NU қабырғасында Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» халықаралық шоуының финалы өтті

Nazarbayev University-де (NU) ауқымды «Voice Beyond Horizon» (Көкжиек үні) халықаралық музыкалық жобасы өз мәресіне жетті. Шоудың бастамашысы әрі продюсері — Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген, ал жоба Қытайдың ең ірі Mango TV бейнепорталымен ынтымақтастықта жүзеге асырылды.

«Voice Beyond Horizon» — Қазақстан, Қытай, Сербия, Италия, Малайзия және Қырғызстанның сегіз орындаушысын біріктірген 2026 жылғы бірегей жоба. Жоба аясында әртістер Қазақстанның маңызды қалалары — Түркістан, Ақтау және Алматыға әсерлі саяхат жасап, ол Астанадағы ауқымды финалмен түйінделді. Бұл музыкалық сапардың мақсаты — өнер арқылы мәдениеттерді ұштастыру және халықаралық байланыстарды.

Финал алаңы ретінде Nazarbayev University-дің таңдалуы терең символдық мәнге ие. Дәл осы жерде алғаш рет «Бір белдеу, бір жол» бастамасы көтерілген болатын, ал бүгінде университет мәдени және зияткерлік алмасудың көпірі қызметін жалғастырып келеді. NU студенттері үшін Димаш Құдайбергеннің сапары мен халықаралық шоу түсіріліміне қатысу — жаһандық медиа-контенттің жасалу процесін өз көзімен көріп, әлемдік деңгейдегі өнерге куә болудың сирек мүмкіндігіне айналды.«Voice Beyond Horizon» шоуының финалдық эпизодының толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көруге болады.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53