Өңірлік ынтымақтастықты нығайту: Атырау облысының жоғары оқу орындарымен серіктестік

NU делегациясы өңірлік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыту аясында Атырау қаласына барды. Сапар барысында ғылым мен инновация салаларындағы стратегиялық серіктестік, білім беру мен өңір өнеркәсібіне заманауи технологияларды енгізу, сондай-ақ бірлескен зерттеу жобаларын дамыту мәселелері талқыланды.

NU өкілдері Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіне барып, «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясының басшылығымен кездесті.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде делегация ғылыми және білім беру инфрақұрылымымен танысты. Тараптар жасыл технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен, су ресурстарын басқару және жасанды интеллектті қолдану салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі — NU тәжірибесі мен сараптамасын өңірлік жоғары оқу орындарының мамандануына және өңірдің қажеттіліктеріне бейімдеу.

С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде тараптар бірлескен ғылыми және инновациялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ мұнай-газ саласында жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктерін талқылады. Сапар аясында ТШО басшылығымен де кездесу өтті. Өнеркәсіптік серіктестермен өзара іс-қимыл жасау жоғары оқу орындарына өндірістің технологиялық қажеттіліктерін жақсырақ түсінуге және зерттеулер мен әзірлемелерді практикада қолданудың перспективалы бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Атырауға сапар NU-дың өңірлік жоғары оқу орындарымен және өнеркәсіп өкілдерімен серіктестікті дамыту жөніндегі жұмысының жалғасы болды. Бұл тәсіл NU тәжірибесін, өңірлік жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін және индустрияның сұранысын біріктіріп, жаңа технологияларды өндіріске енгізуге және Қазақстан өңірлерінің қажеттіліктеріне бағытталған жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Фотосуреттерді Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің баспасөз қызметтері ұсынды.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53