“Кітапхана қай жерде?” Бағдарлау аптасы басталды

Биыл 3 мың адам университет табалдырығын аттап отыр. Дайындық бағдарламасына (NUFYP) 600-ден астам, бакалавриат бағдарламаларына 1,5 мыңға жуық, магистратура мен PhD бағдарламаларына 800-ден астам студент түсіп отыр.

Биыл 3 мың адам университет табалдырығын аттап отыр. Дайындық бағдарламасына (NUFYP) 600-ден астам, бакалавриат бағдарламаларына 1,5 мыңға жуық, магистратура мен PhD бағдарламаларына 800-ден астам студент түсіп отыр. Биыл оқуға түскен шетелдіктер қатары 150 болды – бұл он бес жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіш.

“Бүгін академиялық жетістіктер мен түрлі қызыққа толы студенттік өмірге аяқ басасыздар. NU-да біз білім берумен қатар, ерік-жігері мықты жастарды өсіруге назар аударамыз. Академиялық тұрғыдан жетіліп, тұлға ретінде даму үшін керекті барлық ресурс, мүмкіндік пен қолдау шараларын ұсынуға тырысамыз”, — деді ашылу салтанатында NU Президенті Вакар Ахмад.

Өзінің алғысөзінде NU Президенті университеттің жоғары этикалық талаптарды ұстанатынын айтты, осының арқасында жоғары оқу орны әлемдегі үздік зерттеу университеттерінің 30%-ы, Азия елдері университеттерінің 11%-ы қатарына кіріп, әлемдегі ең жас жоғары оқу орындары рейтингінде 106-орынға жайғасты.

Осы аптаның көлемінде жаңадан қатарға қосылған студенттерге қандай пәндер таңдау керегі, оларға тіркелу процесі түсіндіріледі, білім алушылар оқытушылармен танысып, жатақханадан қалай жайғасу керегі туралы мәлімет алады, сондай-ақ студенттерге кампустағы түрлі қызметтерді қалай қолдану қажеттігі көрсетіліп, университтің академиялық және басқа да ережелері түсіндіріледі. Шетелдік университеттер үрдісімен ұйымдастырылып отырған бағдарлау аптасы NU құрылған сәттен бастап ұйымдастырылып келеді, ол студенттердің бейімделу процесін жеңілдетуге бағытталған. Бағдарлау аптасы барысында түрлі сессиялар, кездесулер мен шаралар өткізіліп, студенттер университет инфрақұрылымының және студенттік өмірдің мүмкіндіктерімен танысады.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53