НУ түлектеріне арналған бірінші вокшоп өтті

НУ түлектеріне арналған бірінші воркшоп 18 маусымда Нұр-Сұлтанда және 25 маусымда Алматыда өтті. Түлектер өздерінің альма-матерлеріне баруға, группаластарымен кездесуге, НУ басшылығынан университеттің ілгерілеуі туралымаңызды ақпарат алуға және Jusan Bank спикерлерінің, сала жетекшілерінің және NURIS кластері басшылығының баяндамаларын тыңдауға мүмкіндік алды.

НУ түлектеріне арналған бірінші воркшоп 18 маусымда Нұр-Сұлтанда және 25 маусымда Алматыда өтті. Түлектер өздерінің альма-матерлеріне баруға, группаластарымен кездесуге, НУ басшылығынан университеттің ілгерілеуі туралымаңызды ақпарат алуға және Jusan Bank спикерлерінің, сала жетекшілерінің және NURIS кластері басшылығының баяндамаларын тыңдауға мүмкіндік алды.

Президент Шигео Катсу, провост Илесанми Адесида, Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Вице-президент Қадиша Даирова және медицина жөніндегі Вице-президент Массимо Пиньятелли Университеттің стратегиялық даму, зерттеулер, медицина, студенттік қызметтер мен инновациялар саласындағы прогресі туралы негізгі жаңалықтарды айтты.

Шигео Катсу шақырылған воркшоптың қонағы — Jusan bank Басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосовты таныстырды. Ол банктің Қазақстандағы адами капиталды дамытудағы миссиясы туралы қысқаша айтып берді. Трансформация Кеңсесінің кеңесшісі Әнуар Аманжолов, бизнес-акселератордың директоры Анарбек Өтеғұлов және бизнес-инкубатордың директоры Асылжан Упашева НУ-дағы инновациялар туралы айтып берді. Осыдан кейін Q&A сессиясы өтті, онда НУ түлектері спикерлерге сұрақтар қоя алды.

Күннің екінші бөлігінде НУ түлектері екі түрлі сессияның бірін таңдауға мүмкіндік алды. Проректор Илесанми Адесида және Jusan bank Басқарма Төрағасының кеңесшісі Қуат Домбай воркшоп барысында фандрайзинг принциптерін талқылады. «Еуразиялық адамдарды басқару орталығы» консалтингтік компаниясының Бас директоры Ербол Исмаилов және «Интерфакс Қазақстан» ақпараттық агенттігі баспасөз орталығының директоры Жандос Зейнешев «Дағдарыстық коммуникациялар модельдерін» ұсынды және түлектерді дағдарысқа қарсы коммуникацияларды тиімді құруды үйретті.

«Көптеген түлектер NU-ды әр түрлі жылдары бітіргенімен, біз әрқашан NU түлектері болып қаламыз. Түлектерді альма-матердегі барлық өзгерістер туралы хабардар ету және түлектермен және университетпен байланыста болу маңызды. Сондықтан NU CAC, Университет басшылығы, NU Alumni қауымдастығы осындай кездесулерді ұйымдастырады. Жақында одан да керемет жобалар болады!»- деп бөлісті NU Alumni президенті Мәди Ханафия.

Воркшопқа НУ-дың барлық бағдарламалары мен мектептерінің түлектері қатыса алды және 140-қа жуық қатысушы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы семинарға қатысты. «НУ өз студенттерін, түлектерін қалдырмайды. Университетті бітіріп, оның қабырғаларынан шықсаңыз да, Университет тек оның ғимараты ғана емемс. Бұл- Университеттің рухы. Тіпті Алматыдағы осы кездесуде әуеде НУ атмосферасы орнады: идеялар, ойлар, ұшқындар, энергия, болашақ», — деп бөлісті NU GSPPтүлегі Алпамыс Асабаев.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53