NU-дағы «Дармарка» : Заттарды қайта пайдалану және қалдықтарды азайту жөніндегі экологиялық бастама

7 ақпан күні NU-да «Дармарка» экологиялық бастамасы өтті, оның мақсаты – заттарды қайта пайдалану және қалдықтардың мөлшерін азайту.

Іс-шараны Тұрақты даму офисі мен USM ұйымдастырды.

Іс-шара аясында қатты көнермеген көптеген зат жиналды, олардың ішінде киім, ойыншықтар, үстел ойындары, пластик ыдыс-аяқ, қағаз, картон, мерзімі өткен дәрілер, пакеттер және батарейкалар болды. Барлық жиналған зат қайырымдылық ұйымдарына және қайта өңдеуге жіберілді.

Іс-шараның жүзеге асырылуына LikeKomek компаниясы елеулі үлес қосты, ол қалдықтарды ұйымдастыру және қайта өңдеу бойынша қолдау көрсетті. Сондай-ақ «Жер амбассадорлары» жобасынан волонтер мектеп оқушылары белсенді қатысып, жинау және сұрыптау жұмыстарына көмек көрсетті.

Қатысушылардың біріктірілген күш-жігері арқасында тек қалдықтардың көлемі азайтып қана қоймай, заттар екінші өмірге ие болды. Мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етіп, әр адамның қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосуына мүмкіндік береді.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53