
Академиялық кітапханалардың 11-ші Еуразиялық конференциясы Назарбаев Университетінде өтеді.
2022 жылы қазанның 27-28 күндері аралығында Назарбаев Университетінде «Білімге және кітапханаға ашық қолжетімділік: жетістіктер мен үрдістер» атты академиялық кітапханалардың 11-ші Еуразиялық конференциясы өткізіледі. Конференцияны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы, Назарбаев Университеті кітапханасы.








