Ашық есік күні кезінде Назарбаев Университетінің сегіз мектебі мен Оқуға дайындау орталығы университетке оқуға түсуінің бірегей мүмкіндіктері және академиялық бағдарламалары туралы барлық қажетті ақпаратты ұсынатын болады.
Қыркүйектің 29-жұлдызында сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін келген қонақтар университеттің кампусымен танысуға, оқу кабинеттерді, жатақханаларды, спорт орталығын және т.б. көруге мүмкіндік алады. Сондай-ақ, әр-түрлі шеберлік кластарына қатысып, сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндігі болады.
Сонымен қатар, Назарбаев Университетінің студенттері келушілермен өздерінің тәжірибелерімен бөліседі, ал көптеген студенттік клубтар өткізген іс-шаралары жөнінде баяндап, өнерлерін көрсететін болады.
Ашық есік күніне қатысу үшін келесі сілтеме бойынша тіркелуге мүмкіндігініз бар open.nu.edu.kz







