NU-да қонақ дәрісі: Канада мен Орталық Азияның ынтымақтастығы

Nazarbayev University (NU) Канада Елшісі Кристофер Дагганның (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан) қонақ дәрісін ұйымдастырды. Іс-шараға NU-дың әртүрлі мектептерінен профессорлар мен студенттер қатысты, олардың көпшілігі дипломатиялық мансапқа қызығушылық танытты. Дәріс Канада сыртқы саясатының басымдықтары мен Орталық Азиямен серіктестігіне арналған. Кездесу барысында геосаясат, миграция, аймақтық қауіпсіздік және халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бірлескен бастамалардың маңызы және […]
Bett UK 2026 көрмесінде NU түлектерінің үш стартапы таныстырылды

Nazarbayev University 21 қаңтарда Ұлыбританияда басталған халықаралық білім беру көрмесі Bett UK 2026 аясында өз жетістіктерін таныстыруда. Университет Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып, академиялық бағдарламаларын және білім беру технологиялары саласындағы (EdTech) әзірлемелерін ұсынды. Көрменің алғашқы күні өткен Leading EdTech атты негізгі іс-шараға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім […]
NU зерттеу жобалары THE Asia Awards 2026 байқауының қысқа тізіміне енді

Nazarbayev University ұсынған екі зерттеу бастамасы Times Higher Education (THE) Asia Awards 2026 сыйлығының қысқа тізіміне еніп, жаратылыстану-техникалық ғылымдар (STEM) мен әлеуметтік ғылымдар салаларындағы жоғары жетістіктері үшін мойындалды. Бұл марапат Азияның сан қырлы жоғары білім кеңістігіндегі көшбасшылықты, жаңашылдықты және институционалдық ықпалды дәріптейді. «Жылдың үздік зерттеу жобасы: STEM» номинациясы бойынша NU жетекшілік еткен жоба экологиялық таза […]
Ғылым мен атом энергетикасы: ынтымақтастық әлеуеті

Nazarbayev University-дің ғылыми әлеуетін Қазақстанның атом саласымен ұштастыру мүмкіндіктері, қолданбалы зерттеулерді іске асыру және жоғары білікті кадрлар даярлау мәселелері 21 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Атом энергетикасы агенттігінің төрағасы Алмасадам Саткалиевтің университетке жасаған сапарының басты тақырыптарына айналды. NU басшылығымен өткен кездесуде тараптар өзара ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, атом энергетикасы жобаларын ғылыми-техникалық тұрғыда сүйемелдеуге ғалымдардың […]
NU Times Higher Education–2026 пәндік рейтингінде 100 орынға көтерілді

Times Higher Education 2026 жылға арналған әлемдік университеттердің пәндік рейтингтерін жариялады. Nazarbayev University (NU) бірқатар негізгі академиялық бағыттар бойынша өз позициясын нығайтты. NU Медицина және денсаулық сақтау бағыты бойынша 301–400 диапазонына көтеріліп, соңғы екі жылдағы тұрақты өсімді жалғастырды. Өнер және гуманитарлық ғылымдар бағыты да осы топқа еніп, 301–400 аралығына көтерілді. Білім беру (Education Studies) бағыты […]
NU кампусындағы күн коллекторлары: ғылыми идеядан нақты іске көшу

Nazarbayev University кампусында күн жылу коллекторларын тұрғын үйлердің орталық жылумен қамту жүйесіне біріктірген жоба іске қосылды. Қазақстанда алғаш рет күн энергиясы дербес немесе тәжірибелік шешім ретінде емес, қолданыстағы орталықтандырылған жылу инфрақұрылымының құрамдас бөлігі ретінде пайдаланылып отыр. Жүйе екі пәтерлі 10 тұрғын таунхаусты жылумен қамтиды және орнатылған жылу қуаты шамамен 50 кВт-ты құрайды. Қазіргі есеп бойынша […]
Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған форум Nazarbayev University-нде өтті

2026 жылғы 15–16 қаңтар күндері Астанада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мен Nazarbayev University бірлесіп ұйымдастырған «Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету: қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» атты форум өтті. Форумның басты оқиғасы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің, мемлекеттік органдар, […]
Nazarbayev University басшылық құрамын жаңарту аясында д-р Гүлмира Қанайды вице-президент етіп тағайындады

Nazarbayev University (NU) д-р Гүлмира Қанайдың адам ресурстарын басқару, мемлекеттік органдармен байланыс және ұйымдық даму жөніндегі вице-президент, сондай-ақ қауымдастықтармен және өңірлермен өзара іс-қимылға қосымша жауапкершілік жүктелген жаңа қызметке тағайындалғанын жариялады. Тағайындау 2026 жылғы 16 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл шешім NU Қамқоршылар кеңесі тарапынан бекітілді. «Университеттің Қамқоршылар кеңесі д-р Гүлмира Қанайды Nazarbayev University-дің адам ресурстарын […]
Германия Nazarbayev University дипломдарын және институционалдық сапа стандарттарын ресми мойындады

Федералдық Германия Республикасы Nazarbayev University (NU) институционалдық аккредитациясын ресми түрде мойындады, бұл Ұлыбританияның Quality Assurance Agency for Higher Education (QAA) агенттігінің аккредитациясынан кейін жасалды. Бұл мойындау NU-дың институционалдық аккредитациясының 2030 жылғы 20 шілдеге дейін жарамды екенін растайды. NU 2025 жылғы тамызда QAA-ның халықаралық сапа тексеруі (IQR) нәтижесінде институционалдық аккредитация алды, бұл университеттің халықаралық білім стандарттарына […]
Профессор Бьёрн Биргиссон зерттеу және инновациялар жөніндегі вице-провост болып тағайындалды

5 қаңтарда профессор Бьёрн Биргиссон Nazarbayev University командасына зерттеу және инновациялар жөніндегі вице-провост ретінде қосылды. Бұған дейін ол University of Georgia-ның Экологиялық, азаматтық, ауыл шаруашылығы және механикалық инженерия мектебіне басшылық еткен. Жаңа қызметте профессор Биргиссон Университеттің зерттеу стратегиясын, инновациялық экожүйесін дамыту, сондай-ақ индустрия пен мемлекеттік құрылымдармен серіктестікті үйлестіреді. Ол зерттеулер жөніндегі вице-декандармен тығыз жұмыс істеп, […]