Жыл сайынғы кәсіби бағдарлаушылар семинарына тіркеу ашық

Семинар Назарбаев Университеті және Мектеп оқушыларының кәсіби бағдарлау халықаралық бірлестігімен бірлесе ұйымдастырылып отыр. Іс-шара 2022 жылдың 18 қарашасында Назарбаев Университетінде өтеді.

Семинар Назарбаев Университеті және Мектеп оқушыларының кәсіби бағдарлау халықаралық бірлестігімен бірлесе ұйымдастырылып отыр.

Іс-шара 2022 жылдың 18 қарашасында Назарбаев Университетінде өтеді.

Семинарға кәсіби бағдарлаушылар, мұғалімдер, мектептер мен білім бөлімдерінің кәсіби бағдар беруге жауапты қызметкерлері және басқа да мүдделі тұлғалар шақырылады.

Семинар бағдарламасына мансап бойынша кеңес берушілердің жұмысындағы дағдылар мен тәсілдер, жасөспірімдермен жұмыс жасаудағы коучинг негіздері және т.б. тақырыптар бойынша сарапшылардың презентациялары кіреді.

Күні: 18 қараша 2022 жыл

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53, Назарбаев Университеті, Блок С2.

Семинарға қатысу үшін мына сілтеме арқылы тіркелу қажет. Орындар саны шектеулі.

Қосымша сұрақтар бойынша, Студенттерді оқуға тартуды басқару офисінің менеджері Нұртілек Аубакировке +7 (707) 756 06 00 телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызға болады.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53