барлық жаңалықтар
3 сәуір 2025 Оқиғалар#NUstudents

Public Talks: жастар бизнесін дамыту

Public Talks: жастар бизнесін дамыту

3 сәуір 2025

Осы мақаламен бөлісіңіз

Студенттер Республикалық жас кәсіпкерлер лигасымен бірлесіп, жастар бизнесін дамыту мәселелері бойынша Public Talks форматында ашық пікірталас ұйымдастырды.

Іс-шараны «NU Business Club» студенттік ұйымы ұйымдастырды. Республикалық жас кәсіпкерлер лигасы – бұл жаңа тәуелсіз платформа, NU-мен бірлестікте Қазақстанның жас кәсіпкерлерін біріктіріп, оларға қолдау көрсетуге арналған.

Шараға 1300 қатысушы жиналды, олардың қатарында студенттер, кәсіпкерлер, инвесторлар, сарапшылар, мемлекеттік сектор өкілдері бар. Талқылау барысында спикерлер жас бизнес бастаушылар алдында кездесетін негізгі сын-қатерлерге тоқталды.

«Republican League of Young Entrepreneurs төрағасы Мерхат Жылқыбаев іс-шараны ашып, бірінші кезекте ұйымды таныстырып, оның мақсаттары туралы айтып берді.

«Лига – бұл жас кәсіпкерлер қолдау ала алатын, тәжірибе алмасатын және мемлекетпен диалог құра алатын алаң. Біз бизнестің нақты мәселелерін шешуге, әкімшілік кедергілерді азайтуға және дамуға жаңа мүмкіндіктер ашуға көмектесеміз», — деді ол.

Лига жұмысы стартаптар мен шағын бизнеске қолдау көрсетуге, білім беру бағдарламалары мен тәлімгерлік жүргізуге, кәсіпкерлік қоғамдастықты қалыптастыруға, жас бизнес проблемаларын талдауға және бастамаларды ілгерілетуге, халықаралық байланыстарды дамытуға және қазақстандық жобалардың жаңа нарықтарға шығуын қамтамасыз етуге бағытталған.

ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл хатшылығының меңгерушісі Йылмаз Сафарауыл Лига мен мемлекеттік құрылымдарды бірлесіп зерттеу бастамасын ұсынды.

«Біз жас бизнестің даму жолында қандай кедергілер бар екенін егжей-тегжейлі қарастырамыз, — деді ол. – Бұл жай ғана деректерді жинау емес: жұмыс қорытындысы бойынша неғұрлым ыңғайлы бизнес-ортаны қалыптастыруға көмектесетін нақты ұсыныстары бар талдамалық қорытынды дайындалады».

Public Talks жас кәсіпкерлер экономикалық өсім драйверлерінің бірі екенін растады. Алайда олардың табысты дамуы үшін қолдау, инвестицияларға қолжетімділік және мемлекетпен өзара іс-қимылдың жұмыс істейтін тетіктері қажет.

 

 

Ұқсас жаңалықтар