
НУ Профессоры Ессам Шехаб отандық аэроғарыш өкілдерін сала мамандарын бірлесіп дайындауға шақырды.
7 қазан күні Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіндегі «Механикалық және аэроғарыштық инженерия» кафедрасының меңгерушісі Эссам Шехаб бірқатар профессор және студенттерімен бірге «Дүниежүзілік ғарыш апталығы: ғарыштық технологиялар және патенттер» атты кездесуге қатысты. Бұл шара жыл сайын 4-10 қазан аралығында аталып өтетін Дүниежүзілік ғарыш апталығы аясында ұйымдастырылды.








