Құжаттарды қалай тапсыру керек?

Докторантура

Қолданбалы докторантура

Барлық бағдарламар тізімі

Бағдарламаңызды табыңыз

NU-де сіз армандарыңызға қол жеткізіп, дағдыларыңызды дамытып, әлемдік деңгейдегі жоғары сапалы академиялық бағдарламаларымыз арқылы мақсаттарыңызды жүзеге асыра аласыз.

Қабылдау талаптары

Мемлекеттік басқару докторы

Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлерге мына талаптар қойылады:

1

Бірінші дәрежелі үздік немесе жоғары екінші дәрежелі (немесе баламасы) не болмаса магистр дәрежесі немесе баламасы (2-цикл)

Бакалавр және/немесе магистр дәрежесі бойынша CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) 4.00-ден кем дегенде 2.75 болуы тиіс;
Онлайн тіркелу кезеңінде магистратура бағдарламасының соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады.

2

Ағылшын тілін меңгеру деңгейі

1. IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы.
TOEFL iBT Home Edition, TOEFL PDT, IELTS Online және IELTS Indicator нәтижелері қарастырылмайды;
2. Бағдарламаға түсетін үміткерлер мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

  • үміткер академиялық дәрежесін ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас және оқыту тілі болып табылатын елде алған жағдайда;
  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда;

3

Жұмыс өтілі

Мемлекеттік басқару докторы бағдарламасы үшін сегіз жылдық жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бес жыл мемлекеттік секторда басшылық қызметте болу керек. Егер үміткер жоғары академиялық үлгерім көрсете алса, Қабылдау комиссиясының қалауы бойынша жұмыс тәжербиесі аз үміткерлер де қарастырылуы мүмкін.

4

Талдау және математикалық қабілеттіліктері

Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE немесе GMAT тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (болғаны абзал).

5

Негіздеме хаты

Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық.

6

Ғылыми негіздеме

Үміткердің бағдарламада жалғастырғысы келетін зерттеу тақырыбы сипатталатын зерттеу пәнінің ғылыми негіздемесі (2000 сөз).

7

Ұсыным хаты

Соңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным хат (ұсыным беретін тұлғалар электрондық немесе қағаз түрінде ұсынады).

8

Түйіндеме

1 беттен аспайтын түйіндеме.

Толық ақпарат

Іскерлік әкімшілендіру бойынша докторантура

 

1

Бакалавр және магистр дәрежелері (немесе баламалары)

Онлайн тіркелу кезеңінде магистратура бағдарламасының соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады;
Магистр дәрежесі бойынша CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) 4.00-ден кем дегенде 2.50 болуы тиіс;

2

Ағылшын тілін меңгеру деңгейі

1. IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.0 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы.
TOEFL iBT Home Edition, TOEFL PDT, IELTS Online және IELTS Indicator нәтижелері қарастырылмайды;
2. Бағдарламаға түсетін үміткерлер мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

  • үміткер академиялық дәрежесін ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас және оқыту тілі болып табылатын елде алған жағдайда;
  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.

3

Жоғары оқу, аналитикалық және математикалық дағдылар

Қолданыстағы ALEKS/ GMAT/ GRE тестінің расталған нәтижелері

4

Негіздеме хаты

Негіздеме хатында бағдарламаға жоғары мотивация мен үлкен қызығушылықты көрсету

5

Ғылыми негіздеме

Жазбаша зерттеу жоспарында тиісті ғылыми қызығушылық пен зерттеу пәні туралы білімді көрсету

6

Ұсыным-хаты

Соңғы 2 жыл ішінде жазылған екі құпия ұсыным хаттары (ұсыным беретін тұлғалар электрондық немесе қағаз түрінде ұсынады). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.

7

Түйіндеме

1 беттен аспайтыну

8

Жұмыс өтілін растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі.

 

Басшылық лауазымдарда кемінде 5 (бес) жылдық жинақталған жұмыс тәжірибесі.

Толық ақпарат

Маңызды мерзімдер

Қолданбалы докторантура

«Іскерлік әкімшілендіру бойынша докторантура» мен «Мемлекеттік басқару докторы» бағдарламалары үшін: қабылдау мерзімдері жыл бойы ашық, өтінімді кез келген уақытта тапсыруға болады.

Оқу ақысы

Мемлекеттік басқару докторы бағдарламасы үшін оқу ақысы бір оқу жылына 9 198 000 теңге.
Оқу ақысы туралы толығырақ білу үшін bursars_office@nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.

Өмір сүру құны

Хабарландырулар

Жиі қойылатын сұрақтар

Жоқ. Барлық магистратура және докторантура бағдарламалары ағылшын тілінде оқытылады. Тек Басшыларға арналған МВА бағдарламасы ағылшын тілінде оқытылғанымен, сабақ барысында орыс тіліне ілеспе аударма қолданылады.

Nazarbayev University-ге түсу үшін кешенді тестілеу нәтижелері қарастырылмайды.

Барлық бағдарламалар, егер бұрын түсуші ағылшын тілінде оқымаған болса, стандартталған ағылшын тілін білу тестін (IELTS/TOEFL) тапсыруды талап етеді.

Жалпы, жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға түсу үшін тиісті бағдарламаның Қабылдау комиссиясы өтінімнің барлық элементтерін назарға ала отырып, түсушінің құжаттар топтамасын қарайды:

  • мотивациялық хат, онда сіз белгілі бір мамандыққа түсу себептерін және сіздің дамуыңыз үшін осы таңдаудың салдарын ашасыз;
  • таңдалған мамандыққа қатысты пәндер бойынша транскрипт және бағалар;
  • алдыңғы тәжірибелер мен жетістіктерді көрсететін ұсыныс хаттар;
  • қабылдау комиссиясымен сұхбат нәтижелері.

Жоғарыда айтылғандардан басқа кейбір бағдарламаларға GRE, GMAT, ALEKS емтихандар нәтижелері, жұмыс тәжірибесі қажет. Медицина мектебінің бағдарламаларына қойылатын талаптарда ерекше емтихандар бар.

Магистратура бағдарламалары бойынша өтінім беру мерзімдері: Магистратура бағдарламаларға құжаттарды қабылдау мерзімдерімен танысу үшін сілтеме бойынша өту керек.

Докторантура бағдарламалары бойынша өтінім беру мерзімі: Докторантура бағдарламаларға құжаттарды қабылдау мерзімдерімен танысу үшін сілтеме бойынша өту керек.

Сұхбат онлайн немесе офлайн түрінде ағылшын тілінде өтеді және 15 минут немесе одан да көп уақытқа созылады.

Әрбір Қабылдау комиссиясы бағалаудың өзіндік әдістемесін әзірлейді, сондықтан сұрақтар бағдарламаға байланысты өзгеруі мүмкін. Сұхбатта университеттің Қабылдау комиссиясының мүшелері келесілерді тексеру үшін сұрақтар қоя алады:

  • Сіздің академиялық тұрғыдан дайындық  деңгейіңіз. Сіз оқу бағдарламаңызды сәтті аяқтай алу және таңдаған оқу бағдарламаңыздың академиялық талаптарын орындай алу мүмкіндігіңіз.
  • Бәсекеге қабілеттілік. Қабылдау комиссиясының мүшелері Сіздің басқа үміткерлермен бәсекелесу қабілетіңізді бағалайды.
  • Сіздің басымдықтарыңыз. Көбінесе оқуға түсушілер бір уақытта бірнеше оқу орындарына немесе бағдарламаларға құжаттарды тапсырады. Қабылдау комиссиясы қай университетке немесе бағдарламаға артықшылық бергіңіз келетінін сұрауы мүмкін. Сондай-ақ, сұрақтар пәндік саланы білуге және Сіздің өтініміңізде ұсынылған ақпаратты ашуға қатысты болуы мүмкін.
  • Сіз университеттің дамуына өз үлесіңізді қоса аласыз ба? Студенттердің Университет өміріне белсенді қатысуы және оның дамуына барынша үлес қосуы өте маңызды.
  • Әлеуеті. Қабылдау комиссиясы Сіз болашақта жақсы студент боласыз ба, таңдалған мамандыққа деген қызығушылығыңызды жоғалтпайсыз ба және Сізді оқуда жетістікке жетуге не итермелейтінін білу маңызды.

Көріп отырғаныңыздай, сұхбаттағы тақырыптар Сіздің мотивациялық жазбаңызбен тығыз байланыста.

  1. Магистратура немесе докторантура бағдарламасын таңдау қажет. Сіз бір уақытта екі магистратура және/немесе докторантура бағдарламасына құжат тапсыра аласыз. Екі бағдарламаға да оқуға түскен жағдайда, үміткерге біреуін таңдау қажет.
  2. Бағдарламаға оқуға түсу талаптарын мұқият оқу және онлайн өтінім беруге құжаттарды дайындау. 
  3. Порталда таңдалған бағдарламаның белгілеген мерзімінде онлайн тіркелу және барлық құжаттарды жүктеу.
  4. Шақырылған жағдайда, Қабылдау комиссиясымен сұхбаттасудан сәтті өту. Сұхбаттасу ағылшын тілінде өтеді. 
  5. Сәтті қабылдау үшін бағдарлау аптасынан өтіп, сіз оқыған мектеппен келісімшартқа отыру керек.
Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53

Редактирование