Құжаттарды қалай тапсыру керек?

NUFYP және бакалавриат

Қаржылай көмек және гранттар

https://admissions.nu.edu.kz/ порталында «Тіркелу» батырмасын басып, тіркелу терезесінде қажетті ақпаратты ағылшын тілінде енгізіңіз. «Академиялық дәреже» бөлімінде «Бакалавриат» бағдарламасын таңдау кажет.

Тіркелуді аяқтағаннан кейін Сіздің электрондық поштаңызға жіберілген авторизация сілтемесі арқылы тіркелуді растаңыз.

Жеке кабинетіңізде өтінім беру нұсқаулығымен міндетті түрде танысыңыз.

Іріктеу конкурсына келесі санаттарға жататын талапкерлер қатыса алады:

1. Орта білім беру ұйымдарының соңғы сынып оқушылары және техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі ұйымдардың соңғы курс студенттері;

2. Жоғарғы оқу орындарының білім алушылары;

3. Орта, орта білімнен кейінгі және жоғары білімі бар адамдар.

Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде Foundation  and Undergraduate Programs сілтемесін ашыңыз. Foundation and Undergraduate Application Form  өтінім беру нысанын онлайн түрде толтырыңыз және оған қоса онлайн нысанға сәйкес дербес деректерді өңдеуге келісіміңізді беріңіз. Өтінім беру нысаның барлық сұрақтарына жауап бергеннен кейін жеке ақпаратты тексеріп, «Upload» батырмасын басыңыз.

Өтінім беру нысанын толтырғаннан кейін Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде мына құжаттарды жүктеу қажет:

1. Оқу орнынан берілетін анықтаманың (фотомен бірге) сканерленген көшірмесі (Жеке кабинетте 3 тілде ұсынылған үлгілердің біреуін таңдаңыз) немесе бар болған жағдайда қосымшасы бар аттестат/дипломның сканерленген көшірмесі. 

2. Жеке куәліктің және/немесе паспорттың сканерленген көшірмесі. Egov немесе басқа порталдан/електрондық сервистерден алынған көшірме қарастырылмайды. Маңызды: қабылдау емтиханын тапсыру үшін талапкерде Жеке кабинетке жүктелген паспорттың немесе жеке куәліктің түпнұсқасы  міндетті түрде болу керек;

Жеке кабинеттің «Profile» бөліміне құжаттарға арналған 3*4 форматындағы фотоны жүктеңіз.

Қажетті құжаттардың форматы Жеке кабинетте орналасқан.

Өтінім беру процесін аяқтау үшін Жеке кабинетіңіздегі «My Application Forms» бөліміндегі «PAY AND SUBMIT APPLICATION» түймесін басыңыз. Тіркелу жарнасы Жеке кабинетте қолжетімді төлем опциялары арқылы онлайн режимінде төленеді. Тіркелу жарнасын төлеудің басқа әдістерін қолдану қабылданбайды.

Тіркелу жарнасы 10 000 теңгені құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші ресми бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде тіркелу жарнасы 3 есеге артады (30 000 тенге). Өтінім берудің нәтижесіне немесе төлем қателеріне қарамастан, тіркелу жарнасы қайтарылмайды.

Банк картасы болмаған жағдайда, талапкер басқа адамның картасын пайдалана алады. 

Тіркелу аяқталғаннан кейін  өтінім беру нысанына өзгерістер енгізу және жүктелген құжаттарды ауыстыру мүмкін емес.

Студенттерді оқуға қабылдау департаментінің қызметкерлері Сіздің өтініміңіз бен құжаттарыңызды тексереді және қажет болған жағдайда, Сізге электрондық поштаңызға қандай құжаттарды және қай күнге дейін түзету керектігін хабарлайды. Толық емес және қате толтырылған (түзетілмеген) өтінімдер конкурста қарастырылмайды.

Талапкерлер IELTS/TOEFL сертификаттарын тапсыру үшін келесі талаптарды орындау қажет:

1. IELTS/TOEFL жарамды сертификаттың ресми электрондық нұсқасы Тест әкімшісі арқылы тікелей Назарбаев Университетіне жіберілуі қажет;

2. Сертификаттың сканерленген көшірмесін жүктеу және оның бірегей  нөмірін  Жеке кабинеттің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне енгізу қажет. Конкурсқа қатысу үшін сертификаттың кез-келген санын  тапсыруға болады, алайда Жеке кабинетке тек соңғы болып жүктелген сертификат қана қарастырылады.

IELTS/TOEFL сертификаттары суперскорингсіз қарастырылады.

Тест әкімшісі немесе Тест орталығы арқылы тест нәтижелерін тапсыру үшін кодтар туралы маңызды ақпаратқа назар аударыңыз:

  • IELTS үшін код: NU, Admissions Office

  • TOEFL iBT үшін код: 6762

Талапкердің Жеке кабинетінде IELTS/TOEFL сертификатын тапсыру бойынша толық Нұсқаулықты оқыңыз.

Тілдік тесттер нәтижелерінің ең төменгі талаптарымен «Қабылдау емтихандары мен талаптары» бөлімінде танысуға болады.

Тест орталығында емес, қашықтықтан тапсыруды ұсынатын тест нәтижелері, атап айтқанда, IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition және TOEFL PDT нәтижелері конкурста қарастырылмайды;

Тапсырылатын сертификаттар тиісті оқу жылының басы, яғни 2026 жылдың 1 тамызына дейін жарамды болу керек.

IELTS/TOEFL сертификаттарын ұсынудың соңғы мерзімі «Маңызды күндер» бөлімінде көрсетілген.

IELTS/TOEFL сертификаттарының Назарбаев Университетінің электрондық базасына енгізу Университет құзыретіне кірмейді. Сіз Тест орталығына өзіңіз хабарласып, кажетті сертификаттың жіберілгендігіне көз жеткізуіңіз қажет. Бұл әрекет кем дегенде 7-10 жұмыс күнін алатынын ескертеміз. Егер сертификат Студенттерді оқуға қабылдау департаменті белгілеген мерзімінен кеш келсе, нәтижелер конкурста қарастырылмайды.

NUET емтиханына қатысу құны 5 000 теңге. Төлем жасау туралы ақпарат электрондық поштаңызға жіберіледі. NUET емтиханына 1 апта қалғанда электрондық поштаңызды тексеріңіз, себебі Сізге емтихандағы тәртіп ережелері, емтиханның өту орны мен уақыты туралы ақпарат жіберіледі.

Кейбір жағдайларда Университет хабарламалары спам жәшігінде болуы мүмкін екендігін есте сақтаңыз.

Барлық бағдарламалар тізімі

Бағдарламаңызды табыңыз

NU-де сіз армандарыңызға қол жеткізіп, дағдыларыңызды дамытып, әлемдік деңгейдегі жоғары сапалы академиялық бағдарламаларымыз арқылы мақсаттарыңызды жүзеге асыра аласыз.

Қабылдау талаптары

NU Foundation бағдарламасына түсуге арналған талаптар

Назарбаев Университетінің университет алдындағы дайындық бағдарламасы – бұл Дайындық мектебінің бір жылдық күндізгі бағдарламасы.

Категория IELTS/TOEFL Ең төменгі өту талаптар Қосымша
NUET талапкерлері

IELTS - 5.5 (жазу және оқылым - 5.5 , тыңдалым және сөйлеу - 5.0)
немесе
ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;

Конкурсқа қатысу үшін 120 жалпы балл және 50,50 әр пән бойынша өту балл (Математика, Сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу дағдылары). Ең төменгі балл алған талапкерлер NUFYP бағдарламасының конкурсына қарастырылуы мүмкін.
    NUET (NU Entrance Test) – Назарбаев Университетінде білім алу үшін талапкердің академиялық дайындық деңгейін анықтайтын тест.
  • Талапкердің «Математика» және «Сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу дағдылары» пәндері бойынша білімі бағаланады.
  • Сұрақтар саны – 60.
  • Тест мазмұны– бірнеше жауап нұсқалары бар сұрақтар.
  • Тест ұзақтығы – 120 минут. Ең төменгі өту балы – 120, бұған қоса әр пәннен ең төменгі өту балы – 50. Мысалы: 50 балл + 70 балл = 120 балл - жалпы өту балын алу үшін пәндер бойынша балдардың ең төменгі қосындысы.
  • Талапкер Foundation бағдарламасына және «NUET талапкерлері» категориясы бойынша бакалавриат бағдарламасына өтінімдерді берген жағдайда, тестке бір рет шақырылады және тестті 1 рет қана тапсырады. Сондықтан екі бағдарлама бойынша өтінім беру нысандарында тест тапсыру қаласы бірдей болуы қажет. Foundation және бакалавриат бағдарламаларының Қабылдау комиссиялары бір емтихан нәтижесін қарастырады.
  • Емтихан нәтижесі 6 аптадан кейін Жеке кабинетте орналасады.
  • Қабылдау емтихандарының тапсырмаларын, олардың ережелері мен ұзақтығын Тест әкімшілері өзгертуі мүмкін.
  • Емтиханға кіру рұқсаты туралы ақпарат талапкердің Жеке кабинетінде орналасады.
  • Емтиханға шамамен 5 күн қалғанда талапкердің электрондық поштасына емтиханның өтетін орны немесе форматы, уақыты, қажетті құжаттар мен емтихан ережелері туралы ақпарат жіберіледі.
  • Емтихан кестесі «Маңызды күндер» бөлімінде жарияланған.
  • Егер тестілеуден өту ережелері немесе шарттары бұзылған болса, талапкердің нәтижелері жойылады. Бұл жағдайда, талапкер конкурстан шығарылады. Конкурсқа қатысу құқығынан айырылған (дисквалификацияланған) талапкерлер болашақта НУ-ға оқуға түсе алмайды.
  • Тест нәтижелері бойынша апелляция көзделмеген.
  • NUET құны – 5 000 теңге.
SAT/ACT талапкерлері Digital SAT Reasoning Test – 1140
немесе
ACT – 24
ТЕК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҮМІТКЕРЛЕР ҮШІН
SAT/ACT тесттердің сертификаттары талапкер оқуға тапсырып жатқан тиісті академиялық жылдың 1-тамызына дейін қолданылу мерзімі аяқталмаған болса ғана жарамды болып есептелінеді. Конкурстық іріктеу шеңберінде SAT/ACT сертификаттардың қолданылу мерзімі екі жыл болып есептеледі. 2025 жылдың желтоқсан айынан кейін тапсырылған SAT/ACT нәтижелері қабылданбайды.
*SAT/ACT нәтижелері superscoring-сіз қарастырылады.
**Конкурста тек Digital SAT тесті қарастырылады.

Бакалавриат бағдарламасына түсуге арналған талаптар

Бакалавриат жоғары білімнің алғашқы сатысы болып табылады. Стандартты оқу 4 жылға созылады.
 
Категория IELTS/TOEFL Ең төменгі өту талаптар Қосымша
NUET талапкерлері

IELTS - 6.0 (жазылым -6.0, оқылым, тындалым, айтылым- 5.5)
немесе
ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;

Конкурсқа қатысу үшін 120 жалпы балл және 50,50 әр пән бойынша өту балл (Математика, Сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу дағдылары). Ең төменгі балл алған талапкерлер NUFYP бағдарламасының конкурсына қарастырылуы мүмкін.
    NUET (NU Entrance Test) – Назарбаев Университетінде білім алу үшін талапкердің академиялық дайындық деңгейін анықтайтын тест.
  • Талапкердің «Математика» және «Сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу дағдылары» пәндері бойынша білімі бағаланады.
  • Сұрақтар саны – 60.
  • Тест мазмұны– бірнеше жауап нұсқалары бар сұрақтар.
  • Тест ұзақтығы – 120 минут. Ең төменгі өту балы – 120, бұған қоса әр пәннен ең төменгі өту балы – 50. Мысалы: 50 балл + 70 балл = 120 балл - жалпы өту балын алу үшін пәндер бойынша балдардың ең төменгі қосындысы.
  • Талапкер Foundation бағдарламасына және «NUET талапкерлері» категориясы бойынша бакалавриат бағдарламасына өтінімдерді берген жағдайда, тестке бір рет шақырылады және тестті 1 рет қана тапсырады. Сондықтан екі бағдарлама бойынша өтінім беру нысандарында тест тапсыру қаласы бірдей болуы қажет. Foundation және бакалавриат бағдарламаларының Қабылдау комиссиялары бір емтихан нәтижесін қарастырады.
  • Емтихан нәтижесі 6 аптадан кейін Жеке кабинетте орналасады.
  • Қабылдау емтихандарының тапсырмаларын, олардың ережелері мен ұзақтығын Тест әкімшілері өзгертуі мүмкін.
  • Емтиханға кіру рұқсаты туралы ақпарат талапкердің Жеке кабинетінде орналасады.
  • Емтиханға шамамен 5 күн қалғанда талапкердің электрондық поштасына емтиханның өтетін орны немесе форматы, уақыты, қажетті құжаттар мен емтихан ережелері туралы ақпарат жіберіледі.
  • Емтихан кестесі «Маңызды күндер» бөлімінде жарияланған.
  • Егер тестілеуден өту ережелері немесе шарттары бұзылған болса, талапкердің нәтижелері жойылады. Бұл жағдайда, талапкер конкурстан шығарылады. Конкурсқа қатысу құқығынан айырылған (дисквалификацияланған) талапкерлер болашақта НУ-ға оқуға түсе алмайды.
  • Тест нәтижелері бойынша апелляция көзделмеген.
  • NUET құны – 5 000 теңге.
SAT/ACT талапкерлері Digital SAT Reasoning Test – 1240
немесе
ACT – 26
SAT/ACT тесттердің сертификаттары талапкер оқуға тапсырып жатқан тиісті академиялық жылдың 1-тамызына дейін қолданылу мерзімі аяқталмаған болса ғана жарамды болып есептелінеді. Конкурстық іріктеу шеңберінде SAT/ACT сертификаттардың қолданылу мерзімі екі жыл болып есептеледі. 2025 жылдың желтоқсан айынан кейін тапсырылған SAT/ACT нәтижелері қабылданбайды.
*SAT/ACT нәтижелері superscoring-сіз қарастырылады.
**Конкурста тек Digital SAT тесті қарастырылады.
IВ Diploma иегерлері* IВ Diploma нәтижесі: жалпы балл 30 және
4, 4, 5 балл жоғары деңгейдегі 3 пән бойынша
*Осы санатта өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін IВ Diploma бойынша қорытынды нәтижелерін алған IВ Diploma иегерлері ғана конкурсқа қатыса алады (Конкурстық іріктеу шеңберінде IB диплом қолданылу мерзімі екі жыл болып есептеледі). Конкурста 2024 және 2025 жылдардағы дипломдар есептеледі
**IB Diploma иегерлері келесі санаттардың бірі бойынша конкурсқа қатыса алады: "SAT/ACT талапкерлері", “NUET талапкерлері” немесе “Халықаралық және/немесе республикалық олимпиада жүлдегерлері” (аталған санаттарға қойылатын талаптарды сайттан қараңыз).
A-level/NIS Grade 12 Certificate иегерлері* A-level/NIS 12 Grade Certificate нәтижелері: Үш пәннен кем дегенде ABB (талапкер таңдауымен) *Осы санатта, өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін A-level/NIS Grade 12 Certificate қорытынды нәтижелерін алған, A-level/NIS Grade 12 Certificate иегерлері ғана конкурсқа қатыса алады (Конкурстық іріктеу шеңберінде A-level дипломдары және NIS Grade 12 Certificate-тардың қолданылу мерзімі екі жыл болып есептеледі). Конкурста 2024 және 2025 жылдардағы сертификаттарды есептеледі.
**A-level/NIS Grade 12 Certificate иегерлері келесі санаттардың бірі бойынша конкурсқа қатыса алады:"SAT/ACT талапкерлері", “NUET талапкерлері” немесе “Халықаралық және/немесе республикалық олимпиада жүлдегерлері” (аталған санаттарға қойылатын талаптарды сайттан қараңыз).
Халықаралық және/немесе республикалық олимпиада жүлдегерлері Міндетті, минималды балл жоқ Халықаралық пәндік олимпиада: Cоңғы үш жылда алтын, күміс немесе қола (I, II, III орын) медальдары
Республикалық пән олимпиадасы: Ағымдағы жылғы алтын, күміс (I, II орын) медальдары
Халықаралық пәндік олимпиадалар
  • Математика бойынша халықаралық олимпиада (IMO)
  • Физика бойынша халықаралық олимпиада (IPhO)
  • Химия бойынша халықаралық олимпиада (IChO)
  • Биология бойынша халықаралық олимпиада (IBO)
  • Информатика бойынша халықаралық олимпиада (IOI)
  • Арнайы мамандандырылған мектептердің математика, физика мен информатика бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасы
  • Мектеп оқушыларының химия бойынша Халықаралық Менделеев олимпиадасы
Қазақстан Республикасының республикалық пәндік олимпиадалар тізімі
  • Математика бойынша республикалық олимпиада
  • Физика бойынша республикалық олимпиада
  • Химия бойынша республикалық олимпиада
  • Биология бойынша республикалық олимпиада
  • Информатика бойынша республикалық олимпиада
*Конкурсқа республикалық олимпиада және халықаралық олимпиада жүлделерін қатар иеленген талапкерлер де қатыса алады.
  • Ұсыналатын сертификаттар тиісті оқу жылының басы, яғни 2026 жылғы 1 тамызға дейін жарамды болу керек.
  • IELTS/TOEFL сертификаттарын ұсынудың соңғы мерзімі “Маңызды күндер” бөлімінде көрсетілген.
  • IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition және TOEFL PDT тестілерінің нәтижелері конкурста қарастырылмайды.
  • IELTS/TOEFL тесттері Тест Орталығында тікелей қатысу арқылы (қашықтықтан емес) тапсырылуы қажет.
  • IELTS/TOEFL сертификаты суперскорингсіз қарастырылады.
  • Ең төменгі талаптарға сәйкес және белгіленген мерзімге дейін IELTS/TOEFLнәтижелерін ұсынатын талапкерлер ғана NUET емтиханына (төменде қараңыз) қатыса алады.
  • Белгіленген мерзімге дейін ең төменгі талаптарға сәйкес келетін IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсынған және NUET емтиханына жіберілетін талапкерлер кейінірек тілдік тест нәтижелерін жақсарту мақсатында қосымша IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсына алады. Нәтижелерді ұсынудың соңғы мерзімі «Маңызды күндер» бөлімінде жарияланады.
  • Қабылдау емтихандарының тапсырмаларын, олардың ережелері мен ұзақтығын Тест әкімшілері өзгертуі мүмкін.
  • Тестіге бір апта қалғанда талапкердің электрондық поштасына емтиханның өтетін орны немесе формат туралы ақпарат, уақыты, қажетті құжаттар мен емтихан ережелері туралы ақпарат жіберіледі.
  • Емтихан нәтижесі талапкердің Жеке кабинетінде сақталады және қосымша жеке электрондық поштасына жіберіледі. Егер тестілеуден өту ережелері немесе шарттары бұзылған болса, талапкердің нәтижелері жойылады. Бұл жағдайда, талапкер конкурстан шығарылады.

2026 қабылдау үшін өзгеруі мүмкін

Маңызды мерзімдер

NUFYP және бакалавриат бағдармалар

Онлайн өтінімдерді беру соңғы мерзімдері:

NUET талапкерлері (NUFYP және бакалавриат бағдарламалары, халықаралық талапкерлерді қоса): 27 қыркүйек — 2025 жылғы 20 қараша (14:00, Астана уақыты)

Халықаралық талапкерлер (тек бакалавриат бағдарламалары және NUFYP бағдарламасына SAT/ACT): 27 қыркүйек — 2026 жылғы 10 ақпан (14:00, Астана уақыты) 

Басқа санаттар (тек бакалавриат бағдарламалары) (SAT/ACT талапкерлері, IB диплом иегерлері, A-level/NIS 12-сынып сертификаты иегерлері, пәндік олимпиадалар жеңімпаздары): 27 қыркүйек — 2026 жылғы 28 қаңтар (14:00, Астана уақыты)

IELTS/TOEFL тест нәтижелерді тапсыру соңғы мерзімі:

NUET талапкерлері (NUFYP және бакалавриат бағдарламалары, халықаралық талапкерлерді қоса): IELTS/TOEFL: 2025 жылғы 12 желтоқсан (23:59, Астана уақыты)

Халықаралық талапкерлер (тек бакалавриат бағдарламалары және NUFYP бағдарламасына SAT/ACT): IELTS/TOEFL: 2026 жылғы 12 ақпан  (23:59, Астана уақыты); SAT/ACT: 2026 жылғы12 ақпан (23:59, Астана уақыты)

Басқа санаттар (тек бакалавриат бағдарламалары) (SAT/ACT талапкерлері, IB диплом иегерлері, A-level/NIS 12-сынып сертификаты иегерлері, пәндік олимпиадалар жеңімпаздары): IELTS/TOEFL: 2026 жылғы 12 ақпан  (23:59, Астана уақыты); SAT/ACT: 2026 жылғы 12 ақпан (23:59, Астана уақыты). 

NUET 2026 күндері:

2026 жылдың 1 ақпаны: Астана, Қостанай, Ақтау, Көкшетау, Өскемен;
2026 жылдың 8 ақпаны: Астана, Шымкент, Қызылорда, Түркістан;
2026 жылдың 15 ақпаны: Алматы, Талдықорған, Атырау, Петропавл, Орал
2026 жылдың 22 ақпаны: Қарағанды, Павлодар, Тараз, Семей, Ақтөбе;

Хабарландырулар

Жиі қойылатын сұрақтар

NUFYP (Nazarbayev University Foundation Year Program) – Назарбаев Университет Дайындық мектебінің интенсивті 1 жылдық бағдарламасы. . Бағдарлама Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламасына дайындау үшін тұлғалық дамуға, оқу дағдыларын дамытуға, математика мен академиялық ағылшын тілін меңгеруге бағытталған.  Осы бағдарлама бойынша білім алу мемлекеттік гранты аясында немесе басқа да гранттар есебінен және ақылы негізде болуы мүмкін. Бітірушілер Университет алдындағы дайындық бағдарламасын аяқтау нәтижесінде Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламаларына қабылданады.

Жоқ, оқуға түсе алмайды. NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсына тек орта білім беру/орта білімнен кейінгі ұйымдардың соңғы сынып/курс білім алушылары мен түлектері ғана қатыса алады. Басқаша айтқанда, NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсына қатысу үшін бітіруші (соңғы) сынып/курс оқушысы немесе мектеп немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының түлегі болуы керек. Растама ретінде талапкерлер мектептен анықтама немесе мектеп аттестатын ұсынады.

Бұл мүмкін емес. NUFYP бағдарламасының тыңдаушысы НУ-ға оқуға қабылдану кезінде  және білім алу барысында орта білім беру ұйымының/орта білімнен кейінгі ұйымның түлегі болуы керек. NUFYP бағдарламасы күндізгі оқу нысаны бойынша оқытылады.

Назарбаев Университетінде оқу ағылшын тілінде жүргізіледі.

Мектепті/колледжді бітіргеннен кейін NUFYP бағдарламасына түсу міндетті емес. Талапкерлер бакалавриат бағдарламаларына тікелей оқуға түсе алады.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53