соңғы сынып/курс білім алушылары мен түлектері ғана қатыса алады. Басқаша айтқанда, NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсына қатысу үшін бітіруші (соңғы) сынып/курс оқушысы немесе мектеп немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының түлегі болуы керек. Растама ретінде талапкерлер мектептен анықтама немесе мектеп аттестатын ұсынады.
Назарбаев Университетінің NUFYP бағдарламасында және орта мектепте қатар оқуға бола ма?
Бұл мүмкін емес. NUFYP бағдарламасының тыңдаушысы НУ-ға оқуға қабылдану кезінде және білім алу барысында орта білім беру ұйымының/орта білімнен кейінгі ұйымның түлегі болуы керек. NUFYP бағдарламасы күндізгі оқу нысаны бойынша оқытылады.
Назарбаев Университетінде оқу қай тілде жүргізіледі?
Назарбаев Университетінде оқу ағылшын тілінде жүргізіледі.
NUFYP бағдарламасына оқуға түсу міндетті ме?
Мектепті/колледжді бітіргеннен кейін NUFYP бағдарламасына түсу міндетті емес. Талапкерлер бакалавриат бағдарламаларына тікелей оқуға түсе алады.




