«Соңғы он жылдағы нөл пайыздық мөлшерлеме қайтып келмейді» — Л.Шукнехт

11 шілдеде Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің (AIIB) Вице-президенті және Корпоративтік хатшысы Людгер Шукнехт Назарбаев Университетінде қонақтық дәріс оқыды. Демалыс уақытына қарамастан Назарбаев Университетінің ондаған студенттері мен оқытушылары экономикалық ортада беделді сарапшының дәрісіне қызығушылық танытты.

11 шілдеде Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің (AIIB) Вице-президенті және Корпоративтік хатшысы Людгер Шукнехт Назарбаев Университетінде қонақтық дәріс оқыды. Демалыс уақытына қарамастан Назарбаев Университетінің ондаған студенттері мен оқытушылары экономикалық ортада беделді сарапшының дәрісіне қызығушылық танытты. Шараға сондай-ақ АХҚО қызметкерлері, астаналық журналистер мен басқа да қызығушылық танытқан қонақтар қатысты.

Шукнехт мырза «Экономикалық, мәдени және әлеуметтік әлеуетке негізделген Қазақстанның дамуына үлес қосатын халықаралық қаржы институттарының рөлі» тақырыбындағы дәрісінде әлемдік экономика алдында тұрған сын-қатерлердің бөлшектенуі мәселесін көтерді. Ең өзектілерге лектор індеттің салдарын, жаһандық экономикалық және саяси тұрақсыздығы мен протекционизм, мемлекеттердің нақты инвестициялық және әлеуметтік даму мақсаттарының жоқтығын жатқызды. Ал болашақтағы негізгі сын-қатерлер деп климаттың өзгеруі мен әледмегі халық санының қауіп-қатерін белгіледі.

Экономисттің айтуынша, бүгінгі таңда әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде G7 дамыған елдерінде, мемлекеттік қарыздың өсуі басты мәселелердің бірі болып отыр. ХХІ ғасырдағы мультидағдарыс елдерді халықаралық қаржы ұйымдарының көмегіне жүгінуге мәжбүр етеді. Осыған байланысты, Шукнехт дамыған елдердің халықтың қартаюына байланысты көбірек ақша жұмсауымен байланысты пайыздық мөлшерлемелердің жоғарылауының ықтимал қаупі бар екенін атап өтті.

«Егер елдерде дефицит жоғары болса, бұл ұлттық деңгейде жинақтауы аз болуын білдіреді. Сондықтан, жалпы алғанда, менің болжамым мынадай: соңғы он жылдағы нөлдік пайыздық мөлшерлеме қайтып келмейді», — деп атап өтті спикер.

Л.Шукнехт әлемде даму банктері санының көбеюіне және олардың аймақтық мүдделер бойынша топтарға бөлінуіне байланысты жаһандық және аймақтық мәселелерді шешуде мұндай құрылымдарға көбірек мемлекеттер сүйенетінін атап өтті. Лектордың айтуынша, қазіргі уақытта AIIB айналысатын өзекті мәселелеріне – климаттың өзгеруі, мемлекеттік қарыздар және әлемдік тәртіптің өзгеруі кіреді.

Қазақстанға келетін болсақ, сарапшы экологиялық жобаларға инвестиция салудың маңыздылығын және Париж келісімі бойынша Қазақстанның 2060 жылға дейінгі мәлімдеген мақсаты болып табылатын көміртегі бейтараптығына кезең-кезеңімен көшуге баса назар аударуды атап өтті.

«AIIB өзінің барлық жобаларында, соның ішінде Қазақстанда да Париж келісімдерін басты назарға алуға міндеттенді. Бұл жердегі жұмысымыздың маңызды қадамы болып қуат саласы табылады. Тағы бір маңызды қадам — тасымалдау инфрақұрылымы. Қазақстан батыс пен шығыс арасындағы транзит үшін ең маңызды «орта дәліз» болып табылады. Үшінші бағыт – телекоммуникация саласы – бүкіл өңір экономикасын дамытудың маңызды құрамдас бөлігі», — деп атап өтті AIIB вице-президенті.

Климаттың теріс өзгерістерін теңестіру жұмыстары аясында AIIB қуаттылығы 100 МВт Жаңатас жел электр станциясының құрылысына 46,7 млн ​​АҚШ долларын бөлгені белгілі. Жоба Жамбыл облысында жел электр станциясын дамытуды, салуды және пайдалануды көздейді. Осы уақытқа дейін 40 жел қондырғысы іске қосылды. Спикер AIIB Орталық Азияда мақұлданған тағы 15 жобаны жүзеге асыруға 3 миллиард доллардан астам инвестиция салғанын қосты.

Л.Шукнехт – ірі халықаралық қаржы ұйымдарында (ХВҚ, ДСҰ) тәжірибесі бар экономика және қаржы саласындағы белгілі сарапшы. Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің вице-президенті және корпоративтік хатшысы ретінде Л.Шукнехт банктің оның мүшелерімен, Басқарушылар кеңесімен, Директорлар кеңесімен қарым-қатынасына жауапты, сонымен қатар басқарудың басқа аспектілеріне, соның ішінде жаңа мүшелер мен Банк басшылығының адалдығына жауапты.

Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қаржылық ынтымақтастықты ынталандыруға және Азиядағы дамушы елдердегі инфрақұрылымдық жобаларға инвестициялауға бағытталған даму институты болып табылады.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53