UMC ТМД-да халықаралық аккредитациядан өткен алғашқы Академиялық медициналық орталық болды

NU Медицина мектебі дәрігерлердің, медбикелердің, биомедициналық ғалымдар мен инноваторлардың болашақ буынын даярлау, сондай-ақ Қазақстанда денсаулық сақтау сапасын арттыру жөніндегі өз миссиясында жаңа межеге жетті. "University Medical Center" корпоративтік қоры (UMC), NU медицинасының негізгі элементі, биомедициналық инновациялар, білім беру және пациенттерге күтім жасау университетінің экожүйесі, Қазақстандағы, Орталық Азиядағы және ТМД-дағы алғашқы академиялық медициналық орталық (АМО) ретінде Joint Commission International (JCI) толық халықаралық аккредитациясын алды.

NU Медицина мектебі дәрігерлердің, медбикелердің, биомедициналық ғалымдар мен инноваторлардың болашақ буынын даярлау, сондай-ақ Қазақстанда денсаулық сақтау сапасын арттыру жөніндегі өз миссиясында жаңа межеге жетті. «University Medical Center» корпоративтік қоры (UMC), NU медицинасының негізгі элементі, биомедициналық инновациялар, білім беру және пациенттерге күтім жасау университетінің экожүйесі, Қазақстандағы, Орталық Азиядағы және ТМД-дағы алғашқы академиялық медициналық орталық (АМО) ретінде Joint Commission International (JCI) толық халықаралық аккредитациясын алды.

Бұл тану клиникалық қызметтерді, білім беруді және зерттеулерді біріктіру арқылы денсаулық сақтауды дамытуға деген ұмтылысты көрсетеді. UMC осы беделді халықаралық аккредитацияны JCI халықаралық сарапшыларының 2024 жылғы 9-13 қыркүйек аралығындағы сапары нәтижесінде алды. Осылайша, Қазақстан JCI аккредиттелген АМО бар әлемнің 22 елінің біріне айналды.

JCI аккредитациясы бүкіл әлемде денсаулық сақтау сапасы мен пациенттердің қауіпсіздігінің алтын стандарты ретінде танылды. Аккредиттеу стандарттарына емдеу сапасы, пациенттерге күтім жасау, инфекцияны бақылау және алдын алу, хирургиялық процедуралар, дәрі-дәрмектерді басқару, кәсіптік оқыту, зерттеу қызметі және басқа параметрлер бағаланатын 1250 өлшенетін көрсеткіштер кіреді. Бұл медициналық көмектің жоғары сапасын, пациенттердің қауіпсіздігін, білім беру процестерін және қазіргі зерттеулерді көрсетеді. Медициналық ұйымды аккредиттеуді халықаралық қауымдастық медициналық көмек көрсету сапасының белгісі және пациенттердің сеніміне кепілдік ретінде қарастырады.

UMC академиялық медициналық орталығы оның медициналық көмек саласында ғана емес, білім беру мен зерттеу саласында да жетілдіруге деген ұмтылысын көрсетеді. UMC-ті NU медицина мектебімен біріктіру клиникалық тәжірибені озық зерттеулермен және заманауи медициналық біліммен үйлестірудің мысалы болып табылады. Бұл ынтымақтастық барлық ұлттық деңгейдегі UMC клиникаларында: Ана мен бала орталығы, Диагностикалық орталық және Жүрек орталығында пациенттер мен отбасыларға қамқорлық жасауға баса назар аудара отырып, бүкіл Қазақстан бойынша денсаулық сақтау стандарттарын арттыруға бағытталған.

NU Медицина мектебі бұл жетістікте шешуші рөл атқарады. 2015 жылы халықаралық стандарттар негізінде әлемдік деңгейдегі медициналық білім беру мақсатында құрылған мектеп студенттер мен резиденттерге пациенттердің қауіпсіздігі мен жоғары сапалы медициналық көмек көрсету тұрақты басымдықтар болып табылатын зерттеу ортасында практикалық клиникалық дайындықтан өту үшін UMC-мен тығыз жұмыс істейді.

«Бүгінгі күн – біздің мекемелеріміз, бүкіл Қазақстан мен Орталық Азия үшін айтулы сәт. Біздің клиникалар алғаш рет академиялық медициналық орталық ретінде JCI аккредиттеу жолына түседі. Бұл қадам маңызды жетістік қана емес, сонымен қатар біздің денсаулық сақтау жүйемізді өзгертуге мүмкіндік береді», — деп бөлісті UMC Бас директоры Юрий Пя. «Біз JCI аккредитациясын оның жоғары сапалы беделіне және медициналық көмектің әрбір аспектісін жақсарту әлеуетіне үшін алуға ұмтылдық. Бұл аккредиттеу сапаны, қауіпсіздікті және инновацияны бірінші орынға қоятын озық тәсілді қабылдау арқылы дәстүрлі тәжірибелердің шегінен шығуға көмектеседі. Бұл біздің үздіксіз жетілдіру мәдениетін қалыптастыруға және медициналық қызмет көрсетудің жалпы деңгейін жақсартуға деген ұмтылысымызды білдіреді».

Массимо Пиньятелли, NU Медицина вице-президенті және Медицина мектебінің деканы, UMC Корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңестің төрағасы: «JCI UMC-ді академиялық медициналық орталық ретінде аккредиттеу Назарбаев Университетінің (NU) медицинасы үшін, ауруларға диагностика жасау, емдеудің жаңа әдістері мен алдын алу саласындағы жетілдіру мен инновацияларға ықпал ететін университет экожүйесі үшін ерекше жетістік болып табылады. Ғылыми зерттеулерді, білім беруді және пациенттерге күтімді интеграциялаудың арқасында UMC толық аккредиттелген АМО ретінде қазақстандықтардың диагностиканың заманауи инновациялық әдістеріне және жаңа терапевтік препараттарға тікелей қол жеткізуі үшін медицина саласындағы прогресті жеделдететін бірлескен және инновациялық ортаны дамытуға ықпал ететін болады».

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53