Жастардың экодиалогы: NU-да Climate & Water Meetup өтті

Nazarbayev University-де жастар экоқоғамдастығының кездесуі – Youth Eco Community Meetup: Climate & Water Challenges in Central Asia өтті. Шара Орталық Азиядағы негізгі климаттық және су ресурстары мәселелеріне арналған және жастардың экологиялық бастамаларға қатысуын арттыруға бағытталған. Іс-шараны ұйымдастырушылар: ЮНИСЕФ Қазақстан, Француз даму агенттігі (AFD) және NU Тұрақты даму кеңсесі болды. Кездесу басында ұйымдастырушылар өкілдері жастармен тұрақты диалог […]
NU студенті «Жыл волонтері – 2025» халықаралық сыйлығының лауреаты атанды

5 желтоқсанда Астанада Халықаралық волонтерлер күніне және Халықаралық волонтерлер жылының ашылуына орайластырылған «Жыл волонтері – 2025» халықаралық сыйлығын табыстау салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық волонтерлік желінің қатысуымен ұйымдастырды. Биыл байқауға 15 номинация бойынша 118 өтінім түсіп, олардың нәтижесінде 46 лауреат анықталды. Nazarbayev University Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің 1-курс […]
200 PhD гранты: Өтініштер қабылдау басталды

Орталық Азия мен Кавказдағы жетекші ғылыми-зерттеу университеті — Nazarbayev University, докторантура қолдау бағдарламасын кеңейтіп, PhD гранттарының санын 200-ге дейін ұлғайтты. Бұл өткен жылдардағы көрсеткіштерден екі есе артық. Әсіресе жаратылыстану, компьютерлік ғылымдар, инженерия және медицина салаларына басымдық беріліп отыр. Бағдарлама мемлекеттік гранттар, сондай-ақ университеттің өз қаражаты мен NU Impact Foundation қоры есебінен қаржыландырылады. Кеңейту аясында Nazarbayev […]
Leiden Ranking рейтингінде NU биомедицина мен медицина ғылымдары бойынша әлемдік элита қатарына енді

Nazarbayev University (NU) ғылыми зерттеулердің сапасы мен нәтижелілігін ғана бағалайтын беделді Leiden University Ranking 2025 рейтингінде Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші университет ретінде танылды. Рейтингтің Open Edition санатында Biomеdical and Health Sciences бағыты бойынша NU әлемде 39–44 орын аралығына кіріп, Cornell University, King’s College London, University College London және University of California, Davis сынды жаһандық деңгейдегі университеттермен бір қатардан […]
Академиялық кітапханашылардың әлеуетін дамыту

Желтоқсан айының басында Nazarbayev University кітапханасы Қазақстан ЖОО кітапханалары қауымдастығымен бірлесіп жүзеге асырылатын кәсіби дамуға арналған жыл сайынғы бағдарлама — Еуразиялық академиялық кітапханалар тренингін (EALT-2025) өткізді. Іс-шараға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарынан, соның ішінде MNU, AlmaU, Астана медицина университеті, М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Алматы технологиялық университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ және басқа да […]
Кампус аумағында жаңа Студенттік орталық ашылды

Nazarbayev University кампусында 4-блоктың 3-қабатында орналасқан жаңа Student Community Center өз жұмысын бастады. 10 желтоқсанда студенттерге арналған жаңа кеңістіктің — Student Community Center-дің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Орталық студенттердің бос уақытын тиімді өткізуіне және бейресми қарым-қатынас жасауына арналған алаң ретінде құрылған. Ашылу рәсіміне университет басшылығы қатысты: NU президенті профессор Вакар Ахмад, атқарушы вице-президент Аслан Сәрінжіпов, студенттік […]
Айналмалы экономика – тек қайта өңдеуден артық: NU-де ашық дәріс

Nazarbayev University Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (GSPP) профессор Скотт Валентиннің «Циркулярлық экономика: тиімді мемлекеттік секторды құру» тақырыбындағы ашық дәрісін ұйымдастырды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, циркулярлық экономиканың қағидалары Қазақстанның дамуына қалай үлес қосатыны мен қоғамды қалай нығайта алатыны туралы пікір алмасты. Профессор Валентин циркулярлық экономиканы көбінесе тек қоқысты қайта өңдеумен шатастыратынын айтты. Шын мәнінде, бұл ресурстардың құндылығын […]
Орталық Азияда экономикалық зерттеулерді ілгерілететін жаңа қауымдастық іске қосылды

Nazarbayev University, New Uzbekistan University (Ташкент) және American University of Central Asia (Бішкек) өңірдегі экономикалық ғылымдардың танымалдығын арттырып, оның нақты ықпалын күшейту мақсатында ортақ платформа құру туралы келісімге келді. Осы бастама аясында Орталық Азия экономикалық қауымдастығы (Central Asian Economic Association, CAEA) құрылды. Қауымдастық Орталық Азияда және одан тыс өңірлерде еңбек ететін барлық экономист-ғалымдарына арналған. Ұйымның […]
ISSAI Қазақстанның жасанды интеллект cаласындағы жетістіктерін таныстырды

Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) NU Бас залында ISSAI Momentum іс-шарасын өткізді. Оған Үкімет өкілдері, академиялық орта, IT-компаниялар, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйымдар және дипломатиялық миссиялардан 150-ден астам беделді қонақ қатысты. Шара барысында қазақстандық мамандар әзірлеген соңғы жасанды интеллект (ЖИ) жетістіктері таныстырылып, Қазақстанның техникалық тәуелсіздікке, тілдік инклюзияға және мәдени сәйкестікке деген ұмтылысы көрсетілді. […]
Ғалымдар «жасыл сутегі» өндіретін алғашқы отандық қондырғыны іске қосты

Nazarbayev University ғалымдары өздерінің патенттері мен инженерлік әзірлемелеріне негізделген «жасыл сутегі» өндіретін алғашқы кешенді станцияны жасап, іске қосты. Толық циклді пилоттық қондырғы тек күн панельдері мен жел генераторларынан қуат алады. Жүйенің өзегін NU-дың жанындағы National Laboratory Astana-ның жаңартылатын энергия көздері зертханасы әзірлеген инновациялық катализаторлар мен бірегей инженерлік шешімдер құрайды. Жоба Қытайдың Zhejiang H2-Bank Technology Co., […]