2023 жылғы «Ақ халаттар» рәсімі

Назарбаев Университетінің Медицина мектебі 2023 жылғы 5 тамызда өткен «Ақ халаттар» атты маңызды рәсімде медициналық студенттердің жаңа тобын, 2027 жылғы болашақ түлектерді мақтанышпен қарсы алды. Іс-шараға «University Medical Center» корпоративтік қорының Басқарма төрағасы доктор Пя Юрий Владимирович және «Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығы» ҰАҚ-ның Басқарма төрайымы, доктор Махаббат Сансызбайқызы Бекбосынова қатысты.

Назарбаев Университетінің Медицина мектебі 2023 жылғы 5 тамызда өткен «Ақ халаттар» атты маңызды рәсімде медициналық студенттердің жаңа тобын, 2027 жылғы болашақ түлектерді мақтанышпен қарсы алды.

Іс-шараға «University Medical Center» корпоративтік қорының Басқарма төрағасы доктор Пя Юрий Владимирович және «Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығы» ҰАҚ-ның Басқарма төрайымы, доктор Махаббат Сансызбайқызы Бекбосынова қатысты. Олар студенттерді шын жүректен құттықтап, олардың оқу және тәжірибелік жолдарында табысқа, және нәтижелерге жетулеріне тілектестік білдірді.

«Біз Назарбаев Университеті Медицина мектебінің 2027 жылғы түлектерін қарсы алғанымызды мақтанышпен айтамыз. Бұл «Ақ халаттар» рәсімі олардың медициналық білімінің басталуын атап өтіп қана қоймай, өз мансабында басшылыққа алатын жанашырлық, біліктілік және пациентке деген қамқорлық сияқты құндылықтарға баса назар аудартады», — деді Назарбаев Университетінің Медицина жөніндегі вице-президенті – Медицина мектебінің деканы, доктор Массимо Пиньятелли.

«Ақ халаттар» салтанатты рәсімі – медициналық мамандықта жауапкершілік пен адалдыққа баулитын құрметті дәстүр. Студенттер ақ халаттарын алып, болашақ медициналық мамандар ретіндегі рөлін мойындап, өздерінің Қазақстанға және жаһандық медицина саласына зор үлес қоса алатындарын білдірді.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53