NU және GX Foundation жаһандық денсаулық сақтау мен гуманитарлық инновациялар саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуда

Nazarbayev University (NU) және Гонконгта орналасқан, «Бір белдеу – бір жол» елдерінде медициналық және қоғамдық денсаулық сақтау саласында гуманитарлық көмек көрсететін халықаралық коммерциялық емес ұйым GX Foundation жаһандық денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты жоғары деңгейдегі кездесулер нәтижесінде нығайтып отыр. Бұл кездесулер Times Higher Education Asia Universities Summit 2026 аясында өтті, аталған саммитті Hong Kong University of […]
Тарихи сәт: Nazarbayev University ғалымы өңірде алғаш болып Майкл Фуллан сыйлығын иеленді

Nazarbayev University Жоғары білім беру мектебінің постдокторанты Әсел Шәрімова жас ғалымдарға арналған беделді халықаралық Майкл Фуллан атындағы Кәсіби капитал және қауымдастық (Michael Fullan Emerging Scholar in Professional Capital and Community Award) сыйлығының лауреаты атанды. Ол — осындай марапатқа ие болған бірінші қазақстандық ғана емес, бүкіл посткеңестік өңірден алғашқы ғалым. 2026 жылы бұл сыйлық әлем бойынша […]
THE Asia Universities Summit: NU және Азия университеттері ғылымның болашағын талқылауда

Times Higher Education Asia Universities Summit 2026 саммиті Гонконг ғылым және технология университетінде (HKUST) басталып, аймақтың жетекші жоғары оқу орындарының басшыларын бір алаңға жинады. Назарбаев Университетінің делегациясын университет президенті, профессор Вакар Ахмад бастап барды. Саммитке сондай-ақ провост Рехан Садик, вице-президент Әсел Увалиева, вице-президент әрі Медицина мектебінің деканы Хак Нг және ғылыми зерттеулер жөніндегі вице -провост […]
NU-да аутизмі бар балаларға арналған робототерапия технологиялары таныстырылды

Nazarbayev University-де «Аутизмге қатысты зерттеулер мен әзірлемелер» атты конференция өтіп, онда ғалымдар, дәрігерлер және сарапшылар аутистикалық спектрдегі балаларға көмек көрсетудің заманауи тәсілдерін талқылады. Конференцияның негізгі тақырыптарының бірі — робототерапия болды. Қатысушыларға APRIL жүйесі таныстырылды. Бұл шешім әлеуметтік роботтарды, аутизмге арналған он түрлі құрал біріктірілген жасанды интеллект платформасын және дағдыларды дамытуға негізделген ғылыми әдістемені ұштастырады. Университеттің […]
«Жас ғалым – VIII»: Nazarbayev University-де қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту мәселесі талқыланды

17 сәуір күні Nazarbayev University-де «Жас ғалым – VIII» атты жыл сайынғы ғылыми конференция өтті. Іс-шара Алаш қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың 160 жылдығына арналды. Конференцияны университеттің Қазақ тілі және түркітану кафедрасы басшылықтың қолдауымен ұйымдастырды. Конференцияның мақсаты — академиялық қазақ тілін ғылыми ортада дамыту, оны жастар арасында кеңінен насихаттау, сондай-ақ Қазақстан жоғары оқу орындары студенттері арасындағы […]
NU мен Halyk Bank: қаржылық деректер аналитикасы саласындағы серіктестік

Nazarbayev University (NU) Halyk Bank қолдауымен NU Жоғары бизнес мектебі базасында Halyk Қаржы нарықтары зертханасын іске қосты. Зертхананың негізгі артықшылығы — CRSP (Center for Research in Security Prices) деректер базасына қолжетімділік. Чикаго университетінің Booth бизнес мектебінде әзірленген CRSP қаржылық деректердің әлемдік «алтын стандарты» болып саналады. Ол АҚШ акциялары, облигациялары және индекстері бойынша 1928 жылдан бергі […]
NU мен Beijing University of Chemical Technology стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды

Nazarbayev University (NU) жанындағы Жаңа материалдар және энергетикалық технологиялар институты (INMET) мен Beijing University of Chemical Technology арасында Халықаралық зерттеу ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды. Құжат Қазақстан мен Қытай арасындағы бірлескен инновациялық әзірлемелерді дамытуға бағытталған. Келісімді Beijing University of Chemical Technology университеті кеңесінің төрағасы Лиу Гуйцин (Liu Guiqin) және INMET бас директоры, профессор Жұмабай Бакенов […]
Ғалымдар Орталық Азиядағы алғашқы цифрлық тағам атласын әзірледі

Nazarbayev University зерттеушілері Орталық Азияға арналған алғашқы цифрлық тағам атласын ұсынды. Бұл құрал өңір халқының тамақтану рационы мен порция көлемін дәлірек бағалауға мүмкіндік береді. Жоба қоғамдық денсаулық пен тамақтану саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға негіз бола алады. Атлас NU жанындағы Орталық Азия тағам инновациялары зертханасы (Central Asia Food Innovation Lab, CAFI Lab) тарапынан әзірленген. Ол […]
Тоқаев ALEM-ді жылдың ең үздік ғылыми жетістігі деп атады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nazarbayev University жанындағы University Medical Center мамандары әзірлеген ALEM (Astana Life Ex-situ Machine) медициналық құрылғысын жоғары бағалап, оны «өткен жылдың ең маңызды ғылыми жетістіктерінің бірі» деп атады. Бұл туралы Ақордада өткен ғалымдарды марапаттау рәсімі барысында айтылды. Мемлекет басшысы университеттердің технологиялық хаб ретіндегі рөлінің артып келе жатқанын атап өтіп, қазақстандық ғылымның медицинаны […]
Риккардо Пелиццо Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің деканы болып тағайындалды

Nazarbayev University халықаралық деңгейде танылған саясаттанушы профессор Риккардо Пелиццоны Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (GSPP) деканы қызметіне тағайындады. Бұған дейін деканның міндетін атқарған профессор Пелиццо дамушы елдердегі саяси даму, институционалдық реформалар және мемлекеттік басқару мәселелеріне маманданған. Оның зерттеулері парламенттердің әлеуетін және мемлекеттік институттардың тиімділігін бағалауға арналған талдау құралдарын әзірлеуге үлес қосты. Қазіргі уақытта ол саяси тұрақтылықты […]