Назарбаев университетінде профессор Жұмабай Бәкенов литий-иондық аккумуляторлардың беріктігін арттыру, аккумуляторларға шикізатты өңдеудің озық әдістері, оларды кәдеге жаратудың тиімді технологиялары бойынша зерттеулер жүргізеді. Оның жұмысында кездесетін мәселелердің бірі – Қазақстанда өндірілетін никель шикізатына қолжетімділіктің жоқтығы. Оның айтуынша, еліміздегі барлық никельді жеке компания өндіреді, тіпті сараптамаға сынама да бермейді. Мәселенің ауқымы туралы Baigenews-ке берген сұхбатынан біле аласыздар.








