Кездесу барысында оны NU Президенттің міндетін атқарушы Илесанми Адесида залға Қазақстанның жетекші университетінің студенттердің жаңа буыны жиналғанын атап өтті. Оның айтуынша, университет алдына қойған 5 стратегиялық міндетті сәтті орындап келеді. Олар елдегі білім беру жүйесін қалыптастырудағы көшбасшылық, академиялық және ғылыми жетекшілік, интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесінің моделін құру және дамыту, сондай-ақ инновациялар. Осы бес бағыттың барлығында университет айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді, деді ол.
Министр Саясат Нұрбек өз дәрісінде студенттерге Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі жетістіктер туралы айтып, оның алдында тұрған міндеттерге, сондай-ақ бұл үдерістегі NU рөліне тоқталды.
«NU өте маңызды және сөзсіз келе жатқан алып инновациялар толқынына дайын. Технологиядағы революцияның жетегінде тұрған энергетикалық революция, медицина мен материалтануда орасан зор өзгерістер орын алуда. Кванттық есептеулер мен жасанды интеллект осы өзгерістердің барлығын тездетеді, өйткені формулалар мен зерттеу әдістемесі өзгеріп жатыр. Ғалымдар ойлаудың жаңа және күрделі тәсілдерін ойлап табу үшін ЖИ-ке сүйенеді. Мысалы, Google NASA-мен бірігіп физиканың жаңа заңдарын ашу үшін телескоптардағы барлық деректерді алгоритмге салады. Ал NU бұл түбегейлі революцияны түсінуге көмектесетін санаулы алаңдардың бірі және біз NU-ды қорғауымыз керек», — деді С.Нұрбек.
Министр атап өткендей, Қазақстанда өңірлерде таланттарды тартудың оқу орындары құрылуда. Егер 2022 жылы мемлекеттің қолдауымен 4 аймақтық жоғары оқу орнының негізінде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылса, өткен жылы инженерлік-техникалық кадрларды даярлайтын тағы 8 филиал ашылды. Бұл жұмыста NU-дың автономия тәжірибесі мен жинақталған білімі маңызды рөл атқарды.
«NU-дың дамуы – біздің басты басымдықтарымыздың бірі. NU Қазақстанға шетелдік оқу орындарының келуіне жол ашып, үлгі болды. Біз университеттің стратегиялық серіктестермен жылдар бойы жинақтаған мол тәжірибесін пайдаланамыз және оны осы шын мәнінде беделді университеттерге біздің жағдайда мүмкін болатын барынша икемділікпен қамтамасыз ету үшін пайдаланамыз», — деді Саясат Нұрбек университеттің білім беру жүйесін және ғылымды дамытуға қосқан үлесін атап өттіп.
Open Talk алаңында диалогты NU Студенттік үкіметінің басшысы, «Computer Science» мамандығының 4 курс студенті Ерасыл Қадіржанов жүргізді. Сұрақ-жауап барысында студенттер министрге жоғары білім мен ғылымды қаржыландыруды ұлғайту, академиялық қазақ тілін дамыту, шетелдік студенттерді Қазақстанға оқуға тарту және басқа да көптеген мәселелер бойынша сұрақтар қойды. С.Нұрбек университет студенттерінің жоғары жетістіктерін атап өтіп, оқуларына сәттілік тілеп, министр мен студенттер арасындағы диалогты жалғастыру үшін тағы да кездесуге уәде берді.







