1 – қадам. Жеке кабинет ашу
Жеке кабинет ашу үшін admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліңіз. Жеке кабинетіңізде тіркелу нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.
2 – қадам. Өтінім беру нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеңіз
- Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде Step 1 сілтемесін ашыңыз. Дербес деректерді өңдеу келісімді қамтитын Өтінім беру нысанын толтырып, «Upload» батырмасын басыңыз.
- Қажетті құжаттарды көрсетілген форматта жүктеу үшін келесі Step 2 қадамына өтіңіз.
- 3×4 суретіңізді «Profile» бөліміне жүктеңіз.
3 – қадам. Тіркелу жарнасын төлеп, өтініш беруді аяқтаңыз
- Өтініш беруді аяқтау үшін Жеке кабинетіңіздің «My Application Forms» бөліміндегі «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басыңыз. Тіркелу жарнасы тек ұсынылған төлем әдістері арқылы онлайн төленуі қажет; басқа төлем әдістері қабылданбайды.
- Сіз 2 магистратура немесе докторантура бағдарламаларына өтініш бере аласыз, бірақ екеуіне де қабылданған жағдайда біреуін ғана таңдауыңыз қажет.
- Стандартты тіркелу жарнасы — 15 000 теңге, кеш тіркелу жарнасы — 45 000 теңге. Өтінім берудің белгіленген мерзіміне дейін соңғы екі апта өтінім берудің кеш мерзімі болып саналады. Өтінім берудің нәтижесіне немесе төлем қателеріне қарамастан, тіркелу жарнасы қайтарылмайды.
4 – қадам. IELTS/TOEFL/GRE/GMAT нәтижелерін тапсырыңыз
IELTS/TOEFL/GRE/GMAT сертификатын тапсыру үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Электронды түрде:
- IELTS/TOEFL/GRE/GMAT жарамды сертификаттың электрондық нәтижесін Тест әкімшісі арқылы тікелей НУ-ға жіберіңіз.
2. IELTS/TOEFL нәтижелерін жүктеу:
- IELTS/TOEFL сертификаттың сканерленген көшірмесін және оның бірегей нөмірін Жеке кабинеттің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне енгізіп жүктеңіз. Конкурсқа қатысу үшін бірнеше сертификатты жүктеуге болады, бірақ іріктеуде Жеке кабинетке соңғы болып жүктелген сертификат қарастырылады.
3. GRE/GMAT нәтижелерін жүктеу:
- GRE/GMAT сертификаттың сканерленген көшірмесін (талап етілсе) «My Application Forms» (Step 2) бөлімінде жүктеңіз.
Маңызды тест кодтары:
- IELTS: NU, Admissions Department
- TOEFL iBT: 6762
- GRE: 6496
- GMAT: H6M-R7-93
Маңызды ескертулер:
- НУ сіздің тест нәтижелеріңізді тапсыруға жауапты емес. Сіз Тест әкімшісіне (Тест орталығына) өзіңіз хабарласуыңыз керек, сертификат жіберу кем дегенде 7-10 жұмыс күнін алады.
- Егер сертификат белгілеген мерзімінен кеш келсе, нәтижелер конкурста қарастырылмайды.
- Барлық сертификаттар өтінім бергенсәтке дейін жарамды болуы қажет.
- IELTS/TOEFL сертификатын ұсыну бойынша толық нұсқаулық сіздің Жеке кабинетіңізде қолжетімді.
- IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition и TOEFL PDT нәтижелері қарастырылмайды.
- IELTS/TOEFL нәтижелерін жүктеу бойынша бейне нұсқаулықты мына сілтемеден таба аласыз.
Тесттен босатылған жағдайлар:
IELTS/TOEFL тапсырудан босатылуыңыз мүмкін, егер:
- Ағылшын тілі ресми тілі болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда.
- Бакалавр немесе магистр дәрежесі бойынша оқыту тілі Ағылшын тілі болған жағдайда (растайтын құжат қажет).
- Назарбаев Университетінің түлегі болсаңыз.
Келесі қадамдар
Өтінім бергеннен кейін сіздің ұсынушыларыңызға онлайн-нысанды пайдаланып ұсыным хатын ұсынуды талап ететін автоматты хабарлама жіберіледі. Ұсыным хаттарды ұсыну бойынша толық нұсқаулық Жеке кабинетте қолжетімді.
Өтініміңіздің статусы туралы білу үшін Жеке кабинет пен электрондық поштаңызды жиі қадағалаңыз. Кейбір жағдайларда Университет хабарламалары спам жәшігінде болуы мүмкін.
Ағылшын тілінде өтетін сұхбатқа шақырылған жағдайда Қабылдау комиссиясымен сұхбаттан өтіңіз.
Өтінім беру кезінде қиындықтар туындаған жағдайда мәселенің толық сипаттамасын, сонымен қатар ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен Жеке кабинетте үміткерге берілетін Applicant ID нөмірін phd_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына жазыңыз.
Барлық бағдарламар тізімі
Бағдарламаңызды табыңыз
NU-де сіз армандарыңызға қол жеткізіп, дағдыларыңызды дамытып, әлемдік деңгейдегі жоғары сапалы академиялық бағдарламаларымыз арқылы мақсаттарыңызды жүзеге асыра аласыз.

Қабылдау талаптары
Бұл жалпы қабылдау талаптары, қаржылай көмек пен гранттар негізінде оқуға түсу талаптары мына сілтемеде көрсетілген.
Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі - NU SEDS

PhD бағдарламалары
Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлерге мына талаптар қойылады:
| 1 | Бакалавр және магистр дәрежелері (немесе баламалары) | Магистр дәрежесі бойынша CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) 4.00-ден кем дегенде 2.75 болуы тиіс; Онлайн тіркелу кезеңінде магистратура бағдарламасының соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады; |
| 2 | Ағылшын тілін меңгеру деңгейі | 1. IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы. TOEFL iBT Home Edition, TOEFL PDT, IELTS Online және IELTS Indicator нәтижелері қарастырылмайды; 2. Бағдарламаға түсетін үміткерлер мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін: – үміткер академиялық дәрежесін ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас және оқыту тілі болып табылатын елде алған жағдайда; – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша бакалавр/магистр дәрежесін алған жағдайда. |
| 3 | GRE/GMAT тестінде көрсетілген жоғары оқу, аналитикалық және математикалық дағдылар | Талдау және математикалық қабілеттерін GRE немесе GMAT тестілерінің нәтижелері арқылы көрсетуі (болғаны абзал); |
| 4 | Негіздеме хаты | Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық. |
| 5 | Ұсыным хаты | Cоңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным хат, екеуінің кем дегенде біреуі академиялық ұсыным болуы тиіс (ұсыным беретін тұлғалар электрондық немесе қағаз түрінде ұсынады). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз. |
| 6 | Түйіндеме | 1 беттен аспайтын |
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі - NU SSH

PhD бағдарламалары
Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлерге мына талаптар қойылады:

| 1 | Бакалавр және магистр дәрежелері (немесе баламалары) | Онлайн тіркелу кезеңінде магистратура бағдарламасының соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады; Магистр дәрежесі бойынша CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) 4.00-ден кем дегенде 2.75 болуы тиіс. Еуразиялық зерттеулер облысындағы философия ғылымдарының докторы бағдарламасына магистр дәрежесі бойынша бәсекеге қабілетті CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші); |
| 2 | Ағылшын тілін меңгеру деңгейі | 1. IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы. Еуразиялық зерттеулер облысындағы философия ғылымдарының докторы бағдарламасына IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 (әр секция бойынша кем дегенде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы. TOEFL iBT Home Edition, TOEFL PDT, IELTS Online және IELTS Indicator нәтижелері қарастырылмайды; 2. Бағдарламаға түсетін үміткерлер мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін: – үміткер академиялық дәрежесін ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас және оқыту тілі болып табылатын елде алған жағдайда; – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша бакалавр/магистр дәрежесін алған жағдайда. |
| 3 | GRE тестінде көрсетілген жоғары оқу, аналитикалық және математикалық дағдылар | Оқу, талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (болғаны абзал); |
| 4 | Негіздеме хаты | Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық. |
| 5 | Жоғары академиялық жазу дағдылары | Еуразиялық зерттеулер облысындағы философия ғылымдарының докторы бағдарламасына, жазбаша жұмысында (ғылыми мақала, эссе, жарияланған мақала) үлгі көрсетілгендей, академиялық жазу дағдылары; |
| 6 | Ғылыми негіздемесі | Тек Еуразиялық зерттеулер бойынша PhD бағдарламасы үшін негіздеме хатына сәйкес зерттеу қызығушылығы мен зерттеу пәні туралы білім Үміткер бағдарламада жалғастырғысы келетін зерттеу тақырыбы сипатталатын зерттеу пәнінің ғылыми негіздемесі (1500-2000 сөз); |
| 7 | Ұсыным-хаты | Cоңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным хат (ұсыным беретін тұлғалар электрондық немесе қағаз түрінде ұсынады). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз. |
| 8 | Түйіндеме | Тек 1 беттен аспайтын |
Медицина мектебі - NUSOM

PhD бағдарламалары
Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлерге мына талаптар қойылады:

| 1 | Бакалавр және магистр дәрежелері немесе Медицина докторы (немесе баламалары) | Онлайн тіркелу кезеңінде магистратура бағдарламасының соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады; Магистр дәрежесі бойынша CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) 4.00-ден кем дегенде 2.75 болуы тиіс; |
| 2 | Ағылшын тілін меңгеру деңгейі | 1. IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы. TOEFL iBT Home Edition, TOEFL PDT, IELTS Online және IELTS Indicator нәтижелері қарастырылмайды; 2. Бағдарламаға түсетін үміткерлер мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
|
| 3 | Жобалау ұсынысы | Тиісті ғылыми қызығушылық пен зерттеу тақырыбын қамтитын жобалау ұсынысы; |
| 4 | Ұсыным-хаты | Соңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным хат (ұсыным беретін тұлғалар электронды немесе қағаз түрінде ұсынады). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз; |
| 5 | Түйіндеме | 1 беттен аспайтын |
| 6 | Медициналық анықтама | 075/у медициналық анықтамасы (ҚР азаматтары үшін) немесе денсаулығының жалпы жай-күйі көрсетілген осыған ұқсас медициналық анықтама (шетел азаматтары үшін); |
| 7 | Биомедицина бағдарламасы үшін | үміткердің PhD жобаларының таңдаулы үш таңдауының тізімі (міндетті емес); |
| 8 | Жаһандық денсаулық сақтау бағдарламасы үшін | өтініш берушінің эпидемиология және статистика бойынша алған магистратура курстарының тізімі. |
Медицина мектебі - резидентура бағдарламалары NUSOM

Резидентура бағдарламалары
Оқуға түсудің екі түрі бар: Шартсыз түрде оқуға алу және шартты түрде оқуға алу

| 1 | Шартсыз түрде оқуға алу Шартсыз түрде оқуға алу бойынша бағдарламаға тапсыратын құжаттар үміткерлерде мыналар болуы тиіс: | Шартты түрде оқуға алу Қабылдау комиссиясы шартты түрде қабылдау үшін үміткерлердің екі санатын қарастырады: 1. NUSOM Қабылдау комиссиясы резидентура бағдарламалары бойынша UMC Қабылдау комиссиясы оқуға алуға ұсынған үміткерлерді қарастырады, алайда мұндай үміткерлерді оқуға алу туралы түпкілікті шешімді NUSOM Қабылдау комиссиясы қабылдайды. 2. Еңсерілмейтін күш мән-жайларына немесе ұсынудың мүмкін еместігін растайтын басқа да себептерге байланысты, медицина негіздері бойынша халықаралық емтихан (іргелі ғылымдар) (BSE) немесе USMLE Step 1 емтиханының нәтижелері туралы есеп бере алмайтын, шартсыз түрде қабылдауға сәйкес келетін үміткерлер. Бұл жағдайда Қабылдау комиссиясы үміткердің құжаттарын жоғарыда көрсетілген тестілерді тапсырмай-ақ қарауға қабылдауға құқылы. Үміткерлер шартты түрде қабылдауға ұсынылған жағдайда, олар қабылданған сәттен бастап бірінші күнтізбелік жыл ішінде медицина негіздері (іргелі ғылымдар) (BSE) немесе USMLE Step 1 халықаралық емтиханының нәтижелері туралы есеп беруі тиіс. |
| 2 | Медицина мектептерінің бүкіләлемдік анықтамалығына сәйкес танылған университетте алынған МД дәрежесі немесе балама жоғары медициналық дәреже (елде тәуелсіз емдеуші дәрігер ретінде практикамен айналысу үшін тіркелу немесе сертификат алу құқығын беретін медициналық біліктіліктің ең жоғары деңгейі). Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен диплом ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады; | Медицина мектептерінің бүкіләлемдік анықтамалығына сәйкес танылған университетте алынған МД дәрежесі немесе балама жоғары медициналық дәреже (елде тәуелсіз емдеуші дәрігер ретінде практикамен айналысу үшін тіркелу немесе сертификат алу құқығын беретін медициналық біліктіліктің ең жоғары деңгейі). Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен диплом ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады; |
| 3 | IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.0 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 5.5) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа); Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде: – ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда; – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда; – егер үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін. | IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.0 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 5.5) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа); Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде: – ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда; – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда; – егер үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін. |
| 4 | медицина негіздері бойынша IFOM (іргелі ғылымдар) (BSE) немесе USMLE step 1 халықаралық емтихан нәтижелерімен есеп; | медицина негіздері бойынша (іргелі ғылымдар) (BSE) немесе USMLE step 1 халықаралық емтихан нәтижелерімен есеп; |
| 5 | негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсету; | негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсету; |
| 6 | 2 (екі) құпия ұсыным хат. Оқу немесе клиникалық мекемелер соңғы 12 айдың ішінде берген 2 құпия ұсыным хат, резидентураның нақты бағдарламасымен байланысты мекеме артықшылыққа ие (ұсыным беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады); | 2 (екі) құпия ұсыным хат. Оқу немесе клиникалық мекемелер соңғы 12 айдың ішінде берген 2 құпия ұсыным хат, резидентураның нақты бағдарламасымен байланысты мекеме артықшылыққа ие (ұсыным беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады); |
Тау-кен және Жер туралы ғылымдар мектебі - NU SMG

PhD бағдарламасы
Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлерге мына талаптар қойылады:

| 1 | Бакалавр және магистр дәрежелері (немесе баламалары) | Онлайн тіркелу кезеңінде магистратура бағдарламасының соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады; Магистр және/немесе бакалавр дәрежелері бойынша CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) 4.00-ден кем дегенде 2.75 болуы тиіс; |
| 2 | Ағылшын тілін меңгеру деңгейі | 1. IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы. TOEFL iBT Home Edition, TOEFL PDT, IELTS Online және IELTS Indicator нәтижелері қарастырылмайды; 2. Бағдарламаға түсетін үміткерлер мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін: – үміткер академиялық дәрежесін ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас және оқыту тілі болып табылатын елде алған жағдайда; – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда |
| 3 | GRE/GMAT тестінде көрсетілген жоғары оқу, аналитикалық және математикалық дағдылар | Талдау және математикалық қабілеттерін GRE немесе GMAT тестілерінің нәтижелері арқылы көрсетуі (болғаны абзал); |
| 4 | Негіздеме хаты | Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық |
| 5 | Ұсыным хаты | Екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз. |
| 6 | Түйіндеме | 1 беттен аспайтын |
Жоғары бизнес мектебі - NU GSB

PhD бағдарламасы
Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлерге мына талаптар қойылады:

| 1 | Бакалавр және магистр дәрежелері (немесе баламалары) | Онлайн тіркелу кезеңінде магистратура бағдарламасының соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады; Магистр дәрежесі бойынша CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) 4.00-ден кем дегенде 2.75 болуы тиіс; |
| 2 | Ағылшын тілін меңгеру деңгейі | 1. IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы. TOEFL iBT Home Edition, TOEFL PDT, IELTS Online және IELTS Indicator нәтижелері қарастырылмайды; 2. Бағдарламаға түсетін үміткерлер мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
|
| 3 | Жоғары оқу, аналитикалық және математикалық дағдылар | GRE/GMAT тестінде көрсетілгендей |
| 4 | Негіздеме хаты | Негіздеме хатында бағдарламаға жоғары мотивация мен үлкен қызығушылықты көрсету |
| 5 | Ғылыми негіздеме | Жазбаша зерттеу жоспарында тиісті ғылыми қызығушылық пен зерттеу пәні туралы білімді көрсету |
| 6 | Ұсыным-хаты | Соңғы 2 жыл ішінде жазылған екі құпия ұсыным хаттары (ұсыным беретін тұлғалар электрондық немесе қағаз түрінде ұсынады). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз. | .
| 7 | Түйіндеме | 1 беттен аспайтыну |
Жоғары мемлекеттік саясат мектебі - NU GSPP

PhD бағдарламасы
Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлерге мына талаптар қойылады:

| 1 | Бірінші дәрежелі үздік немесе жоғары екінші дәрежелі (немесе баламасы) не болмаса магистр дәрежесі немесе баламасы (2-цикл) | Бакалавр және/немесе магистр дәрежесі бойынша CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) 4.00-ден кем дегенде 2.75 болуы тиіс; Онлайн тіркелу кезеңінде магистратура бағдарламасының соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады. |
| 2 | Ағылшын тілін меңгеру деңгейі | 1. IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы. TOEFL iBT Home Edition, TOEFL PDT, IELTS Online және IELTS Indicator нәтижелері қарастырылмайды; 2. Бағдарламаға түсетін үміткерлер мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
|
| 3 | Жұмыс өтілі | Үш жылдық жұмыс өтілі. Мемлекеттік басқару докторы бағдарламасы үшін сегіз жылдық жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бес жыл мемлекеттік секторда басшылық қызметте болу керек. Егер үміткер жоғары академиялық үлгерім көрсете алса, Қабылдау комиссиясының қалауы бойынша жұмыс тәжербиесі аз үміткерлер де қарастырылуы мүмкін. |
| 4 | Талдау және математикалық қабілеттіліктері | Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE немесе GMAT тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (болғаны абзал). |
| 5 | Негіздеме хаты | Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық. |
| 6 | Ғылыми негіздеме | Үміткердің бағдарламада жалғастырғысы келетін зерттеу тақырыбы сипатталатын зерттеу пәнінің ғылыми негіздемесі (2000 сөз). |
| 7 | Ұсыным хаты | Соңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным хат (ұсыным беретін тұлғалар электрондық немесе қағаз түрінде ұсынады). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз. |
| 8 | Түйіндеме | 1 беттен аспайтын түйіндеме. |
Жоғары білім беру мектебі - NU GSE

PhD бағдарламасы
Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлерге мына талаптар қойылады:

| 1 | Бакалавр және магистр дәрежелері (немесе баламалары) | Магистр дәрежесі бойынша бәсекеге қабілетті CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші); Онлайн тіркелу кезеңінде магистратура бағдарламасының соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады; |
| 2 | Ағылшын тілін меңгеру деңгейі | 1. IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы. TOEFL iBT Home Edition, TOEFL PDT, IELTS Online және IELTS Indicator нәтижелері қарастырылмайды; 2. Бағдарламаға түсетін үміткерлер мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін: – үміткер академиялық дәрежесін ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас және оқыту тілі болып табылатын елде алған жағдайда; – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда. |
| 3 | Талдау және математикалық қабілеттіліктері | Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (болғаны абзал); |
| 4 | Жұмыс өтілі | Екі жыл жұмыс өтілі. 2 жылдан кем жұмыс өтілі бар үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен конкурстық іріктеуге қатысуы мүмкін; |
| 5 | Негіздеме хаты | Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға қызығушылық; |
| 6 | Ғылыми негіздеме | Зерттеу пәнінің ғылыми негіздемесінде көрсетілгендей, тиісті зерттеу пәніне қызығушылық және сәйкес білімі |
| 7 | Ұсыным хаты | Cоңғы 24 ай ішінде жазылған үш құпия ұсыным хат (ұсыным беретін тұлғалар электрондық немесе қағаз түрінде ұсынады). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз; |
Маңызды мерзімдер
Толық ақылы негізде оқуға түсушілер үшін мерзімдер:
- Алдын ала визаны талап ететін шетел үміткерлері үшін: 2026 жылғы 1 маусым сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен);
- Барлық қалған үміткерлер үшін (жергілікті және шетел): 2026 жылғы 17 шілде сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен).
IELTS/TOEFL, GRE / GMAT сертификаттарын тапсыру мерзімі:
Толық ақылы негізде оқуға түсушілер үшін:
- Алдын ала визаны талап ететін шетел үміткерлері үшін: 2026 жылғы 1 маусым;
- Барлық қалған үміткерлер үшін (жергілікті және шетел): 2026 жылғы 17 шілде.
Бағдарлау аптасының басталу мерзімі: тамыз 2026
Оқудың басталуы: тамыз 2026
Ақмарал Агибаева
School of Engineering and Digital Sciences • Құрылыс инженериясы



Марсело Лопез Лара, Мексика
Graduate School of Education • Білім беру саласындағы PhD студенті, 2017 жылдың түлегі Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі



Камила Разиева
School of Medicine • Ph.D. in Biomedical Sciences, 2024



Оқу ақысы
Докторантура бағдарламаларының (Жоғары мемлекеттік басқару мектебінің Мемлекеттік басқару докторы бағдарламасынан басқа) оқу ақысы 2025/2026 оқу жылына жергілікті және халықаралық студенттер үшін $23,500 (12 008 500 теңге) құрайды.
Резидентура бағдарламасының ақысы барлық студенттер үшін 2025/2026 оқу жылына $11 200 (5 723 200 теңге) құрайды.
Мемлекеттік басқару докторы бағдарламасы үшін оқу ақысы бір оқу жылына 9 198 000 теңге.
Оқу ақысы туралы толығырақ білу үшін bursars_office@nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.
Бұл Жалпы қабылдау, Қаржылық көмек пен стипендияға қойылатын талаптарды Көру үшін Қаржылай көмек және гранттар бетіне өтіңіз
Хабарландырулар
Жиі қойылатын сұрақтар
Сіздерде қазақ немесе орыс тілінде оқытылатын магистратура және докторантура бағдарламалары бар ма?
Жоқ. Барлық магистратура және докторантура бағдарламалары ағылшын тілінде оқытылады. Тек Басшыларға арналған МВА бағдарламасы ағылшын тілінде оқытылғанымен, сабақ барысында орыс тіліне ілеспе аударма қолданылады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға түсу үшін түсу емтихандарын немесе кешенді тест тапсыру керек пе?
Назарбаев Университетіне түсу үшін кешенді тестілеу нәтижелері қарастырылмайды.
Барлық бағдарламалар, егер бұрын түсуші ағылшын тілінде оқымаған болса, стандартталған ағылшын тілін білу тестін (IELTS/TOEFL) тапсыруды талап етеді.
Жалпы, жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға түсу үшін тиісті бағдарламаның Қабылдау комиссиясы өтінімнің барлық элементтерін назарға ала отырып, түсушінің құжаттар топтамасын қарайды:
- мотивациялық хат, онда сіз белгілі бір мамандыққа түсу себептерін және сіздің дамуыңыз үшін осы таңдаудың салдарын ашасыз;
- таңдалған мамандыққа қатысты пәндер бойынша транскрипт және бағалар;
- алдыңғы тәжірибелер мен жетістіктерді көрсететін ұсыныс хаттар;
- қабылдау комиссиясымен сұхбат нәтижелері.
Жоғарыда айтылғандардан басқа кейбір бағдарламаларға GRE, GMAT, ALEKS емтихандар нәтижелері, жұмыс тәжірибесі қажет. Медицина мектебінің бағдарламаларына қойылатын талаптарда ерекше емтихандар бар.
Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға қалайша өтінім беруге болады және құжаттарды тапсыру мерзімі қандай?
Магистратура бағдарламалары бойынша өтінім беру мерзімдері: Магистратура бағдарламаларға құжаттарды қабылдау мерзімдерімен танысу үшін сілтеме бойынша өту керек.
Докторантура бағдарламалары бойынша өтінім беру мерзімі: Докторантура бағдарламаларға құжаттарды қабылдау мерзімдерімен танысу үшін сілтеме бойынша өту керек.
Сұхбат қалай жүргізіледі? Қандай сұрақтар қойылады? Неге дайындалу керек?
Сұхбат онлайн немесе офлайн түрінде ағылшын тілінде өтеді және 15 минут немесе одан да көп уақытқа созылады.
Әрбір Қабылдау комиссиясы бағалаудың өзіндік әдістемесін әзірлейді, сондықтан сұрақтар бағдарламаға байланысты өзгеруі мүмкін. Сұхбатта университеттің Қабылдау комиссиясының мүшелері келесілерді тексеру үшін сұрақтар қоя алады:
- Сіздің академиялық тұрғыдан дайындық деңгейіңіз. Сіз оқу бағдарламаңызды сәтті аяқтай алу және таңдаған оқу бағдарламаңыздың академиялық талаптарын орындай алу мүмкіндігіңіз.
- Бәсекеге қабілеттілік. Қабылдау комиссиясының мүшелері Сіздің басқа үміткерлермен бәсекелесу қабілетіңізді бағалайды.
- Сіздің басымдықтарыңыз. Көбінесе оқуға түсушілер бір уақытта бірнеше оқу орындарына немесе бағдарламаларға құжаттарды тапсырады. Қабылдау комиссиясы қай университетке немесе бағдарламаға артықшылық бергіңіз келетінін сұрауы мүмкін. Сондай-ақ, сұрақтар пәндік саланы білуге және Сіздің өтініміңізде ұсынылған ақпаратты ашуға қатысты болуы мүмкін.
- Сіз университеттің дамуына өз үлесіңізді қоса аласыз ба? Студенттердің Университет өміріне белсенді қатысуы және оның дамуына барынша үлес қосуы өте маңызды.
- Әлеуеті. Қабылдау комиссиясы Сіз болашақта жақсы студент боласыз ба, таңдалған мамандыққа деген қызығушылығыңызды жоғалтпайсыз ба және Сізді оқуда жетістікке жетуге не итермелейтінін білу маңызды.
Көріп отырғаныңыздай, сұхбаттағы тақырыптар Сіздің мотивациялық жазбаңызбен тығыз байланыста.
Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға оқуға түскісі келетін үміткерлерге арналған әрекеттер реті қандай?
- Магистратура немесе докторантура бағдарламасын таңдау қажет. Сіз бір уақытта екі магистратура және/немесе докторантура бағдарламасына құжат тапсыра аласыз. Екі бағдарламаға да оқуға түскен жағдайда, үміткерге біреуін таңдау қажет.
- Бағдарламаға оқуға түсу талаптарын мұқият оқу және онлайн өтінім беруге құжаттарды дайындау.
- Порталда таңдалған бағдарламаның белгілеген мерзімінде онлайн тіркелу және барлық құжаттарды жүктеу.
- Шақырылған жағдайда, Қабылдау комиссиясымен сұхбаттасудан сәтті өту. Сұхбаттасу ағылшын тілінде өтеді.
- Сәтті қабылдау үшін бағдарлау аптасынан өтіп, сіз оқыған мектеппен келісімшартқа отыру керек.




