Назарбаев Университетінің магистрлік бағдарламаларына онлайн тіркеу басталды

Назарбаев Университеті келесі магистрлік бағдарламаларына онлайн тіркелуді бастады:1) Жоғары білім беру мектебінің «Білім беруді басқару саласының магистрі» және «Көптілді білім беру саласының әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар магистрі» бағдарламаларыҚұжаттарды тапсыру мерзімі: 2015 жылғы 5 наурыздан бастап 2015 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда). Бағдарламалар бойынша толық ақпарат алу үшін мына сілтемені басуыңызды немесе Жоғары білім беру мектебіне хабарласуыңызды сұраймыз.

Назарбаев Университеті келесі магистрлік бағдарламаларына онлайн тіркелуді бастады:

1) Жоғары білім беру мектебінің «Білім беруді басқару саласының магистрі» және «Көптілді білім беру саласының әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар магистрі» бағдарламалары

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2015 жылғы 5 наурыздан бастап 2015 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда).

Бағдарламалар бойынша толық ақпарат алу үшін мына сілтемені басуыңызды немесе Жоғары білім беру мектебіне хабарласуыңызды сұраймыз.

Тел: 8(7172)709350, 709370, 704955

Email: gse@nu.edu.kz

2) Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің «Экономика саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі» бағдарламасы

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2015 жылғы 6 наурыздан бастап 2015 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда).

Бағдарлама бойынша толық ақпарат алу үшін мына сілтемені басуыңызды немесе ГӘҒМ менеджері Альмира Жоламановаға azholamanova@nu.edu.kz, тел: 8 7172 706638, хабарласуыңызды сұраймыз.

Email: graduate.shss@nu.edu.kz

3) Жоғары бизнес мектебінің «Іскерлік әкімшілдік магистрі» бағдарламасы

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 2015 жылғы 1 мамыр (қоса алғанда).

Бағдарлама бойынша толық ақпарат алу үшін мына сілтемені басуыңызды немесе Жоғары бизнес мектебіне хабарласуыңызды сұраймыз.

Тел: 8(7172) 709028, 709174, 709180

Email: mba.admissions@nu.edu.kz

4) Ғылым және технологиялар мектебінің «Биология ғылымдары саласындағы ғылым магистрі» бағдарламасы

Құжат тапсыру мерзімдері: 2015 жылғы 10 ақпаннан бастап 2015 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда).

Бағдарлама бойынша толық ақпарат алу үшін мына сілтемені басыңыз.

emai: graduate.sst@nu.edu.kz

5) Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің «Еуразиялық зерттеулер саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі», «Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі» бағдарламалары

Құжат тапсыру мерзімдері: 2015 жылғы 10 ақпаннан бастап 2015 жылғы 13 сәуірге дейін (қоса алғанда).

Бағдарламалар бойынша толық ақпарат алу үшін мына сілтемені басуыңызды немесе ГӘҒМ менеджері Альмира Жоламановаға azholamanova@nu.edu.kz, тел: 8 7172 706638 хабарласуыңызды сұраймыз.

email: graduate.shss@nu.edu.kz

6) Инженерия мектебінің «Инженерлік менеджмент магистрі» бағдарламасы

Құжат тапсыру мерзімдері: 2015 жылғы 10 ақпаннан бастап 2015 жылғы 13 сәуірге дейін (қоса алғанда).

Бағдарлама бойынша толық ақпарат алу үшін мына сілтемені басыңыз.

email: graduate.seng@nu.edu.kz

7) Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің Мемлекеттік саясат саласындағы (MPP) магистрлік бағдарламасы

Құжат тапсырудың ең соңғы күні: 31 наурыз 2015 ж. (қоса алғанда).

Бағдарламалар бойынша толық ақпарат алу үшін мына сілтемені басуыңызды немесе

Жоғары мемлекеттік саясат мектебіне хабарласуыңызды сұраймыз +7 7172 709149, 709147

email: nugspp@nu.edu.kz

Құжаттарды тапсыру үшін тіркеуден өтіп, талапкердің сауалнамасын толтыруыңызды сұраймыз.

Назарбаев Университетінің магистрлік бағдарламаларына құжаттарды қабылдау мәселелері бойынша мына мекен жайға хабарласуыңызды сұраймыз:

Жоғары мектептерге қабылдау департаменті

Tел. 8(7172)706623, 709054, 706568 және 706143

graduate@nu.edu.kz

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53