Vi-ORTIS – бұл фармацевтикалық нарықтың жай-күйі мен оның трендтері туралы өзекті деректерді 20 жылдан бері ұсынып келе жатқан алғашқы отандық компания, ол сондай-ақ фармацевтикалық сектордағы ғылыми жобаларға қолдау көрсетеді, өз деректерін білім беру бағдарламалары және түрлі кейстермен үйлестіреді, студенттерді нақты нарықтық міндеттерді шешуге дайындайды. Меморандум денсаулық сақтау саласы мамандарының біліктілігін арттыру үшін ғылыми, білім беру және технологиялық әлеуетті интеграциялауды, атап айтқанда, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен білім беру процесі мен практикалық қызметке озық шешімдерді енгізу бойынша бірлескен жобаларды, тәжірибе алмасу және кәсіби байланыстарды нығайту үшін конференциялар, мастер-кластар, семинарлар, форумдар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруды көздейді, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын жақсарту және студенттерді фармацевтикалық нарықтың нақты мәселелерін шешуге дайындау үшін VI-ORTIS аналитикалық құралдарын пайдалануға үйретеді.