Эфиопиялық түлек шетелдік студенттер арасында үздік жетістіктері үшін марапатқа ие болды

НУ Президенті Шигео Катсу, НУ Провосты Адесида Илесанми, НУ Вице-президенті Кадиша Даирова және Шетелдік студенттер қауымдастығының (AOIS) басшысы Мохаммад Хабиб Абдулла іс-шараға келген шетелдік студенттерді құттықтау сөздерімен қарсы алды. Жиналыс барысында НУ Президенті Шигео Катсу Эфиопиядан келген Кебир Мохаммед Джемалға шетелдік студенттер арасындағы үздік жетістіктері үшін алғашқы марапатты табыс етті.

НУ Президенті Шигео Катсу, НУ Провосты Адесида Илесанми, НУ Вице-президенті Кадиша Даирова және Шетелдік студенттер қауымдастығының (AOIS) басшысы Мохаммад Хабиб Абдулла іс-шараға келген шетелдік студенттерді құттықтау сөздерімен қарсы алды.

Жиналыс барысында НУ Президенті Шигео Катсу Эфиопиядан келген Кебир Мохаммед Джемалға шетелдік студенттер арасындағы үздік жетістіктері үшін алғашқы марапатты табыс етті. Кебир жақында НУ Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебін (NU SEDS) инженерлік менеджмент магистрі дәрежесімен бітірді.

«Ерекше түлек — шетелдік студент» атағын бірінші болып алу – мен үшін үлкен мәртебе. Мен өзімнің жолымды бастаған кезде, екі жылдық оқу барысында көп нәрсеге қол жеткізе аламын деп ешқашан ойламаппын. Қолайлы атмосфера мен жақсы ойластырылған оқу бағдарламаларының арқасында мен өзім қалағанымнан көп нәрсеге қол жеткізе алдым. Назарбаев Университеті менің оқуға деген махабаттымның қайта жанданған орны болып мәңгі қала береді. Оқытушылардың, қызметкерлердің және студенттердің қолдауы болмаса, бүгінгі жетістіктерге жете алмас едім деп сеніммен айта аламын», — деді Кебир.

Кебир Мохаммед Джемал конкурстарда Халықаралық студенттер қауымдастығы атынан бірнеше рет қатысып, IEEE Digital Explore Challenge, SG Poster Contest сияқты бірнеше марапаттарға ие болды. Ол үш рет академиялық үлгерімі бойынша үздік студенттер қатарына кірді. Кебир сонымен қатар НУ Қауымдастырылған профессоры Ферхат Карачтың жетекшілігімен құрылыс секторындағы циркулярлық экономика тұжырымдамаларын дамыту бойынша ассистент-зерттеуші (RA) болып жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта НУ-да әлемнің 30 елінен 150-ге жуық шетелдік студент оқиды. Халықаралық студенттер қауымдастығы олар үшін іс-шаралар ұйымдастырады. Осылайша, жыл бойы оқудан бос уақытында олар «Inside Cultures» іс-шаралар циклі шеңберінде 20 түрлі елдің мәдениетімен таныса алды, орыс тілін тегін үйренді, спортпен шұғылданды, сондай-ақ Зеренді мен Бурабайға барды. НУ Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің магистратурасында оқитын Шетелдік студенттер қауымдастығының (AOIS) басшысы Мохаммад Хабиб Абдулла осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

«Біз мұның бәрін негізінен жергілікті және шетелдік студенттер бір — бірімен жақсы араласуға, бір-бірін жақсы түсінуге және осылайша бірнеше жыл бойы бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатуға көмектесу үшін ұйымдастырамыз», — деді Мохаммад.

Шетелдік студенттердің кездесуі Kahoot ойынымен, бимен және музыкалық қойылымдармен аяқталды.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53