Біз қоғамның дамуына үлес қоса алатын жауапты көшбасшыларды дайындаймыз — Шигео Катсу

3 желтоқсанда Назарбаев Университетінде (NU) пресс-конференция өтті. Оның барысында университет Президенті Шигео Катсу және студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Вице-президенті Қадиша Даирова БАҚ өкілдеріне Назарбаев Университетінің қызметі, ағымдағы жобалары мен алдағы жоспарлары туралы айтып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

3 желтоқсанда Назарбаев Университетінде (NU) пресс-конференция өтті. Оның барысында университет Президенті Шигео Катсу және студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Вице-президенті Қадиша Даирова БАҚ өкілдеріне Назарбаев Университетінің қызметі, ағымдағы жобалары мен алдағы жоспарлары туралы айтып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

NU Президенті Шигео Катсу университеттің қай бағытта дамып, нақты нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті. NU — білім беру мен зерттеуді қатар жүргізетін заманауи зерттеу университетінің алғашқы сәтті үлгісі. Университет Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін реформалаудағы өзіндік тәжірибесімен басқа жоғары оқу орындарымен бөлісіп келеді. Ғылыми зерттеулер Қазақстан экономикасына нақты нәтиже беруге бағытталған. Сол себептен NU дарынды жастардың магнитіне айналды, ал NU түлектері қазірдің өзінде елге қызмет етуде. Сонымен қатар, университет Астананың жоғары білім беру, ғылыми-зерттеу орталығы, ірі мегаполис ретінде қалыптасуын тездететін шешуші активі ретінде өз үлесін қосады.

«Кәсіпкерлік – жаңа кәсіпорындарды құру туралы айтатын болсақ, ол тек пайда табу үшін ғана емес. Біздің түлектеріміздің біразы әлеуметтік кәсіпкерлікте өте белсенді. Осылайша, біздің студенттер мен түлектеріміз қоғамға қайтарым жасауды өздерінің парызы және жауапкершілігі екенін түсінеді.Сондықтан, бізде мүмкіндігі шектеулі адамдармен, оқу мүмкіндігі шектеулі балалармен және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалармен жұмыс істейтін көптеген түлектеріміз бар», — деді NU президенті.

2018-2030 жылдарға арналған NU Стратегиясына сәйкес NU өзін әлемге әйгілі, халықаралық деңгейде танымал, зерттеуге бағытталған университет ретінде көрсетуге ұмтылады. Бір өршіл мақсат – 2030 жылға қарай әлемдегі ең жақсы зерттеу университеттерінің 20 пайыздық қатарына қосылу.

«Біз 2018 жылы осы мақсатты алдымызға қойғанда, рейтингке енген университеттердің жалпы саны 1100 болды. Енді, шамамен төрт жылдан кейін олардың саны 1800-1900 жетті. Демек, 2030 жылға қарай біз бұл рейтингте дүние жүзіндегі 2500-3000 зерттеу университетімен бәсекелесеміз деп болжаймыз. Ал бұл шын мәнінде нені білдіреді? Бұл елдердің білімге, ғылыми зерттеулер мен инновацияларға инвестиция салудың ұлттық егемендік үшін өте маңызды екенін түсініп отырғанын білдіреді», — деді Шигео Катсу.

Инновациялық іс-шаралар аясында Астанада жас кәсіпкерлерге арналған бизнес-кампус салынады деп күтілуде, онда шетелдік компаниялар да ынтымақтастыққа шақырылады. Медицина саласында университет дәрі-дәрмек әзірлеу және өндіру бойынша, Денсаулық сақтау министрлігінің жобаларына сәйкес, биомедициналық кластердің бөлігі болуға ниетті.

«Биомедициналық бөлім біздің болашақ дамуымыздың өте маңызды бөлігі болады. Ал екінші жағынан, университетің аурухана жүйесін ары қарай дамытамыз. Америка Құрама Штаттарының аурухана жүйесіне еніп, біз халықаралық ауруханалар жүйесінің бір бөлігі боламыз. Бұл тек сапалы медицина қызметтерін арттыру ғана емес, сонымен қатар медициналық туризмді дамытуға жағдай жасауға ықпал етеді», — деді NU Президенті.

Баспасөз мәслихаты барысында университет туралы жаңсақ пікірдің бірі – ауыл балалары NU-ға оқуға түсе алмайды деген пікірді жоққа шығарды. Жыл сайын университетте оқитын барлық студенттердің шамамен 25%-ін әлеуметтік осал отбасыларының балалары және ауыл мектептерінің түлектері құрайды. НЗМ және «Білім-Инновация» мектептері NU-дің студенттік құрамына өз үлесін қосты, алайда жаңадан қабылданған студенттерінің 60%-і Қазақстанның орта мектептерін бітірген. Тынымсыз еңбек пен жетістікке жетуге деген ұмтылыс студенттерге оқуға түсуге көмектесті, дейді Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент Қадиша Даирова.

«Мекемелер студенттерінің сапасымен өлшенеді. Біздің түлектер — біздің еңбегіміздің айнасы. Біз оларды мақтан тұтамыз, олар — біздің елшілер. Олар Назарбаев Университетінің дипломы әлемдік университеттермен бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді. Түлектеріміз жайында біз тек оң пікірлер аламыз»,- деді Қадиша Даирова.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында биылғы жылы шамамен 25%-ға төмендеген қаржыландыру мәселесі сөз болды. NU Президенті Шиего Катсу атап өткендей, бұл әлдеқайда әртараптандырылған кіріс базасына көшуді жеделдету үшін бірден-бір мүмкіндік. Ақылы оқу формасын енгізу — университеттің қаржылық болашағының тұрақтылығының негізі болмақ.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53