
НУ тау-кен саласында жапон университеттерімен ынтымақтастық орнатуға ниетті
Жапон делегациясы Назарбаев университетінің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебіне келіп, тау-кен ісі және геология саласындағы білім беру бағдарламаларын және Жапон университеттерімен болашақ ғылыми-техникалық ынтымақтастықты талқылады. Кездесу барысында JICA өкілі доктор Йошитака Хосои JICA-ның тау-кен өнеркәсібіндегі қызметі, жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы, сондай-ақ НУ Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебімен ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы айтып берді.








