
NU және Ғылым академиясы ынтымақтастықты нығайтуға шешті
«Назарбаев Университеті мен Ұлттық ғылым академиясы елдің ғылыми әлеуетін арттыру үшін ынтымақтастықты нығайтуы керек», — деді доктор Күнсұлу Закарья NU-ға сапары барысында. Сапардың мақсаты – еліміздегі және Орталық Азиядағы жетекші ғылыми-зерттеу университетінің қызметімен, зертханаларымен, жас қазақстандық ғалымдардың жобаларымен танысу, сондай-ақ тау-кен ісі саласында ынтымақтастық орнату болды.








