
Мектеп мұғалімдеріне – біліктілікті арттыру бағдарламасын бітірушілерге сертификаттар тапсырудың салтанатты рәсімі
2013 жылы 11 желтоқсанда Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінде еліміздің мектеп мұғалімдеріне – біліктілікті арттыру бағдарламасын бітірушілерге сертификаттар тапсырудың салтанатты рәсімі болды. Біліктілікті арттырудың жартыжылдық бағдарламасы барысында республикамыздың әр өңірінен келген 75 мұғалім оқытудың тиімді әдістемелері мен білім берудің жаңа технологиялары бойынша оқыды.








