NURIS бағдарламаларының түлегі $500.000 ұтты

Tumar венчурлық қорын басқаратын White Hill Capital екі стартапқа 1 миллион доллар инвестициялағанын жариялады. Жеңімпаздар: қазақстандық CodiPlay және тәжік Zypl.

Tumar венчурлық қорын басқаратын White Hill Capital екі стартапқа 1 миллион доллар инвестициялағанын жариялады. Жеңімпаздар: қазақстандық CodiPlay және тәжік Zypl.ai стартаптары. Codiplay — балаларға код жазуды үйретуге арналған ойын жобасы. Стартап NURIS инкубация және акселерация бағдарламаларының түлегі. 2021 жылы инкубациялық бағдарламаның қорытындысы бойынша стартап NURIS-тен 2 000 000 теңге көлемінде алдын ала қаржыландыруды, сондай-ақ инкубациялық бағдарламаның демеушісі Shell компаниясынан 1 500 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды. CodiPlay екі жыл бұрын жас қазақстандық әзірлеушілермен жасалған. Мобильді қосымшадан басқа, команда робототехника негізінде IoT жобаларын жасауға арналған CodiKit жинақтарын іске қосты. Бүгінде CodiPlay негізінде Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның мектеп оқушылары бағдарламалауды үйренуде. Ұжым интеграцияланған жүйені Әзірбайжан, Өзбекстан, Біріккен Араб Әмірліктері және Түркияда енгізуге жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kapital.kz

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53