
NU АХҚО сотпен және төрелік орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды
Меморандум шеңберінде тараптар кәсіби даму және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша бірлескен жобалар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, тренингтер мен симпозиумдар ұйымдастыратын болады, онда NU және АХҚО өкілдері кәсіби пікірімен бөлісіп, жаттықтырушы ретінде әрекет ететін болады. Сондай-ақ, тараптар бір-бірінің жобаларына сарапшы ретінде қатыса алады немесе ортақ жобаларды іске асыру мақсатында бірлескен жұмыс топтарын құра алады.








