
8 желтоқсан 2024
Осы мақаламен бөлісіңіз2024 жылғы 2-6 желтоқсан аралығында Nazarbayev University-де (NU) Еуразиялық академиялық кітапханалар тренингі өтті.
Іс-шараны «Қазақстан Республикасы ЖОО-лары кітапханалары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен NU кітапханасы ұйымдастырды.
Тренинг өткен жылдары сәтті өткізілген Кітапханалық технологиялар мектебі бағдарламасының жетілдірілген және кеңейтілген нұсқасы болды. Биыл іс-шараның негізгі тақырыбы «Біліктілікті арттыру және кәсіби даму арқылы кітапханалардың тиімділігін жақсарту» болды.
Тренингке университет кітапханаларының қызметкерлерін, сондай-ақ облыстық және аудандық кітапханалардың өкілдерін қоса алғанда, Қазақстанның түкпір-түкпірінен 50 маман жиналды. Қатысушылар арасында Haileybury Astana School, Kazakh British Technical University, Suleyman Demirel University, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және т.б. ұйымдардың кітапханашылары болды.
«Әлеуетті дамытуға бағытталған бұл бастама кітапханашыларға өз мекемелерінде маңызды өзгерістер мен инновацияларды енгізу кезінде қолдана алатын білім, дағдылар мен сараптама ұсынады. Бұл, өз кезегінде, кітапханашылар мен кітапханаларға әртүрлі технологиялық инновациялар мен бағдарламалар арқылы өзінің қоғамдағы маңызын көрсетуге көмектеседі. Кітапханалар мен кітапханашылар өздерінің білімдері мен дағдыларын жаңа және перспективалы технологиялармен ұштастыра отырып, қоғамның көзқарастары мен дамуына ықпал ететін маңызды және белсенді серіктес ретіндегі рөлін қайта қарастыруы керек», — дейді тренинг туралы NU кітапханасының директоры Джеральд Кавана.
Бес күндік тренинг барысында қатысушылар көпшілік алдында сөйлеу, ғалымдардың зерттеу жұмыстарына көмектесу, электрондық ресурстарды басқару, жасанды интеллектпен жұмыс істеу, кітапхана қызметтеріне маркетинг жасау және басқа да тақырыптарды қоса алғанда, әртүрлі дағдыларды меңгерді. Негізгі сессиялардан басқа, кітапханашылар Wiley және Elsevier сияқты жетекші халықаралық онлайн-платформалар өткізген тренингтерге қатысуға мүмкіндік алды. Бағдарлама аясында университет пен NURIS цифрлық және креативті технологиялар зертханасына экскурсия ұйымдастырылды. Әр күннің соңында дөңгелек үстел өтіп, онда қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, кітапхана саласындағы өзекті мәселелерді талқылай алды.
16 шілде 2025
Оқиғалар14 шілде 2025
Ғылым14 шілде 2025
Оқиғалар#NUnews16 шілде 2025
Оқиғалар14 шілде 2025
Ғылым14 шілде 2025
Оқиғалар#NUnews