UMC қатерлі ісік ауруын жеңген балаларға арналған Чемпиондар ойындарын ұйымдастырды

Ойындар онкогематологиялық аурулардан ремиссияға шыққан және ағза трансплантациясы жасалғанына бір жылдан аса уақыт өткен пациенттер үшін арнайы ұйымдастырылды. UMC клиникасында мұндай балалар чемпион деп аталады.

Ойындар онкогематологиялық аурулардан ремиссияға шыққан және ағза трансплантациясы жасалғанына бір жылдан аса уақыт өткен пациенттер үшін арнайы ұйымдастырылды. UMC клиникасында мұндай балалар чемпион деп аталады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 4400-ден астам бала қатерлі ісікке шалдыққан, олардың көпшілігі жіті лейкозбен ауырған. Елде көптеген инновациялық емдеу әдістері қолданылады, соның ішінде 2012 жылдан бері UMC-де жүргізілген кемік майын аллогенді трансплантациялау.

UMC-дағы Ана мен бала орталығы 2012 жылдан бері 146 бүйрек ауыстыру және 15 бауыр трансплантация операциясын жасады, деп жазады DKNews.kz.

Чемпиондардың ойындары, ең алдымен, ауыр ауруға тап болған балалар мен олардың ата-аналарын қолдауға бағытталған. Спорт фестивальдің мақсаты әртүрлі ауыр аурулар туралы хабардарлықты арттыру және ата-аналар мен балаларға ұқсас адамдарды табуға арналған орын беру болды.

Балалар «асық ату», «тоғызқұмалақ», жүгіру (60м), үстел теннисі, ату (10м пневматикалық мылтық), мини-футбол, шахмат (Швейцарлық жүйесі бойынша), боулинг, бадминтон, жүзу сияқты спорт түрлері бойынша жарасты. Балаларды төрешілер мен жаттықтырушылар ретінде қолдауға боксшы Серик Сәпиев және басқа атақты адамдар меy танымал спортшылар келді.

University Medical Center Назарбаев Университетінің біріктірілген академиялық денсаулық сақтау жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Жүйенің мақсаты клиникалық, білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін біріктіру арқылы Қазақстанның денсаулық сақтауын алға жылжыту болып табылады.

Фотолар: DKNews.kz

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53